Рим цифрлары. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Математика 2 А бөлімі: Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер Күні:2 Сынып: 2 | ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні:Боранбаева А.К. Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 2.1.1.3 ** 12-ге дейінгі сандардың римдік нөмірленуін оқу, жазу және пайдалану | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Рим цифрларын таниды және оқиды. Рим цифрларын жаза алады және қолдана алады; Рим цифрларынан өрнектер құрастыра алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 12-ге дейінгі рим цифрларын таниды, оқиды және араб цифрларымен сәйкестендіріп жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Рим цифрлары мен араб цифрларының атаулары мен олармен байланысты математикалық терминдерді қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, достық. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | АКТ пәнімен байланысты Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру Дүниетану пәнімен байланысты | ||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім: | Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздер | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Психологиялық дайындық «Жылы алақан» Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады: -Барлық істе саған сәттілік тілеймін! Рахмет! | Интерактивті тақта | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 7 минут 5 минут 10 минут | (МК, Т) Сабақтың тақырыбын ашу -Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына жұмбақты шешу керек. Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді. -Балалар, жұмбақтың шешуі не болды? -Ендеше мына сағаттарға қарап, олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін айтыңдаршы. /оқушыларға қабырға сағаты мен темір жол бекетіндегі үлкен сағаттың суретін көрсетіп, жауаптарын тыңдау/ -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? -Қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қызықты ақпарат: Цифрларды да арифметика ережелері сияқты, ешкім бірден ойлап шығарған емес. Осы заманғы цифрлар ғасырлар бойы қалыптасып жасалынған. Рим цифрлары б.з.б. 500-жылдар шамасында пайда болып, Ежелгі Римде қолданылған. -Балалар, мұндай рим цифрлары бар үлкен сағаттарды қайдан көруге болады? -Бұл сағаттарды кім көре алады? -Бұл оларға не үшін керек? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ -Жалпы рим цифрларын өмірде көп кездестіруге болады. Әртүрлі оқулықтар мен журналдарда, мұнара сағаттарында, темір жол бекеттерінде де. Сонымен қоса рим цифрлары адам өмірімен де тығыз байланысты. (Ж,Қ) «Менің өмірімдегі сандар» Оқушыларға ламинатталған тақталарға өздерімен байланысты рим цифрларын жазуып, топтастарына көрсету ұсынылады. Мысалы:туған күнін, жасын, сыныбын, отбасындағы адам санын, т.б. (Т,Қ) «Жүгірме диктант» ойыны -Балалар, ойын арқылы диктант жазауды ұсынамын.Сендерге 1 минут уақыт беріледі.Осы уақыттың ішінде 1/Текшені лақтыру арқылы жүгірушілер таңдалады. 2/Жүгіруші парақта жазылған рим цифрасын оқып, өз тобына жүгіріп айтып отырады. ІҮ, ҮІІ, Х, ІІІ, ІХ, ХІІ, ҮІІІ. 3/Топтастары жүгіруші айтқан санды кестеге жазады.
Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, тексеру жүргізіледі. Әр дұрыс санның жанына «+» таңбасы қойылады. (Т,Қ) «Ойлан! Тап!» ойыны Оқушыларға ойланып, ақылдасуға 1 минут беріледі. Тапсырма: Ешқандай заттарды қолданбай, рим цифрларын құрастыру, көрсету.Дене мүшелерін пайдалануға болады. Қарсы топтар көрсетіп тұрған цифрды табу керек. Топтар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды. (Ө,Қ)Карточкамен жұмыс Тапсырма • Берілген сандардың арасынан рим цифрларымен жазылған сандарды тауып, қоршап сызыңыз және оқыңыз.
III 4 20 I 2 6 V 18 0 11 X 3 9 12 VI
• Берілген сандарды рим цифрларымен жазыңыз
|
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушылар топта ақылдаса отырып, сөздерді таңдауға 1 минут беріледі. -Бүгін сендер қандай сезімдесіңдер? Оқушылар «СЕНІМ», «ҚУАНЫШ», «БІЛІМ», «ҚОРҚЫНЫШ», «СЕНІМСІЗДІК» сөздерінің арасында1-2 сөзді таңдайды және таңдауын түсіндіреді. -Көңіл-күйлерің қандай? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ -Менің де көңіл-күйім өте жақсы! Енді өздеріңді стикер арқылы бағалай қойыңдар.
«Жетістік баспалдағы» Оқушылар түрлі-түсті стикерлерге өздерінің есімдерін жазып, баспалдаққа жабыстыру арқылы өздерін бағалайды. | Қима сөздер Стикерлер арқылы | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
| Стикер арқылы бағалайды. Өздік жұмысты бағалау. |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
СЕНІМ
ҚУАНЫШ
БІЛІМ
ҚОРҚЫНЫШ
СЕНІМСІЗДІК
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?