«Отан – Ана». Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бекітілді: _______________

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Е.С.Пайзов

« »______________2019ж

Келісілді: _____________

Мұнайлы ауданы

№ 3 ЖББОМ директоры

Ж.А.Байназарова

« »_______________2019ж

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.6.Құндылықтар

Мектеп: ЖББОМ №3 және Ақтау қаласы НЗМ

Мұғалім аты-жөні: Қабылова Д. Ахметова З.Е.

Күні: 11.10.2019ж

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы

«Отан Ана»

Оқу мақсаттары

4.1.3.5 – орындау тәсілдеріне қарай музыкалық аспаптардың тобын ажырату

4.1.1.1- музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен, әуеннің жанрын, көркемдік образдарын анықтау және салыстыру;

Сабақ мақсаттары

  • Ертегіні оқулықтан оқып, Отан – Ана туралы түсінеді;
  • Оркестрдің орындауында күй тыңдап, оркестр түрлерін ажыратады;
  • Музыкалық аспаптарды қолданып әнді бірге орындау.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Ертегіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
  • Оркестрдің орындауында күй тыңдап, екпінін, көңіл-күйін динамикасын түрлерін анықтайды;
  • халық және симфониялық оркестрлерді тыңдап, аспаптарды топтастырады;
  • ұрмалы,ішекті аспаптарды қолданып, үш топ күйдің ырғағын соғып сүйемелдеу жасайды.

Тілдік

мақсаттар

 

Оқушылар:

  • қажетті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;
  • өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай алады.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

  • оркестр түрлері: халық, симфониялық;
  • музыкалық көркемдеуші құралдар: әуен, ырғақ, күй, екпін,

Құндылықтарды

дарыту

Отанды сүюге, ұлттық музыкамызды құрметтеуге дарыту.

Топтық жұмыстарға белсене қатысу, топта барлық оқушылардың жұмыс істеуін қадағалау арқылы оқушылардың ынтымақтастықтарын дамыту.

Көп ұлтты мемлекеттің бір мүшесімін деген ұғымды түсіндіру арқылы Мультикультурализм құндылығын дамыту.

Пәнаралық

байланыстар

АҚТ аудио, видео ресурстарды қолдану кезінде.

Қазақ әдебиеті.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтарда меңгерілген білім, білік, дағдылар осы сабақта қайталанып, жалғасын табады..

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

7 минут

5 минут

Оқушыларды Құрманғазының «Адай» күйімен қарсы алу. Музыкалық аспаптар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

1 топ:Үрмелі аспаптар тобы

2 топ:Ұрмалы аспаптар тобы

3 топ: Ішекті аспаптар тобы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындау. Сөз жұмбақты шешу:

Қ

О

Б

Ы

З

Ш

Е

Р

Т

Е

Р

Д

О

М

Б

Ы

Р

А

С

А

Қ

П

А

Н

-

Д

А

Б

Ы

Л

Ж

Е

Т

І

Г

Е

Н

Қ

О

Ң

Ы

Р

А

У

«Отан –Ана» тақырыбы шығады.

2.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

1тапсырма. А Сейдімбектің «Әйел – Ана» ертегісін оқу топқа бөлініп және түсінгенін айту.

(видео, фотолар қарау)

Әрбір ана үшін баласы - қымбат,әрбір адам үшін Отаны - қымбат. Осындай адамға ғана тән махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдер құндылық деп аталады. Құндылық - бұл ұғым яғни қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қымбаттылығы. Басты құндылықтар: Отан, отбасы,ана тілі,рәміздер т.б.

Отан және Ана туралы мақал –мәтелдер, қанатты сөздер айту.

- Отан - деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • Өз Отаныңды қалай суреттейсіздер?
  • Ана деген ұғымды қалай түсінесіздер?

2 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

1 топ:Құрманғазы оркестрінің орындауында «Сарыарқа» музыкалық шығармасын тыңдау.

1)Қандай музыкалық аспаптар сіздерге таныс?(домбыра, қобыз, жетіген, шертер, дабыл, дауылпаз, сақпан, сыбызғы, саз сырнай, аса таяқ, қоңырау т.с.с)

2)Бұл аспаптарды бір сөзбен қалау айтуға болады? (оркестр )

3)Күй нені суреттейді»? (қазақтың кең даласын, әсем табиғатын т.б.)

2 топ:Симфониялық оркестрдің орындауында «Біржан – Сара» операсынан М. Төлебаевтың «Мерекелік күй» шығармасын тыңдау. Музыкалық шығарма тыңдап, оркестрдегі аспаптарды жіктеп талдаймыз.

1)Қандай оркестр? (симфониялық)

2)Оркестрде қандай аспаптар бар? (скрипка, виолончел, контрабас, флейта, гобой, валторна,труба, туба т.с.с)

3) симфониялық шығарма нені суреттейді? (Қазақ даласындағы мерекені, шаттықты т.б)

3 топ:

1)Екі оркестрдегі ұқсастықтарын тап (екеуі де бірнеше музыканттардан құрылған оркестр, екеуінде дирижер басқарады)

2) Екі оркестрдің айырмашылығын тап (Екі оркестрдің музыкалық аспаптары ұқсамайды.

3 тапсырма. Аспаптық музыка «Отаным» әнін орындап, талдау.

Отан менің ата-анам,

Отан досым бауырым.

Отан өлкем астанам,

Отан туған ауылым.

Бақыт елі бұл -Отан,

Бәріне мен иемін.

Біздің Отан ұлы - Отан,

Ұлы Отанды сүйемін

Ән айту

«Көк тудың желбірегені»

Өлеңі: А Ахметбекұлы Әні: Е.Зейітхан

Көк тудың желбірегені —Қазақтың асқақ беделі.Махаббат, қайрат екеулеп,Шымырлатқаны денені.

Қайырмасы:

Көк тудың желбірегені —Жаныма қуат береді.Таласқа түссе жан мен туЖан емес, маған керегі-Көк тудың желбірегені.

Көк тудың желбірегені -Елдіктің асқақ өлеңі,Жан - жаққа тартпай, Қазағым,Бір сөзге жинал дегені.

Көк тудың желбірегені —Бақыттың елжірегені,Қиырда қалған ҚазақтыңКөзінің мөлдірегені.

Әнді видеодан қарап қосылып бірге орындау

Алған әсерлерімен бөлісу.

https://www.youtube.com/watch?v=yzI09FU0VEQ

https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU– «Сарыарқа» күйі Құрманғазы оркестрі

https://www.youtube.com/watch?v=6-lQNURj2xM «Мерекелік күй»

М.Төлебаев «Біржан - Сара » операсынан үзінді

Халық және симфониялық оркестрдің музыка-лық аспаптары бейнеленген үлес-тірмелі парақшалар

күйсандық

және тағы басқа ұрмалы аспаптар

https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU

Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптар

Жетіген

домбыра

Сабақтың соңы

5минут

6. Рефлексия

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жаман шықты?
  • Тағы нені жақсартуға болады.

7. Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Стикерлер, жеміс ағашы

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

А деңгейлі оқушылар әннің мазмұнын түсіне алады.

В деңгейлі оқушылар оркестірлердің айырмашылығын ажырата алады.

С деңгейлі оқушылар әнді аспаптардың көмегімен сүйелмелдей алады.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізіліп, ауызша өзара бағалау жасайды

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Қауіпсіздік техникасы оқушылардың денсаулығына қауіптілік тудырмайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу