2-3 амалмен орындалатын есептер шығару / Саябақта демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


147-cабақ.

Тақырыбы: 2-3 амалмен орындалатын есептер шығару / Саябақта демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есептерді қысқаша жазылуы, диаграмма бойынша құрастыру.

Көптеген оқушылар:

2-3 амалмен орындалатын есепті сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Кейбір оқушылар:

Өз бетімен 2-3 амалмен орындалатын өзара байланысты есептерді модельдеу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Есептің қысқаша жазылу түрін қалай құратынын түсіндіре біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Шарты, сұрағы, шешуі, сызба, қысқаша жазылуы, өрнек, есептердің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл

Талқылау:

Есептің шешімін қалай жазуға болады?

Есеп шарттарын қалай жазуға (суреттеуге) болады?

Жазу:

Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Есеп, есептерді шешудің түрлі тәсілдері, есептің қысқаша жазылуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Балалар, бүгін біз сіздермен Алматының жеті кереметінің бірі «Тұңғыш президент саябағына» саяхатқа барамыз (презентация). Диалог құру.

Презентация

4-слайд

4-6

Өзектендіру.

Математикалық диктант.

Есептерге өрнектер жаз және шығар .

1. Асханада ірімшік қосылған 10 тоқаш нан сатылды, бұл тосап қосылған тоқаш наннан 5-еуі артық. Асханада барлығы неше тоқаш нан сатылды?

2. Автобуста 3 бала отыр, бұл ересектерге қарағанда 7 есе аз. Автобуста барлығы неше жолаушы бар?

Математикалық диктант

7-11

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушыларға есептердің шешуіне қарауды сұрау.

Біз есептерді неше амалмен шығардық? (Үш) Біз бүгінгі сабақта осындай есептерді шығаруды жалғастырамыз.

Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.

Есептерді шығару бойынша алған білімімізді бекітеміз.

12-29

Өткенмен жұмыс.

1,2,3 санау арқылы топтасу.

(Т.Ж)1-тапсырманы орындату үшін «Дүкен» ойынын сынып болып ұйымдастыруға болады.Оқулықтағы йогурттың,қытырлақ нанның ,вафлидің бағаларын көрсетіп қойылады.Бір оқушыны сатушы қылып,бір оқушы қалаған затын сатып алу арқылы есеп құрастырады және шығарады.Әр топ құрастырған есептеріне сұрақ қойып,есептің шешуін талдайды.

Өзіндік жұмыс.

(Ж.Ж) «Сатып алу» ойыны. 2-тапсырма.Оқушыларға жұптық жұмысты ұйымдастыру . Берілген ақшаға суреттегі затты сатып алып,қайтарылатын ақшаны табады.Тапсырманы бір жұп оқушылары таныстырады, қалған оқушылар өз жауаптарымен салыстыру арқылы өзін-өзі бағалайды.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

Өткенмен жұмыс.

(Ж.Ж)«Құрастыр.Шығар» 3-тапсырманы орындату үшін жұппен жұмыс істеуді ұйымдастыруға болады. Әрбір жұп өрнектің біреуін таңдап алады да, есеп құрастырады және шығарады.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды.

(Т.Ж) .) Ойлан, топтас, талқыла.

4-тапсырманы топпен орындайды. Оқушылар диаграмманы талдай бастайды, көлденең шкаладағы сандар нені білдіретінін түсіндіреді. Бұдан кейін оқушылар топ болып есептер құрастырады және өздері құрастырған есептерін басқа топтарға айтады. Есептің қысқаша жазылуын жазады және есепті шығарады.

Смайликтер арқылы бағалау

Оқулық, дәптер, купюралардың бейнелері бар карточкалар жинағы, тауардың суреттері

5-9-слайдтар

10-11-слайдтар

12-слайд

30-40

Өткенмен жұмыс.

5-тапсырмадағы суреттері бар карточкаларға жазылған тапсырмаларды таратылады. Алдымен оқушылар қажетті жерлерге арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып дұрыс теңдіктерді шығарады. Мысалы:

5 + 3 • 4 = 17

30 – 3 • 7 = 9

(5 + 8) • 4 = 52

(20 : 5 ) • 6 = 24

Осыдан кейін барып теңдікке сәйкес келетін суреттер туралы өз пікірлерін айтады. Оқушылармен саябақта демалу мәдениеті туралы әңгіме жүргізеледі.

7-тапсырманы орындау зерттеушілік қасиетті талап етеді. Бұл тапсырманы тәжірибелік тапсырма ретінде де орындауға болады. Қорапқа көк, жасыл және қызыл түсті ойыншықтар салып, бірнеше оқушыға қораптан ойыншықтарды алғызып тәжірибе жасатуға болады.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, карточкалар, қорап, ойыншықтар

13-слайд

41-45

Рефлексия.

– Біз сабақ басында алдымызға қандай міндеттер қойдық?

– Осы міндеттерге қол жеткізе алдық па?

– Қиналған жерлерің болды ма?

– Сендер оларды еңсере алдыңдар ма?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Оқытушы оқушыларға өздерінің жұмыстарын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

Жетістік сызғышы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу