Суырыпсалма шығару. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


6 бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Сабақтың тақырыбы: Суырыпсалма шығару

Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Магавин A.Б.

Сынып: 2

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Осы сабақты оқытудың мақсаты:

2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту

2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • айтыс өнерімен танысады
  • Суырып салма шығаруды үйренеді
  • «Әжем айтқан ертегі» әнін музыкалық-шулы аспаптарда сүйемелдейді

Жетістік критерийі

  • Оқушылармен бірге суырып салма шығару
  • «Әжем айтқан ертегі» әнін музыкалық-шулы аспаптарда сүйемелдей отырып, орындау

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі-мақал мәтелдермен жұмыс, ертегі мазмұнын айту

Өнер пәні бейнелеу өнері компонентіменмен байланыс

Құндылықтар

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік- қазақ дәстүрлі өнері айтысқа сыйластықпен қарауды баулу

құрмет- дәстүрлі өнерге деген құрмет, оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, ынтымақтастық қасиеттерін қалыптастыру

 

АКТ дағдыларын дамыту

Оқушылар айтыс өнерінен үзінді бейнекөрсетілім қарайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • қазақ халқының музыкалық аспаптарын атайды
  • дыбыстарды жүйелейді;
  • түрлі мақсаттар үшін қолданады.

Пән лексикасы мен терминологиясы:

салт дәстүр

Халық

соқпалы аспаптар

Талқылауға арналған сұрақтар:

- қандай өнер түрлерін білесіңдер?

Айтыс өнерінің қандай өзгешелегі бар?

-дәстүрге байланысты не айта аласыңдар?

Алдыңғы сабақ деңгейі

Оқушылар мақал-мәтелдермен танысты, мағынасын түсіндірді.

Б. Әлімжанның «Әжем айтқан ертегі» әнін үйренді. Сыныппен бірге інге сүйемелдеу ойластырды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған міндеттер

Ресурстары

Сабақтың басы

Оқушыларды ұйымдастыру/ сабақ тақырыбын ашу

Оқушыларға айтыс суретін көрсету

/Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбын ашу/

  • Балалар, бұл суретте не көріп тұрсыңдар?
  • Бұл өнер түрі салт-дәстүрге жата ма? Неліктен?
  • Айтыста екі өнер иесі қандай әрекеттер атқарады.

Оқушыларға суырып салма сөзін түсіндіру

Суырып салма термині халық өнерінде қолданылады. Суырып салма дегеніміз тұтқиылдан, аяқ астынан бір нәрсені ойлап табу. Мысалы кенеттен ән шығару, тақпақ шығару тіпті ырғақты да суырып салма арқылы ойлап табуға болады.

Бейнекөрсетілім /1 минуттық үзінді көрсету/

Қазір біз айтыс өнерінің бір үзіндісін көреміз

Оқушылармен бірге әңгімелесу

  • Бұл бейнекөрсетілімде айтыскер ақындар қандай әрекеттер жасады?
  • Айтыскерлердің әуені қандай болды?

Миға шабуыл

Сонымен балалар, айтыс сөзіне қандай ассоциация сөздер айтуға болады:

Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім оқушылар айтқан сөздерді тақтаға жазып отырады

Сонан кейін оқушыларға қарапайым сөзбен түсіндіру

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған

Тапсырма- топтық жұмыс сууырып салма шығару

Оқушыларға өткен сабақта үйренген «Әжем айтқан ертегі» әнінің әуенін өзгертіп, сурыпып салма шығаруды ұсыну

Сынып екі топқа бөлінеді, әр топ әннің бір шумағын дайындайды.

Әннің қайырмасы өз әуенінде сынып оқушыларының барлығы орындайды.

«Әжем айтқан ертегі!»

Ерте, ерте, ертеде деп басталды кешегі.

Түнгі үйқыға кетерде әжем айтқан ертегі

Ұаық тыңдап жатырем қызық ертекекен деп

Көзім іліп кетіпті әжемменнен еркелеп.

Қ-сы:

Хей! Әжем айтқан ертегі 2-рет

Биіктере ертеді, бақытты жан етеді.

Сол ертектің жалғасын анық көрдім түсімде

Түсті көріп болған соң қайран қалдым өмірге.

Шырқап әнге шертеуі ұнап бала көңілге

Әжем айтқан ертегі кайрат берді өмірде.

Қ-сы:

Хей! Әжем айтқан ертегі

Биіктере ертеді, бақытты жан етеді. 2-рет

Өзін-өзі бағалау- әр топтағы оқушылар бір-бірімен ақылдасып өз жұмысы жайлы пікірлерін білдіреді.

«Әжем айтқан ертегі» әнін сынппен бірге музыкалық-шулы аспаптарда сүйемелдей отырып, орындау. Әнге біркелкі ырғақтық қимылдар ойластыру.

Рефлексия:

«Есте қалған сәт»

Оқушылар шеңбер бойымен отырып, сабақтың барысында есінде қалған бір сәтпен бөліседі

Сабақты қорытындылау

Синтезатор аспабы

https://www.youtube.com/watch?v=Bqow98Un8zg

https://www.youtube.com/watch?v=nQvdWTl1gXw

https://www.youtube.com/watch?v=GUfJmuS6riI

әннің мәтіні

синтезатор- мұғалім әнді аспата ойнап сүйемелдейді.

Қосымша ақпарат

Күрделендіре отырып дамытусіз қалай қолдау көрсеткіңіз келеді?

Бағалауоқушылардың білім деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсалық пен қауіпсіздік

Жақсы мағыналы жауаптарды іріктеу.

Суырып салма шығару барысында оқушыларға көпіршелер орнату. Қажет уақытта көмек көрсету

Кейбір оқушыларға жауап берген кезде көмек көрсету

Оқушыларды топтық жұмыс барысында бақылау

Оқушылардың музыканы қалай қабылдағанын тыңдау және қарау

Өз ойларын қаншалықты жеткізе біледі.

Рефлексия барысында оқушыларды бақылау

Оқушылар әнге сай ырғақтық қимылдар ойлап табады

Талқылау

Сабақ/Оқу мақсаттары орындалатын болды ма?

Оқушылар бүгін немен танысты?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Өз жоспарлағанымды күрделендіре

отырып дамытуды қолдануға болама?

Мен уақыт есебін сақтадым ба?

Мен өз жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неліктен?

Өз сабағыңыз туралы талқылау үшін төмендегіні пайдалану. Өз сабағыңыз туралы неғұрлым маңызды мәселелерге жауап беріңіз.

Сабақтың қойылған мақсаттары орындалды. Оқушылар халық өнері ұғымының мағынасын ашып, мақал- мәтелдерді оқыды. Олар халық ертегісін көрген соң, ертегі кейіпкерлерін аспаптардың дыбысын шығара отырып сомдады. Оқушылар топтық жұмысты жақсы орындады.

Қорытынды бағалау

Екеуінің қайсысы жақсы өтті (талқылау және оқу, және білім деңгейі)?

1

Сабақты екеуінің қайсысы жетілдірер еді (талқылау және оқу, және білім деңгейі)?

1:

2:

Менің келесі сабағымда қамтылатын осы сабақтан сынып немесе жеке тұлға туралы не меңгердім?

Тексерілді Эстетикалық бағыттағы ӘБ жетекшісі: _________________ Багманова А.А.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу