Көне саз аспабы жетіген. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Уақыт» Сабақ: 3 | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сыныбы: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Көне саз аспабы жетіген | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді 3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар: аспаптық бағдарламалық музыканы талдай біледі. Пәндік лексика мен терминология: Жетіген Көне Жетілдірілген Аңыз күй Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Халық аспабында орындалатын музыканы тыңдау арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарын дарытады, ұлттық музыкалық мұраға деген құрмет сезімдерін қалыптастастырады. Топпен жұмыс жасау арқылы еңбек және шығармашылық құндылықтары дамиды. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих – оқушылар күйдің шығу тарихымен танысады. | |||||||
АКТ дағдылары | АКТ дағдылары сабақта ресурстарды көрсету мақсатында қолданылады. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қорқыттың «Башпай» күййн тыңдап талдады Бағдарламалық музыка ұғымымен танысып бағдарламалық музыка үлгілерін тыңдады. 2/4 және 3\4 музыкалық өлшемдерін үйреніп, өздері нота ұзақтықтарын пайдаланып өлшемге сүйене отырып, ырғақтар құрастырды | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Музыкалық сәлемдесу Қайырлы күн балалар! Қайырлы күн мұғалім! Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айқындау. Бейнематериал көру Жетіген аспабында күй ойнап отырған бейне көрсетіледі -Сабағымызды бейнематериал көруден бастайық.
Бүгінгі сабақта
жаңа ән үйренеміз Тапсырма 1. Жетіген аспабымен танысу. Бейнематериалды талдау Балалар, бейнематериалды көру кезінде жетігеннің қанша түрі болғаны, жетіген аспабының аңызы мен шығу тарихына назар аударыңыздар.
/презентацияда аспаптың көне және жетілдірілген түрі көрсетіледі/
| синтезатор https://www.youtube.com/watch?v=qcPgoLxnkhA https://www.youtube.com/watch?v=LLzbSoJWxQI презентация https://imektep.kz/kz/muzikalyk-aspaptar 4.51-5.42 | ||||||
Қазір сондай әндердің бірін тыңдап көрейік. Сөзі Қабдыкәрім Ыдырысовтікі Әні: Ескендір Хасанғалиевтікі «Келші келші балашым» әнін тыңдау Тапсырма 2. Импровизация жасау Оқушыларды түрлі түсті асықтар бойынша 3 топқа бөлу. 1 топ қызыл асық - шулы аспаптар /маракас, асатаяқ, қоңырау, сылдырмақ/ 2 топ көк асық - ұрмалы аспаптар /тоқылдак, барабан, тұяқтас, бубен/ 3 топ жасыл асық - музыкалық аспаптар /металлофон/
Балалар, сүйемелдеу жасау барысында күйдің сипатын жеткізу қажет. Сіздер топтарыңызда орындайтын ырғақты қайталап алыңыздар. Егер барлық оқушыларға аспап жетпесе, би қимылдарын да қосуға болатыны жайлы ұмытпаңыздар. Ол үшін күйді тыңдайық «Арман» күйі тыңдатылады Шығармашылық жұмысқа дайындалу үшін оқушыларға 4 минут уақыт беріледі. Тапсырма 3. Шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау Топтар кезекпен шығып күйге импровизация жасайды. Әр топ өз жұмысын бағалау үшін сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма 4. Ән үйрену және орындау. «Жетіген үні» Сөзін жазған: Е.Тілепбердиев, әнін жазған: Б. Аманжол 1.Мың түрлі әуені бар, Салт-дәстүр дәнегі бар. Асықтан тиегі бар, Халқымның мәйегі бар. Қайырмасы: Жетіген аспабын-ай, Сазының асқағын-ай. Үні бар мөлдір, әсем, Аспап жоқ басқа мұндай. Ойна деп он саусақпен, Тіземде жатқанын-ай. 2.Шектерін шерткен сайын, Сазды әуен төккен дәйім. Қосылып ән салғанда, Бойыңнан кеткен уайым. Қайырмасы: Жетіген аспабын-ай, Сазының асқағын-ай. Үні бар мөлдір, әсем, Аспап жоқ басқа мұндай. Ойна деп он саусақпен, Тіземде жатқанын-ай. 3.Мөп-мөлдір сезімдей бір, Анамның сөзіндей нұр. Жанымды жадыратқан, Бабамның көзіндей бұл. Қайырмасы: Жетіген аспабын-ай, Сазының асқағын-ай. Үні бар мөлдір, әсем, Аспап жоқ басқа мұндай. Ойна деп он саусақпен, Тіземде жатқанын-ай.
| https://www.youtube.com/watch?v=pZZW0XHEvvs Асықтар Жетіген аспабында орындалатын Кәлектің «Арман» күйі Музыкалық аспаптар, болған жағдайды қазақ халқыныңың ұрмалы және шулы аспаптары Әннің сөздері Минус жасбасы және плюс жазбасы | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Білемін» «Үйренгенім» «Үйренгім келеді» | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Аспаптармен сүйемелдеу жасау кезінде кейбір оқушыларға немесе топтарға орындалатын ырғақты қосымша түсіндіру | Бақылау Өзін өзі бағалау Бағалау критерийлері арқылы | Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?