Өрнектерді түсіну. Теңдік дегеніміз не? «>» және « < » белгілері.
Сабақ жоспары
Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3B бөлім: Өрнектермен танысу | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Өрнектерді түсіну. Теңдік дегеніміз не? «>» және «<» белгілері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5.2.7 Өрнектерді құру және жазу
| ||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.5.2.7 Сандар арасындағы қатынасты анықтап, оларды салыстыру белгісі бойынша жазу, оқушыларды салыстыру белгісін ажырата білуге үйрету | ||||||
Жетістік критерийлері | «>» және «<» белгілерін ажырата алады; Сандар арасындағы қатынасты «=», «≠»,«>»,«<» белгілері бойынша белгілеуді меңгереді | ||||||
Сөздік қор
| Кем, артық, тең, теңдік, теңсіздік, сол жақтағы өрнектің мәні, оң жақтағы өрнектің мәні. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптасып жұмыс жасай отырып, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру. «>» және «<» белгілерін ажыратуды бекіту үшін жүргізетін сергіту сәтінде оқушылар қолдарын «оңға», «солға», балапанның аузын ашқандай қимыл жасайды. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сандарды салыстыру тәжірибесі бар | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Ұ, Ө) Сабаққа дайындығын бақылау, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен сабақтың тақырыбын еске түсіру үшін оқушыларға «=», «≠» белгілері жазылған кеспеқағаздарды тарату. Оқушыларға екі саннан көрсете отырып, олардың арасына қойылатын белгіні, кеспе қағаздарды пайдаланып, көрсетуді сұрау. Сабақты жалғастыра келе ОМ анықтап алу. | ||||||
Сабақтың ортасы
| (Ұ,МК) Белгісіз санды табуға байланысты ойын ұсыну.Оқушылар сандар тізбегінің ретімен есептеуін ойша орындап, жауабын жазады. Оқушыларға:
Олардың барлығында шыққан жауабы бірдей «7» саны екеніне назар аударту. Нұсқау беріп, ойынды тағы бір рет өткізу.
(Барлық оқушыларда шыққан сан – 5)
(теңсіздік 7=) Оқушыларға берілген теңсіздіктегі сандарды салыстыруды ұсыну, сұрақтар қою:
Алдымен оқушылардан сұрап, содан соң түсінік беру. 7 артық 5-тен өрнегін «математика» тілінде қалай жазуға болатынын айту. Ол үшін «>», «<» - «артық», «кем» пайдаланылатынын айту. Берілген белгінің графикалық бейнеленуін бекіту мақсатында ойын ойнату. Қағаздың екі жақ парағында аузын ашқан балапанның суретін көрсету. Балапан аузын дән көп жаққа ашатынын ескерту. Тақтағы балапанға арналған дәндердің суретін орналастыру (сол жаққа 7 дән, оң жаққа 5 дән). Оқушыларға екі жақтағы дәндерді санап, әр суреттің астына санын жазуды ұсыну. Олардан қорытындылап айтуды сұрау:
Аузы ашылған балапаннң суретін сол жаққа қаратып ілу. Сандар арасына артық таңбасын қою. Шыққан нәтижені оқыту: 7>5 (жеті бестен артық ). Оқушылар жұбының әрқайсысына «артық», «кем» белгісі және 1-20 сандар жазылған кеспеқағаздар таратып беру. Жұптаға оқушылар санды алып көрші алған санмен салыстырады. Алған санының ортасына тиісті белгісін қойып, шыққан өрнекті оқиды. (Ұ, Т,ЖЖ) Тақырыпты бекіту. Оқушыларды 5-тен топтастыру. Оларға сурет бойынша мүмкін болатын барлық санды теңсіздіктерді құрастырып, салыстыру белгісін пайдаланып, оларды жазып шығуды тапсыру. Топтағы оқушылар ламинатталған қағазға жазып, талқылау кезінде сынып оқушыларына көрсетеді. Сергіту сәті. «СУ-ЛИ-ФА» ойнын ойнату арқылы тақырыпты бекіту. Ойынды жұппен орындауды ұйымдастыру. Жұптастыру барысында қабілеті әр түрлі оқушыларды біріктіруді көздеу. Жұптағы оқушылардың әрқайсысы «СУ-ЛИ-ФА» дей келе, 10 көлеміндегі санның біреуін саусақпен көрсетеді. Оқушылар шыққан сандармен теңсіздік құрастырып, ламинатталған қағазға жазады. Әр жұптың қасына барып, құрған теңсіздікті оқыту. Мұнда қабілеті орташалау деген оқушыға оқытуды көздеу. Қажет болған жағдайда жұптасынан көмек көрсетуді сұрау. Тапсырманы оқулық бойынша жалғастыру. Санды теңсіздіктер тура болу үшін, берілген текшедегі нүктелерді санатып, олардың арасына қандай белгі қою керек екенін айтқызу. «Шығарып көр» тапсырмасын орындауды ұсыну. Иллюстрацияға қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну:
Тақырып бойынша жұмысты жалғастырып, тапсырманы дәптерде өздігінен орындауды сұрау. «>», «<» белгілерін қойып шық. Оқушылар фигуралардың санын анықтап, оларды санмен белгілейді. Теңсіздіктер құрастырып, сандардың ортасына салыстыру белгісін қояды. Кестенің бос бөлігіне берілген тапсырмаға ұқсас тапсырма құрастырып жазады. | Қағаздың екі жақ парағында аузын ашқан балапанның суреті ; Балапанға арналған дәннің суреті; 1-ден 20-ға дейін сандар жазылған кеспеқағаздар; «=», «≠» белгілері жазылған кеспеқағаздар | |||||
Сабақтың соңы | (Қ) Сабақтың соңында оқушылар өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында жеке парақтағы тапсырманы таратып, орындауды сұрау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
«СУ-ЛИ-ФА»ойынын ойнату барысында теңсіздіктерді құрастыруға/оқуға қиналатын оқушыларға қабілеті жоғары оқушылардың көмегіне жүгінуге жағдай туғызу. Оқушыларға бірін-бірі оқытуына жағдай жасау арқылы көшбасшылық қабілеттерінің оянуына септесу. | Сабақ барысында комментарий беру, мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?