Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма 2.
- Математикалық статистика туралы қысқаша мәтінді оқыңыз;
- Мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз;
- Өз ойларыңыздың барысын түсіндіріңіз.
Мәтін.
Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар: арифметикалық орта өзгеріс ауқымы мода медиана Қандай да бір шаманың мәндерінің арифметикалық ортасын, құлашын және модасын табуды білеміз. Енді шамалардың мәндерінің медианасын табуды қарастырайық.
Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама. Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін; 1) берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек; 2) осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек. Егер берілген сандар қатарындағы элементтер саны тақ болса, онда олардың медианасы – осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда қақ ортасындағы сан болады; Егер берілген сандар қатарындағы элементтер саны жұп болса, онда олардың медианасы осы сандарды өсу (кему) ретімен орналастырғанда ортада тұрған екі санның арифметикалық ортасына тең болады. 1 - мысал. Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы: 14, 15, 16, 14, 17, 17, 20 болды. Қазан айының осы аптадағы тәуліктік температуралардың медианасын табайық. Ол үшін апта ішіндегі ауаның орташа температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз. Олар: 14, 14, 15, 16, 17, 17, 20 Осы сандар қатарының қақ ортасында тұрған сан -16 саны. Берілген сандардың саны жетеу. 7- тақ сан. Оның қақ ортасында бір ғана сан бар. Ол сан 16 саны. Берілген сандар қатарының медианасы 16 саны. 2-Мысалы. 16,13,15,10,19,22,25,12,18,14,19,14,16,10 берілген қатардың медианасын табу керек. Шешуі. берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек: 10,10,12,13,14,14,15,16,16,18,19,19,22,25, элементтер саны n=14, демек медиана берілген элементтердің дәл ортасындағы 7-элемент пен 8-элементтің қосындысының жартысына тең: 10,10,12,13,14,14,15,16,16,18,19,19,22,25 Медиана: Me=(15+16)/2=15,5 Медиана мен моданы берілген қатардың симметриялығын жалпы бағалау үшін қолданады. Симметриялы вариациялық қатарлардың ерекшелігі үш орта статистикалық сипаттамалардың теңдігі болып табылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру