Рационал сандарды азайту. Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығы. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды азайту

Сабақ мақсаты:

рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

Бағалау критерийі:

рационал сандарға амалдар орындайды

Сұрақ:

Координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын қалай табамыз?

Рационал сандарды қалай азайтамыз?

Тапсырма 1.

Ойыншылар командасы қарсылас команда қақпасына 5 доп салды, ал өздерінің қақпасына 2 доп жіберіп алды. Әрбір салған доп үшін +1 ұпай, ал жіберіп алған доп үшін (-1) ұпайға ие болды. Ойын нәтижесі қандай? Бұл команда ұтты ма әлде ұтылды ма?

Тапсырма 2. Торғай өзінен 7,4 м арақашықтықтағы инелікті қуады. Инелік жылдамдығы 3,7 м/с, ал торғайдың жылдамдығы 5,8 м/с. 1с уақыт өткен соң олардың арақашықтығы неше м болады?

Тапсырма 3. Ауа температурасы таңертең 4С, ал кешке -3С болды. Тәуліктегі температура өзгерісі қандай?

Тапсырма 4. Кестені толтырыңыз:

Тапсырма 5

Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. А нүктесіне -2,5 саны, В нүктесіне оған қарамақарсы сан сәйкес келеді. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.

Тапсырма 6.

Координаталық түзудегі бірлік кесіндінің ұзындығы 1 см. CD кесіндісінің ұзындығы 16 см. Кесіндінің ортасы координатасы -5 болатын нүктемен белгіленген. C және D нүктелерінің координаталарын табыңыз

Тапсырма 7. Өрнекті ықшамдаңыз

a+(-b)-(-2a)

–a-(+a)+2b-(-b)

–a-(-b)-4a

–a-(+3a)+(-b)-b

Тапсырма 8. Таңба ережелерін қолданып,жақшаны ашып,есептеңіз

(-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-(-163/20)

(-60)-(-15,9)-(+8,2)-(-23,3)

Жеке жұмыс

1 тапсырма. Есептеңіз:

1. 24,6+(-35,9)-(-6,5)+(-5,2)

2. (-32)-(-13,8)-(+26,3)-(-27,5)

2 тапсырма. Марат пен итінің арақашықтығы 108 м. Мараттың жылдамдығы 70м/мин. Иті 27 с соң Маратты қуып жетті. Иттің жылдамдығын тап.

Рефлексия

Сөйлемді аяқта:

- бүгін мен білдім .....

- маған қызықты болды, ....

- осы мәселе бойынша менің ойым ....

- осы мәселені қаталасақ ....

- тапсырмаларды орындау барысында маған көмектесті ...

Пайдаланылған әдебиеттер, видеоресурстар:

«Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу