Музыка әлемі. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


8-бөлім: Болашаққа сапар

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка әлемі (1 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау;

4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу;

4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы әндерді орындау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- берілген тақырып бойынша музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды;

- өз жұмысын көрсетіп, бағалайды;

- А.Ермоловтың музыкасына жазылған «Гимн Музыке» әнің үйренеді және орындайды.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- музыкалық-шығармашылық жұмысты жасайды;

- өз жұмысын көрсетеді;

- өз жұмысын бағалайды;

- көркем образды аша отырып әнді орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

- музыка;

- музыканың стилі;

- музыканың бағыттары;

- музыканың жанрлары.

Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка дегеніміз не?
  • Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
  • Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?
  • Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

 Құндылықтар

 

Адалдық. Әрқайсысымен адал болу, өз қателіктерін анықтап, түзету.

 Пәнаралық байланыстар

Музыка, тарих.

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісі арқылы ақпарат іздейді.

АҚТ аудио, видео ресурстарды қолдану кезінде.

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімде оқушылар рок-музыка жанрымен танысты, «ғарыш» музыкасы тақырыбында орындайтын рок-группалар мен рок-музыканттардың шығармашылығы туралы білім алды, электрондық музыкалық аспаптардың дыбысын тыңдады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

1-тапсырма. Талқылау

Бейнеролик көріңіз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

-Музыка дегеніміз не?

-Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?

-Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?

-Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңысу.

Синтезатор.

Таныстырылым.

Заманауи музыканың стилі мен бағыты https://www.rutvet.ru/in-stili-i-napravleniya-sovremennoy-muzyki-8266.html

Сабақтың ортасы

12 минут

5 минут

8 минут

2-тапсырма. Ақпарат іздеу

Музыканың стильдері, бағыттары, жанрларының заманауи бағыттары туралы ақпарат табыңыз.

Постер дайындап, оны берілген тақырып бойынша қорғаңыз:

  • топ - Халық музыкасының стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
  • топ - Классикалық музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары;
  • топ - Поп-музыканың стильдері мен бағыттары, ерекшеліктері, музыкалық аспаптары.

3-тапсырма. Презентация және бағалау.

Өз жұмысыңызды көрсетіп және критерийлер бойынша бағалаңыз:

  • тақырыпқа сай;
  • шығармашылық көзқарас;
  • ұйымшылдық.

4-тапсырма. Жаттау және орындау

«Гимн Музыке» музыкасы А.Ермоловтікі, сөзі С.Парняниндікі әнін тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Өлеңде не туралы айтылып жатыр?
  • Әуеннің сипаты қандай?
  • Әннің жанры қандай? Неліктен?

Әнді жаттаңыз. Ән айту ережелерін сақтаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Әннің көркемдік бейнесін жеткізе алдыңыз ба?
  • Орындауды жақсарту үшін не істеу керек?

Ресурстар:

Түрлі түсті қарандаш, фломастер А3 қағазы, желім.

Ән «Гимн Музыке» сөзі С.Парняниндікі, музыка А.Ермоловтікі.

https://www.youtube.com/watch?v=RF3HpoVrx5E

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік?

- Орындауда не жақсы шықты?

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды?

- Тағы нені жақсартуға болады.

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге?

Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

№ 2 тапсырма. Бұл тапсырманы орындаған кезде, қабілетті оқушылар оқыған ақпарат туралы барлық сыныпты айта алады және сұрақтар құра алады, ал әлдеқайда қабілетті оқушылар мұғалімнің дайындаған ақпаратты бойынша айтуы мүмкін.

№ 4 тапсырма.

Ән орындау барысында қабілетті оқушылар барлық әнді орындайды, ал әлдеқайда қабілетті оқушылар қайырмасын орындайды.

- алдын ала оқыту білімін қолдау;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- сұрақтар арқылы;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану.

Қауіпсіздік техникасының сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу