Компьтердің тілін табу – өнер. (3-сағат). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Қызығушылықты ояту

танымал

атақты

негізін қалаушы

өзгерту

даму

заманауи

дүниежүзі

ойлау қабілеті

Тірек сөздер

Дерек/мәлімет

1-топ мәтіні

Билл Гейтс — қазіргі заман бизнесінің әлем мойындаған бірегей феномені мен техномагнаты. Нарықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы көшбасшы атанған ең бай тұлға. Билл Гейтстің ұлы идеясы: «Әр үстелде және әр үйде — компьютер». Біле білсеңіздер экран, клавиатура осыдан жиырмы жыл бұрын ғылыми қиял болған. Ерте кезден-ақ Гейтс компьютердің индустриялы жетістігі үшін ең бастысы — стандарттар жасау керектігін түсінді. Ол осыны ең бірінші жасап шыққандар ғана, бүкіл компьютерлік өнеркәсіпте билікке жететінін де ұғынды. 

Гейтс он екі жасынан бастап компьютерге деген ерекше құлшыныспен қарады. Колледжде оқып жүргенде өзінің кейінгі әріптесі Пол Аленмен әр түрлі бағдарламалық жобаларға көптеп қатысты. Кейін ол Алленмен Microsoft компаниясын құрады.

1975 жылы студент кезінде ол Аленмен бірігіп, компьютер тілдерінің бірі — BASIC нұсқасын жасады. Алғашында екі адамнан құралған ұжымда қазір қырық сегіз мыңнан астам адам жұмыс істейді және 25 миллиард доллардан астам таза кірістері бар.

2-топ мәтіні

Facebook Марк Цукербергтің компьютеріндегі бір жоба ғана болатын. Егер ол өзінің қалауы болғанда оны әлдеқашан сатып жіберген болар еді. Ол желіні сатудан бас тартты. Себебі ол Thefacebook-ке белгіленген сомаға емес, болашақта әлемді дүр сілкіндіретін жобаға қызықты. Facebook кішкене бастама болғанымен, Марктің мақсаты үлкен болды. Алдымен Facebook бір университеттің (Гарвард) деңгейіндегі жоба еді. Сосын Yahoo компаниясы желіні 1 миллион АҚШ долларына бағалағанда, ол миллиондық жобаға айналды. Дегенмен, Марк оны миллиардтық сатыға жеткізді.

Марк Цукербергтің үлкен мақсаттары мен тамаша жоспарлары болатын. Ол бүкіл әлемді өзіне тартатын ықпалды ойластырды. Миллиондаған қаржыны қамтитын капиталды күтпей, өзінің университеттегі жатақханасынан, бар жоғы бірнеше мың АҚШ долларымен бастады. Ал қазір ол әлемдегі ең жас миллиардер атанып отыр.

Марк Цукерберг Facebook-ті ғаламтордың негізгі орталығына айналдыруды мақсат етті. Ол Google-мен бәсекелес болуға дейін барды. Тәуекелге бас ұрмаған кәсіпкер сәтті бизнеспен айналыса алмайды. Марк Цукерберг те тәуекелдің аттауынан өтті. Марк Facebook желісін дамыту үшін оқудан кетіп, тәуекелге барды. Google-ға қарсы келіп, тәуекелге барды. Демек, тәуекелсіз үлкен дүмпу орын алмайды.

Қалыптастырушы бағалау. Кестеде түрлі түсті қарындашпен күлтешені бояп, өз ойларынды білдіріңдер.

Жасыл - жақсы түсінді, оқу мақсатын орындай алды;сары - әлі де дамытуы керек; қызыл - мүлде түсініксіз

Бағалау критерийлері

1

Шағын көлемді мәтін мазмұнына жоспар құра алады

2

Жоспарға сай ойын баяндай алады

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?

1. Не үйрендік?

2. Не оңай болды?

3. Не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу