Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары. .
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.19 теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу; | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз; - жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз; - екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз; - ... болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз; - теңдеудің екі жағын ... көбейтеміз; - ... мүшелеп қосамыз; - «х - … , у - ... болсын»; | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Біріккен түрде жұмыс жасай білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке, бір – бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқығанда, екі шама арасындағы тәуелділікке қатысты есептерде, мәтіндік есептердің математикалық моделін құруда пайдалану. | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Біріккен оқу ортасын құрыңыз. Үй тапсырмасына берілген теңдеулер жүйесінің шешу жолын тексеріңіз. Көмек қажет ететін оқушылар болса, тақырыпты жеткілікті меңгерген оқушыдан көмек ұйымдастырыңыз. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің алмастыру тәсілінің алгоритмін тағы бір қайталап өтуді сұраңыз. |
| ||||||||||||
Сабақтың басы 3 – 15 мин | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің тағы бір тәсілі, қосу тәсілін қарастырамыз. Жаңа сабақтың мақсатымен, бағалау критерийімен оқушыларды таныстыру. Осы сабақты түсініп, тапсырмаларын орындауды өздеріңе ұсынамын. Ол үшін «Көрші қуанышымен бөлісу» әдісін пайдаланыңыз. Топтық жұмыс Сынып оқушыларын үш топқа біріктіріңіз. Әр топқа хат келеді, хатта жаңа сабақтың түсіндірілу жолы мысалымен көрсетілген. Топ мүшелері хатты оқып, талқылап, бір – біріне түсіндіреді, үздікті анықтап, бір спикерді шығарады. Спикер тақтаға шығып, топ жұмысын сынып оқушылары алдынды қорғап шығады. Басқа топ мүшелері осы топ жұмысын бағалайды. Хат мазмұны Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуде айнымалылардың коэффициенттеріне байланысты көбінесе мынадай жағдайлар кездеседі: 1 жағдай, 1-топ Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері – қарама – қарсы сандар. Мысал. теңдеулердің сол және оң жақтарын мүшелеп қосайық: . Жауабы: (4; 3). 2 жағдай, 2-топ Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері тең. Мысал. Теңдеулердің біреуінің екі жағын да -1 – ге көбейтіп, теңдеулерді мүшелеп қосамыз немесе теңдеулердің біреуінен екіншісін азайту керек: + немесе -
. Жауабы: (3; 2). 3 жағдай, 3-топ Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың ешқайсысының коэффициенттері өзара тең емес және қарама – қарсы сандар да емес. Мысал. Теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың біреуінің коэффициенттері қарама – қарсы сандар болатындай көбейткіштерді таңдап алу керек. Сонан соң теңдеулердің әрқайсысының екі жағын да тиісті көбейткіштерге көбейтіп, берілген жүйеге мәндес жүйеге алмастыру керек. + . Жауабы: (5; 2). Осы мысалдардан соң мұғалім қосу тәсілінің алгоритмін баяндап, қорытындылайды. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 Слайд 4 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 – 23 мин
23 – 31 мин
31 – 32 мин
32 – 37 мин
37 – 38 мин | Жалпы сыныптық жұмыс тапсырмалары, тақтаға орындап талдау ұсынылады, тағы бір мысалдан қайталап өтуге. №1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер: . Жауабы: (6; 1). №2. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер: . Жауабы: (-1; 8). №3. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер: . Жауабы; (-3; 5). Тақтада орындалған жұмыстарды критерий бойынша бағалау ұсынылады. Жұппен жұмыстану №1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер: . Жауабы: (6; 3). №2. . Жауабы: (-1; 3). №3. . Жауабы: (-3; 5). №4. . Жауабы: (6; 2). Дескриптор: Білім алушы:
Дайын дескриптор арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Тест тапсырмасы (жеке орындауға)
Жауаптары:
Дайын жауапты, дескрипторды ұсыныңыз, сол арқылы оқушы өзін – өзі бағалайды. | Қосымша 2 Слайд 5 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г Қосымша 3 Слайд 6 Қосымша 4 Слайд 7 | ||||||||||||
Сабақтың соңы
38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма № 1554. 7 қайықпен 31 адам өзеннің арғы жағасына өтулері керек. Қайықтар 3 орындық және 5 орындық. Осы адамдарды түгел өзеннің арғы жағасына өткізу үшін неше 5 орындық, неше 3 орындық қайық керек? Рефлексия Мұғалім оқушылардан сөйлемдерді аяқтауды сұрайды: Бүгін мен білдім … Мен … сезіндім Мен үшін қызықты болғаны … Бұл туралы менің басқа пікірім бар … Менің тағы да тыңдағым келеді … Тапсырма бойынша жұмыс … маған көмектесті. Менде ынта пайда болды … | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 8 - 9 | ||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||
Сабақ үрдісінде тақырыпты оқушылар өздері оқып түсінуге беріледі. Орындауға ұсынылған тапсырмалар ретімен күрделенеді. Жұптық жұмыста бірігіп, түсініп орындау ұсынылады. | Тақтадағы оқушының жұмысын мұғаліммен бірігіп бағалау, жұптық жұмыста өзара бағалау, өзін өзі бағалау жүзеге асады. | Сынып бөлмесіне қатысты қауіпсіздік техникасының сақталуына назар аударыңыз. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру