Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы

Оқу мақсаттары:

7.Т1.Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Дескрипторлар:

Мәтін бөліктерінің мағынасын түсінеді;

Мағынасына сай тұтас мәтін құрастыра алады.

Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады және өзіндік қорытынды жасай алады.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;

Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жаза алады.

1-тапсырма

1-топқа:

Өскеменде жапондық роботтар көрмесі өтті. Жұрттың назарына адамға қолғабыс бола алатын роботтар мен Гиннес рекордтар кітабына енгізілген гуманоидтар ұсынылды.

"Вилли" роботы үйді күзетуге қауқарлы. Тіпті бала да баға алады. Тіпті бұл роботтар да шаршайды екен. Өте ашулы роборапторға саусақ шошайтуға болмайды, тістеп алады.

Билеуден алдына жан салмайтын робобилдер, ақылды, әрі, елгезек робоанниматроник-шимпанзе және тағы басқа гуманоидтер жиналғандарды әсте таң қалдырды. Мысалы, Гиннес кітабына енгізілген әлемдегі ең кішкентай адам теңдес робот бар. Оның бойы 16 см. Түймедей құрылғы 200-га тарта бағдарламаны орындай алады.

Көрмеде тұрған робот-андроидттар елімізде сатылмайды. Алайда Жапония, АҚШ сияқты елдерде мұндай роботтардың құны бір мың доллардан асатын көрінеді.

2-топқа:

Құлпынайды тездетіп жинау әдісін жапондықтар ойлап тапты. Shibuya Seiki компаниясының инженерлері піскен құлпынайды өзі тауып, үзе қоятын роботты шығарды. Биіктігі 2 метрге жететін робот егістік қатарын аралап, піскен құлпынайды өзі ажыратады. Ажыратып қоймай, арнайы себетке тездетіп теріп, уақытты үнемдейді. Бір құлпынайды үзуге небәрі 8 секунд уақыт кетеді.

Үш бейнекамерасы жұмыс жасайтын, бұл құрылғының механикалық қолдары да бар. Олар жемісті үзуге арналған.

Аталмыш туындыны жасауға Жапонияда жиналатын құлпынай процессі әсер еткен. Өйткені, бұл елде оған ұзақ уақыт жұмсалған алғашқыда. Ал, роботты жасаушылар енді мұны жеңіл жұмысқа айналдыруға әбден болады деп отыр.

Дескрипторлар:

Мәтін бөліктерінің мағынасын түсінеді;

Мағынасына сай тұтас мәтін құрастыра алады.

2-тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=yQ3P51gczR4

Жазылым алды тапсырма:

Заманауи технологияның тиімділігі мен зиянды

әсері туралы пікір алмасады.

Заманауи

технологияның

тиімділігі

Заманауи

технологияның

зиянды әсері

 

Жазылым тапсырмасы

«Ғылым мен технологияның дамуы – заманауи өмір талабы» деген тақырыпта эссе жазу (120-150 сөз).

Дескрипторлар:

- Тыңдалым мәтінінің ерекшелігін салыстырады

және өзіндік қорытынды жасай алады.

- Эссе құрылымы мен дамуын сақтап жазады;

- Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жаза алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу