Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, презентация.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй.Абай Құнанбайұлы
Құлақтан кіріп бойды алар,
әсем ән мен тәтті күй...Оқу мақсаттары:
О4. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру.
А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.
Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау.
Сабақ мақсаты:
Оқылым мәтіндерінің құрылымын салыстыру; тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді ойын әсерлі жеткізуде қолдану; тыңдалым материалының тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.
Бағалау критерийлері:
Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады;
Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданады, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді;
Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды.
1-тапсырма.
Оқылымалды тапсырма. Ж
Қазақтың қандай атақты күйшілерін білесіңдер?
Күйдің құдіреті дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазақтың домбырасын әлемге танытқан қандай әнші-күйшілерді білесіңдер?
Оқылым тапсырмасы. ЖЖ.
Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, ВЕНН диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж.
«Кейіпкерге хат» әдісі бойынша мәтін кейіпкеріне хат жазады.
1-қадам: Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз.
2-қадам: Мәтіннен басты кейіпкерлерді таңдаңыз.
3-қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс-әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек.
4-қадам: Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс.
Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?
4-қадам: Осы сұрақтарға өздеріңіз мүмкіндігінше балама жауап ұсыныңыз. Мүмкін,... ... болған шығар?
5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазыңыз.
2-тапсырма.
Тыңдалымалды тапсырма. Ж
Ән-күйге қатысты қандай аңыздарды білесіңдер?
Сол аңыздар шындыққа қаншалықты жанасады?
https://www.youtube.com/watch?v=7lDWtxLMh2g
Тыңдалым тапсырмасы.
«Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызының бейнематериалын 03.50-09.28 аралығында тамашалап, берілген кестені толтырыңыздар.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Күй немесе ән туралы СИНКВЕЙН әдісі арқылы 5 жолды өлең құрастырыңыздар.
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
Дескрипторлар:
Өз ойларын еркін білдіреді;
Тірек сөздерді анықтайды;
Мәтін тақырыбын анықтайды;
Негізгі ойды табады;
5 жолды өлең құрастырады;
Сөз таптарын орынды қолданады.
Кері байланыс «3 Қ»
Қиын
Қызық
Қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру