Теңдеу құру арқылы есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспарының үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлімі: Теңдеулерді шешу. Сандармен операциялар | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: 20.02.17 | Мұғалімнің аты-жөні : Омарова А.Е. | |||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Теңдеу құру арқылы есеп шығару | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.5.1.10 ** теңдеу көмегімен есепті үлгілеу | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: •қарапайым теңдеулерді шешуді біледі; Оқушылардың көпшілігі • шамалар арасындағы тәуелділікті біледі; белгісіз компоненттерді табу ережесін біледі; Кейбір оқушылар: •теңдеу құру арқылы есептер шығара алады. | |||||||
Жетістік критерилері | Теңдеудің көмегімен есептерді шығара алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: •периметр, аудан, көлем, формула, теңдік, теңсіздік Пәндік сөздер мен сөз тіркестері: • аудан, көлем, периметр, формула. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Формулаларды қолдану | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Периметрі 10 см тіктөртб-ң ұзындығы 3 см. Ені қанша см болғаны? Периметрі 18 м бөлменің ені 3 см. Ұзындығы неше см? Логикалық сұрақтар
| Маркер, ламинад қағаз | ||||||
Сабақ ортасы
| (Ұ)Бүгін біз өздеріңізбен теңдеу құру арқылы есептер шығаруды жалғастырамыз. Сыныпта топтық, жұптық, өз бетімізбен жұмыс жасаймыз. 1-слайд Ламинатта көрсетіңіздер. Ойлаған санды 46 есе кеміткенде 90-ның 30-ға бөліндісіне тең сан шықты. Ойлаған санды тап 2-слайд Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз Қоймада 1704 қап ұн болды. Бірнеше қап ұнды асханаларға жөнелткеннен кейін онда 1009 қап ұн қалды. Асханаларға неше қап ұн жөнелтілді? 3-слайд Көкөніс қоймасында 548 т қызылша болды. Қоймадан бірнеше тонна қызылшаны тиеп жібергеннен кейін онда 399 т қызылша қалды. Қоймадан қанша қызылша тиеліп жіберілді? 4-слайд Көктемде бақшаның орта тұсына әр қатарына 8 көшеттен 5 қатар және бақша қоршауын жиектей бірнеше көшет отырғызды. Барлығы 63 көшет отырғызылған болса, қоршауды жиектеп неше көшет отырғызылды? 5-слайд Жұппен жұмысЖұпта теңдеу құрып, шығарыңыз
Топпен жұмыс 1-топ Баққа бірнеше түп сары өрік және 6 түп қара өрік отырғызу керек. Сонда әрқайсысында 9-дан 3 қатар өрік болды. Баққа неше түп сары өрік отырғызылады. 2-топ Баққа бірнеше алмұрт ағашын және әр қатарына 5 ағаштан 3 қатар алма ағашын отырғызу керек. Сонда барлығы 22 ағаш отырғызылады. Баққа неше алмұрт ағашы отырғызылады? 3-топ Қоймаға кір жуатын машиналар әрқайсысында 125-тен 7 қатар етіп қойылды. Олардың бірнешеуін дүкендерге алып кеткенде қоймада 340 кір жуатын машина қалды. Дүкендерге неше кір жуатын машина жөнелтілді? 4-топ Қоймадағы тігін машиналарының 879-ын дүкенденге алып кетті. Сонда қоймада әр қатарда 42-ден 16 қатар тігін машинасы қалды.Қоймада бастапқыда неше тігін машинасы болған? (Ұ,МК) Теңдеу мысалдарын көрсетіңіз. Оқушылардан белгісізді (дерді) анықтай ала ма екенін сұраңыз. Оны айнымалы түрінде қалай көрсетуге болатынын олар ұсына ала ма? Оқушылар қандайда бір берілген шамаларды танып және оларды тұрақты ретінде қарастыра ала ма? Оқушыларға теңдеуді құруды ұсыныңыз. Мысалы, V=a∙b∙c a= V÷(b∙c) b= V÷(a∙c) c= V ÷(a∙b) | Презентация,карточкалар
| ||||||
Сабақтың соңы | Сен бүгін не үйрендің? Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? Қай тапсырма сені қызықтырды? Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ? Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың? Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың? | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
|
|
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды