Су бойынша одар әрі зерттеулер. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Су бойынша одар әрі зерттеулер
1-топ. Сынып бөлмесін жуу үшін кететін су шығынын есептеу.
Сынып бөлмесін жуу үшін 20 л су кетеді. Бірінші қабаттағы сынып бөлмелерін жууға қанша литр су кетеді?
Бүкіл қала немесе тіпті бүкіл Қазақстанда бұл жолда қанша су кететіндігін табу.
2-топ. Басқа сынып оқушыларынан мәліметтер жинастырады. Ішу үшін кететін су шығымын есептейді. Диаграмма құрып салыстырады.
3 В сыныбы оқушылары 2 күнде 20 л су ішеді. Бір айда қанша л су тұтынады?
3-топ. Асханада зерттеу жүргізеді. Таңғы шайға 3 В сынып оқушыларына 3 л су жұмсалады. Бір жылда қанша литр су тұтынады?
4-топ. Су туралы қызықты мәліметтер ақпарат көздерінен жинау.
Су - әлемдегі ең көп таралған зат. Кез келген нәрсе судан тұрады.
1. Қызанақ 90 пайыз судан тұрады.
2. Жыл сайын төрт миллион адам судан тарайтын аурулардан қайтыс болады.
3. Табиғаттағы судың 1,1 пайызы ғана ішуге жарамды болып келеді.
4. Адамның қан құрамы суға қарағанда алты есе қою келеді.
5. Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.
6. Зерттеу нәтижесі бойынша, атмосфера құрамындағы су мөлшері барлық өзендерді бірге қосып санағандағы мөлшерден көп.
7. Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.
8. Ер кісінің ағзасы шамамен 70 пайыз судан тұрады.
9. Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.
10. Ғалымдар судан шыққан дыбыстың, ауадан тараған дыбыстан гөрі жылдам тарайтынына көздері жеткен.
11. Біздің дәретханамыз үйде қолданып жүрген судың 35 пайызын пайдаланады.
12. Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.
13. Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.
14. Ауыл шаруашылығы егін өсірумен айналысу үшін әлемнің 70 пайыз су қорын қажет етеді. Жай өнеркәсіпке 22 пайызы ғана керек. Толығырақ: http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/18951/
Е.Өтетілеуұлы «Су» Су – тіршілік негізі,Гигиена – егізіСу – табиғат байлығы,Кемі екі рет әр күніҮйде ванна, душ болса,Ыстық сумен шомылсаң,Су сергітер денеңді,Судан кейін сен ендіАйналаңды қоршаған,Қауіп-қатер төнсе оған,Білгін бұны, балалар,Сусыз – қараң далалар.Ескертеміз бар қызға,Онсыз өмір сүрмейсің.Су деп және білгейсің.Өзен-көлге барғайсың.Суға түсіп тұрғайсың.Салқын сумен құйынғын.Суық сумен жуынғын.Онымен дос болғайсың.Ісіңді оңай жалғайсың.Табиғатты сүйе біл.Қамқорға алып сүйе біл.Сусыз – құрғақ далалар,Ескертеміз бар ұлға,Суды босқа ағызба.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?