Формулаларды пайдаланып ауданын табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Матматика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 С бөлім «Аудан және периметр»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күн

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып:

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Формулаларды пайдаланып ауданын табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.7 Тіктөртбұрыш пен шаршының қабырғалары арқылы ауданын табу (S= a·b), белгілі бір қабырғасы мен ауданы арқылы белгісіз қабырғасының ұзындығын табу

 Сабақ мақсаттары

Тіктөрбұрыш пен шаршының ауданын табу үшін формулаларды пайдаланып есептейді.

 Бағалау критерийлері

Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын біледі;

Тіктөртбұрыштың/шаршының белгісіз қабырғасын анықтау үшін оның ауданын табу формуласын түрлендіре алады;

Формуланы пайдаланып, фигураның белгісіз қабырғасын дұрыс анықтай алады.

 Тілдік мақсат

 

Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар,тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш

ұзындық, ен, қабырға, бет, үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корт.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп айналасының ауданы мен периметрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Саған есеп үйреткен,Пәнге қара құрметпен.Санды тура табатын,Қиын, әрі қызықты,Математика болатын.

Сабақ ортасы

,ОТ) «Әр фигураның үйін тап!» ойыныТік төртбұрыш Шаршы- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?Р =а + в + а + в- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в

Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в2 - тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз:S = в * а

,ОТ) «Тез есепте» ойыны.Барлық қабырғасы тең екен,Өлшеп көрсем төрт екен.Табуды біз үйрендік,Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?Бұрыштары тік болса,Қабырғасы төртеуден.Ұзындығы 3 болса,Ені оның 2 - ге тең.Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?) Жұппен жұмыс Күнтізбенің ұзындығы - 10 смЕні – 7 смКүнтізбе беті -? кв см – ге бөлуге боладыШ: S = 10 см * 7 см = 70 кв см

(Ұ,Т) Топпен жұмыс. Графикалық диктант:

1.Оңға қарай 5 торкөз, төмен қарай 2 торкөз, солға қарай 5 торкөз, жоғарыға 2 торкөз сызыңдар.

2.Оңға қарай 4 торкөз, төмен қарай 4 торкөз, солға қарай 4 торкөз, жоғарыға 4 торкөз сызыңдар.

– Қандай фигуралар шықты?

– Олардың аудандарын табыңдар.

,ОТ) Берілген жазбаларды дұрыс формула мен шешуіне сәйкестендір.

а = 6м а=5м S=а*в S=6∙4=24 м2

в=4м S=? S=а*а S =5*5=25 м2

S=? 25-24=1 м2

(Ұ) Cергіту сәті

1, 2, 3, Бойға жинап күш.

4, 5, 6, Отыр, тұр, шалқы.

7, 8, 9, Тартамыз біз қобыз.

10, Орныңа қон.

(Ұ) Математикалық диктант

  • 6 мен 9 сандарының көбейтіндісіне 25 санын қос (6*9+25=79)
  • 800 санынан 657 мен 104 сандарының айырмасын кеміт (800-(657-104)=647)
  • 20 мен 22-нің қосындысын 6-ға бөл((20+22):6 =7)
  • 32 мен 4-тің бөліндісін 10-ға арттыр (32:4+10=18)

(Ұ) Кестемен жұмыс.

Тіктөртбұрыш пішінді бет

   Ұзындығы

      Ені

      Периметрі

Ауданы

 Сынып бөлмесінің едені

      6м

 Тақта

      1м

 Аула

      3м

(Ұ) Есепте.

Тіктөрбұрыш

А - 3 см

В - ? ұзындығынан 2 см артық

Р- ? , S - ?

Таныстырылым

http://en.wikipedia.org/wiki/Pitch_(sports_field)

Постер, маркер.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгінгі сабақта қандай жаңалықтарды білдіңдер?
  • Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?
  • Шаршы деп қандай фигураны атаймыз?
  • Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  • Шаршының ауданын қалай табады?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу