Формулаларды пайдаланып периметрді табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4C Бөлім: Аудан

Және периметр

Көкшетау қаласы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім: Шамиганова Р.М.

Қатысқандар саны:19

Күні: 16.05.201

Қатыспағандар саны:

Сынып: 2В

Сабақ

тақырыбы:

Формулаларды пайдаланып периметрді табу

Осы

сабақтақол

жеткізілетін

оқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

Алгебралық есептер және айнымалылар

Сабақтың

мақсаты

АА2.8

Үшбұрыштың (Р=а+в+с), тіктөртбұрыштың (Р=(а+в)∙2), шаршының (Р= а∙4) периметрін табу Фигураның периметрін табу

Жетістік

критерийлері

  • үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, шаршының периметрлерін табу формулаларын біледі;
  • фигуралардың периметрін формулалардың көмегімен дұрыс анықтай алады.

Тілдік

мақсаттар

  • Периметрдің формуласы, ауданның формуласы

Құндылықтарды

дарыту

Сыйластық , жауапкершілік

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану

Алдыңғы

меңгерілген

білім

Фигуралардың ауданын табу

Сабақтың

барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық  дайындық

Күннен алып шуақты

Жерден алып қуатты

Алақандар ашылып

Жылуларын таратты

Жылулары жүректе

Моншақтай боп асылды

Сол моншақтар әлемге

Шашу болып шашылды

Ал енді балалар оң және сол жақ көршілеріңе сәттілік тілеңдер!

Өткен сабақты қайталау. « Кім жылдам?» Оқушыларға әртүрлі фигуралар тарату. Сол фигура жайында сұрау

Сұрақ-жауап:

Қолдарындағы фигуралар қалай аталынады?

Қолдарындағы бар фигурадай сыныпта қандай заттар бар?

Бұл фигуралардың преиметрін қалай табуға болады?

Периметрін табу үшін не істейміз?

Сонымен бүгінгі сабақ не жайында болмақшы?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Формулаларды пайдаланып периметрді табу

Сабақтың мақсаты: Үшбұрыштың (Р=а+в+с), тіктөртбұрыштың (Р=(а+в)∙2), шаршының (Р= а∙4) периметрін табу .

Жетістік критерийлері:

  • фигуралардың периметрін формулалардың көмегімен дұрыс анықтай
  • алу.
  • Үшбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршының периметрін табу.

Көрсету үшін торкөз (1 см2) қағаз керек

Сызғыштар / өлшеуіш лента

Сабақтың

ортасы

Қызығушылықты ояту. «Пішіндер сөйлейді?» видеосын көрсету.

Сендер қандай фигуралар жайында көрдіңдер?

Бұл фигураның периметрін қалай табуға болады?

(Ұ) Периметрді есептеу тәсілдері туралы пікір алмасу Оқушылардан мұның ең тиімді жолын табуды ойлануын сұрау

1 сыныпта барлық қабырғаларының ұзындықтарын қостық.

P=a+b+a+b

2 сыныпта Ұзындығы мен енін қосып, 2-ге көбейтеміз.

P= (a+b ) x 2

Мысалы, ауданды есептеу кезінде бір жақ қабырғасының ұзындығын 4-ке көбейтеміз. Ал периметрді табу үшін олар қандай тиімді тәсілді ұсынар еді?

(Ұ) Шаршының, тікбұрыштың және үшбұрыштың периметрін есептеу формуласын кезекпен көрсету және оқушылардан осы формулалардың қалай пайдаланылатынын сұрау:

Р=а+в+с Р= а∙4 Р=(а+в)∙2

Жеке жұмыс.

Ұзындықтары 5см ,4см,3 см үшбұрыш сызып,оның периметрін тап:

Шешуі: Р=5см+4см+3см =12см

Жауабы: Р=12см

Ұзындығы 8см, ал ені 4см тіктөртбұрыштың периметрін тап:

Шешуі: Р=(8см+4см)х2 =24см

Жауабы: Р=24см

Қабырғаларының ұзындығы 6см шаршы сыз және оның периметрін тап:

Шешуі: Р=6х4 =24см

Жауабы: Р=24см

Шығармашылық тапсырма. Спорт алаңының перметрін табу

(Ө/Т,Қ) Оқушылардан спорт алаңдарының жаңа түрін ойлап табуын сұрау Мүмкін алаңқайлардың көлеміндегі үлкен алаңдардың нұсқасы екінші сыныпқа сәйкес болар. Олардан формуланың көмегімен есептелген периметрі мен ауданы белгілі өздері ұсынған жаңа спорт алаңдарын көрсетуін сұрау.

Қалыптастырушы бағалау .

Сабақтың соңы

  • Сабақтан не алдың?
  • -Сабақ ұнады ма?
  • -Өзіңді «Бағдаршам» арқылы қалай бағалар едің?

Дифференциация -

қабілеті жоғары оқушылар

ға топтық жұмыс түрлерін беру

Оқушыларға топта сынып фигуралардың периметрін табуға тапсырма беру.

Пайыздық көрсеткіштер арқылы өздеріңді бағалаңдар.

100 % – бәрін түсіндім

75% - көбін түсіндім

50% - аз түсіндім

25%- өте аз түсіндім

Үйге тапсырма беру: Көпбұрыш сызып, оның периметрі мен ауданын табу:

Денсаулық сақтау

Қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу