Жобаны таныстыру. Музыка, 6 сынып, презентация.
2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті
Жобаны таныстыру
Оқу мақсаты:
6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу,
6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану
Сабақ мақсаттары
Тілдік терминологияны қолдана отырып, шығармашылық жұмысты қорғайды;
Өзінің және өзге топтардың шығармашылық жұмыстарын бағалайды;
Дауыс пен музыкалық аспаптарды қолдана отырып, музыка орындайды
Бағалау критерийлері
Тілдік терминологияны қолдана отырып, музыкалық композицияны қорғайды;
Дауыс пен музыкалық аспаптарды қолданады;
шығармашылық жұмыстарды бағалайды
Тапсырма.Сыныпта талқылау.
Алдыңғы сабақта бастаған шығармашылық жоба жұмысын дайындау.
1-топ - «Гарри Потер»
2 - топ - «Алдар көсе»
3 - топ - «Буратино»
4 –топ - «Шрек»
Таңдап алған ертегі негізінде жасаған мюзиклдерімізді таныстырамыз.
Орындау барысында музыкалық аспаптар, сүйемелдеу үшін музыкалық жазбалар, безендіруге арналған құралдар және компьютерлік бағдарламалар (Audacity, Soundation), т.б. қолданыңыз.
Тапсырма. Презентация. Көрсетілім.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Топта өз рөліңізді қалай бөлдіңіз?
Ертегінің қай бөлімін көрсетесіз?
Шығармашылық жобаға қандай әндер алдыңыз?
Шығармашылық жоба дайындауда не үйрендіңіз?
Сіздің дайындықта не сәтті орындалды деп ойлайсыз?
Жұмыс барысында қандай ресурс қолдандыңыз?
Тапсырма. Бағалау.
Музыкалық көрсетілімді топта бағалаңыз.
Бағалау критерийлері:
Топтық жұмыс;
Ән орындау барысында ансамбльдік ережені ұстау;
Музыка мен сюжеттің сәйкестігі;
Шығармашылық шешім.
Өзін-өзі бағалау ұйымдастыру.
Рефлексия
Жұмыс барысында не оңай болды?
Не қиын болды?
Тағы немен жұмыс жасау керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?