Монеталар мен купюралармен жасалаты әрекеттер. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

бөлім Көбейту және бөлу Есептер

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Монеталар мен купюралармен жасалаты әрекеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.6 50 тг, 100 тг тиындарды, 200 тг, 500 тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау

Сабақ мақсаттары

50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасау

Бағалау критерийлері

50тг, 100тг тиындарды, 200тг, 500тг қағаз ақшаларды ажырата білу және олармен әр түрлі операциялар жасауды үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Монета купюра

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, Теңге банкноттарының иллюстрациялары бар мақала http://en.wikipedia.org/wiki/Kazakhstani_tenge

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

ОМ таныстыру

  • есеп айырысу кезінде монеталар және купюралар арқылы қандай әрекеттер жасауға болатынын білесің

Сабақтың ортасы

(Ұ) 1-сыныпта монеталарды (теңгелерді) оқып үйренгендіктерін оқушылардың естеріне салу. Монеталардың мәні естерінде ме екендігін тексеру. 50 тг, 100 теңгелік тиындарды, 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10 000 банкноттарының үлгілерін немесе суреттерін көрсете отырып, оқушылардың ақша бірліктері туралы түсінігін кеңейту.

Оқыту ойыны.

Әр оқушыға 500 және 200 тг нақпішін тарату.Оқушыларға азық түлік алатын автоматты ойын түрінде көрсету. Автомат дүкенде шырын, шоколад, бір қорап күлше сатылады.Әрбір тауардың бағасы 100 тг. Олай болса, бұл автоматқа тек көрсетілген номиналды құны бар монеталарды салуға болады. Қағаз банкоматтарды автомат қабылдамайды. Оқушыларға осы жағдайды айтып осы мәселені шешу үшін топта ақылдасуға мүмкіндік беру.Содан кейін әр топ өз мүмкіндіктерін ортаға салады. Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып купюраларды монетаға ұсақтау нұсқаларын көрсетеді.(оқушылардың әрекетін бақылау арқылы бағалау)

(Ж) Сауда жаса.

Айнашта 100 теңгелік монета бар. 70 теңге тұратын күлшені қайтарымсыз сатып алу үшін ақшасын қалай ұсақтау керек?

Жауабы: 100=50+20+20+10

Күлше үшін 70 тг болатын 50тг және 20 тг монеталар береді.

(Т) Ұсақта

Монеталар мен купюраларды қалай ұсақтағанын анықта.

Жауабы:

А.50 тг=20тг+20тг+10тг

Құны 10 тг монета көрсетілмеген.

Ә. 200 тг=100тг+50тг+20тг+20тг+10тг Құны 10 тг монета көрсетілмеген.

Анаға сыйлық.

А. Анасына ашақхат жасау үшін Айболға түрлі түсті қарындаштар керек. Айболда 200 тг купюрасы бар. Қарындаш сатып алу үшін, Айбол купюрасын қалай ұсақтауы керек?

Бірнеше тәсілін көрсет

Ә.Анасына ашықхат жасау үшін, Айсерге түрлі

- түсті қағаздар сатып алу керек.

Айсерде 200 тг купюрасы бар. Түрлі -түсті қағаз сатып алу үшін, Айсер купюрасын қалай ұсақтауы керек?

Бірнеше тәсілін көрсет.

Жауабы:

А.200 теңгені мынадай құндылықтағы монеталармен ұсақта.

  • 100тг,20тг,20тг,50тг,және 10 тг;
  • 20тг,50тг,50тг,20тг,20тг,10тг;
  • 100тг,20тг,20тг,20тг,20тг,20тг. және т.б.

Айбол қарындаштар үшін монетамен 80 тг берді.

  • 50тг,20тг,10тг;
  • 20тг,20тг,20тг,20тг және т.б

Ә.200 теңгені мынадай құндылықтағы монеталармен ұсақта:

  • 100тг,және 100тг.
  • 50тг,50тг,50тг,50тг;
  • 100тг,20тг,20тг,20тг,20тг,20тг. және т.б

Айсер түрлі түсті қағаз үшін монеталармен 100 тг береді.

  • 100тг,
  • 50тг және50тг;
  • 20тг,20тг,20тг,20тг20тг және т.б

Шығарып көр.

Әкемде 500 теңгелік екі купюра бар. Ол анама сыйлыққа 900 теңге тұратын бөлме гүлін сатып алмақшы болды. Қайтарымсыз есеп айырысу үшін әкем ақшаны қалай ұсақтауы керек.

Купюраны ұсақтаудың бірнеше тәсілін көрсет.

Жауабы:500теңгені құны мынандай монеталармен купюраларға ұсақтауға болады:

  • 200тг,200тг,100тг;
  • 200тг,100тг,100тг және 100тг
  • 200тг,100тг,100тг,20тг және 50тг т.б.

Әкесі гүл сатып алу үшін 900 теңгені мынандай купюралар комбинациясын береді:

500тг, 200,200тг.

Ойлан!

Гүлді басқатырғышты шеш. Әрбір гүлдің бағасын білу үшін, купюрамен монетаны айырбастау тізбегін қара.

Жауабы:

А. Раушангүл-200тг, лалагүл-100тг.

Ә.Қызғалдақ-50тг,бақытгүл-20тг, түймедақ-10тг

Оқулық, оқушылардың әрбір тобы үшін-5 теңге, 10теңге, 20 теңге, 50теңге, 100теңгелік монеталар нақпішінінің жиынтығы; даминатталған парақтар менн маркерлер.

Сабақтың соңы

Сабақты бекітуге арналған тапсырма.

Жұмыс дәптері бойынша тапсырма.Монета мен купюраларды ұсақтау.

100тг=50тг+50тг.

200тг=100тг+50тг+20тг+20тг+10тг

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Сауда жаса»,«Анаға сыйлық», «Ұсақта» тапсырмасы бойынша монеталар мен купюраларды ұсақтауда қиындық туындаған оқушыларға қолдау көрсету

Сабақтың барысында оқушылардың ірі монета мен купюраларды неғұрлым ұсақ монета мен купюраларға ұсақтау нұсқасын бақылау арқылы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу