Үш таңбалы сандар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
№1 сабақ.Тақырыбы: Үш таңбалы сандар
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.1.2 үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру;
3.1.1.3 үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар сомасына жіктеу.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, ламинатталған парақтар, маркер,қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Үш таңбалы сан – бұл 100-ден 999-ға дейінгі сандар. Олар үш цифрмен жазылады. Үш таңбалы сандар үш разрядтан тұрады: бірліктер, ондықтар, жүздіктер.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.
«Жүздік», «Ондық», «Бірлік».
(Ұ.Ж.)Миға шабуыл. Өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қою, толық жауап алу.Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескертіңіз.
- Бір таңбалы санды ата? (1;9)
- Бұл сандар туралы не айтуға болады? (ең кіші және ең үлкен бір таңбалы сан, тақ сан)
- 10 неше таңбалы сан? Бұл сан туралы не айтуға болады? (Ең кіші екі таңбалы сан, жұп сан)
- Ең үлкен екі таңбалы санды ата? (99)
- Разрядтық қосылғыштарға жікте?
- 99 санынан кейінгі санды ата? (100)
- Ол неше таңбалы сан? (үш)
- Ең үлкен үш таңбалы санды ата? (999)
-Бұл санда неше бірлік, ондық , жүздігі бар?
«Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.
(Ұ.Ж.) Бұл тапсырма оқушылардың үш таңбалы санды оқу, жазу, санның алдында және саннан кейін қандай сан болатындығын анықтауға бағытталған.
Жауабы:
а) 148,150,151,154,156,157,161,162,164.
ә) 165
б) 35
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалаңыз.
(Т.Ж.) Жаңылмай сана. Топтарға тапсырма жазылған қима қағаздарды таратып беріңіз. Топтың әрбір мүшесі ламинатталған парақтарға сандарды өсу, кему ретімен жазады және кезектесіп оқиды.Егер қате кетсе қол шапалақтау арқылы білдіріп, қатесін түзетіп отыруды ұсыныңыз.
Жауабы:
1- топ
232,233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241.
2- топ
415, 414, 413, 412, 411, 410, 409, 408, 407, 406, 405, 404, 403, 402, 401, 400, 399, 398, 397, 396.
3- топ
544, 545, 546, 547, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555.
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалаңыз.
(Ж.Ж.) Санды жаз.Тапсырманы жұптарға дайындалған кестелерді таратудан бастаңыз. Бұл жұмыс арқылы оқушылар үш таңбалы сандарды оқуға және жазуға үйренеді. Жұпта орындалған тапсырмалардың дұрыстығын келесі жұппен ауыстыру арқылы бірін –бірі тексеріп, қателіктерін жөндеуді ұсыныңыз.
Жауабы:
жүздік | ондық | бірлік | Санды жаз |
1 | 3 | 9 | 139 |
3 | 5 | 6 | 356 |
4 | 4 | 3 | 443 |
3 | 2 | 1 | 321 |
2 | 9 | 5 | 295 |
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалаңыз.
(Ұ.Ж.) «Ыстық картоп» ойынын ойнау. Бұл ойын арқылы оқушылар үштаңбалы сандардың құрамын анықтауға үйренеді. Оқушылардың бірі кез келген үш толық жүздіктен басталатын санға кез келген толық ондықты қосудан бастайды.
Мысалы:
Бір оқушы 100+10 дейді, келесі оқушы мәнін тауып сол саннан басталатын өрнек айтады. Осы ретпен ойын жалғасады.
«Керемет», «Тамаша», «Жарайсың» т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.
(Ж.Ж) «Адасқан сандар» Бұл ойынды жұппен орындауды ұйымдастырыңыз.Оқушылар ойын арқылы үш таңбалы сандардын орнын анықтауға машықтанады. Жұптасып адасқан сандарды тиісті ретпен орналастыруды тапсырыңыз.
Жұмыс барысында қателескен оқушыларға қосымша сұрақтар қойыңыз.
-125 – тен кейін қандай санды орналастырдың?
- Сенің ойыңша 129 –дан кейін қандай сан болуы мүмкін?
Жауабы:
а) 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130.
«Шапалақ» ұру арқылы оқушыларды өзін-өзі бағалауын ұсыныңыз.
(Ұ.Ж.) Өрнекте.Бұл тапсырма оқушыларға шамалар алған білімдерін пысықтауға, олардың ара қатынасын анықтауға, түрлендіруге мүмкіндік береді.Оқушылар тапсырмада берілген өлшем бірліктер үшін түсіп қалған сандарды қоюы керек. Тапсырманы өзгелерден бұрын орындаған қабілеті жоғары оқушылардан бұл сандарда неше дециметр және сантиметр барын қосымша тапсырма ретінде сұраңыз.
Жауабы:
Мына шамаларды метр, дециметр және сантиметрмен өрнектеп жаз.
828 см =8 м 2дм 8см 935 см = 9 м 3дм 5 см
316 см = 3 м 1 дм 6 см 682 см = 6 м 8 дм 2 см
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.
(Т.Ж.) Топтарға 1, 5, 6 сандар жазылған қима қағаздар таратылып беріледі. Топта ақылдаса отырып ламинатталған парақтарға осы сандардан алынған үш таңбалы сандарды жазады. Үш таңбалы санды құруда бір цифр екінші рет қайталанбауы керек. Олар әрбір үш таңбалы сандардың сандағы цифрлардың орнын ауыстыру арқылы мүмкін нұсқаларын көрсетеді. Бір топ тақтаның алдына шығып тапсырмаларын көрсетеді.Қалған оқушылар өз жауаптарын салыстырады. Сонымен қатар сандарда қанша бірлік, ондық, жүздік барын сұрау және сол сандарды салыстыру.
Жауабы:156, 165, 516, 561,615, 651.
Бағалауды «Смайлик» арқылы жүргізіңіз.
Кері байланысты «Ия, жоқ» ойыны арқылы ұйымдастырыңыз.
Оқушылардың жауабы нақты әрі шынайы болуын ескертіңіз.
- Мен үш таңбалы саннан екі таңбалы санды ажырата аламын.
- Мен үш таңбалы санды тура және кері санай аламын.
- Үш таңбалы санды жаза аламын.
- Үш танбалы сандардың разрядың айта аламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?