Қожа бейнесі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Екіншы тарау

1-топқа

Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне делсал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы бойда барып, күмп етіп, өзенге қойып кетер ме еді.

 Өзен бойына көз тіксем, қыздар шомылып жүр екен. Мейлі, шомыла берсін, оларға да салқындау керек қой. Ал мен әуелі тамақтанып алайын, ішім итше қыңсылап, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтып жібере жаздап келе жатқам жоқ па.

 Қораның бұрышын айнала бергенім сол еді – көзім есік алдындағы тажалға түсті. Жүрегім дір етіп, бойымды дереу жиып алғандай болдым. Тажал тапжылар емес. Ежелгі дағдысы бойынша біздің босағаны иіскеп, мелшиіпті де қалыпты.

 Тажал деп отырғаным сыры көше бастаған, жағал-жағал үш дөңгелекті, көкшіл көне мотоцикл. Әр жексенбі сайын оның көрген күні осы, біздің қорадан шықпайды.

 Мотоциклдің иесі – көрші колхоздағы комбайншы жігіт Қаратай. Жігіт деймін-ау, қайдағы жігіт. Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу.

 Қаратайды мен қандай жексұрын көрсем, жағал мотоциклді сондай жексұрын көрем. Өйткені оны құстай ұшырып, зырылдатып, лезде алып келетін осы антұрған емес пе.

 Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған екен. Әйелі дүние салды деген сөз, өзі бойдақ қалды деген сөз. Ал өзі бойдақ қалғаннан кейін тағы да үйленбекші. Осы арада кімге деген сұрақ туады. Дүниеде өзге әйел құрып қалғандай Қаратайдың есек дәме көңілі менің Миллат мамама ауатын тәрізді. Жағал мотоциклдің әр жексенбі сайын біздің босағаны иіскеп, қаңтарылып тұруындағы гәп міне, осы.

 Әрине, бұл мәселе жөнінде менен ақыл-кеңес сұрап жатқан ешкім жоқ. Бірақ мен Қаратайға іштей кіжінемін де, атаңның басы менің мамам тиер саған, деген сөзді айтамын.

Үйге кіре беріп, мен мотоцикл дөңгелегін теуіп жібердім. Кім иемденсе, соған құлшылық ететін меңіреу техника бұған не жауап қатсын. Зырқ етіп, бір тербелді де, үнсіз қала берді.

 

2-топқа

 Ауыз үйде әжем күбі пісіп тұр екен. Ертеден қара кешке бір тыным алмайтын бейнетқор әжем-ай. Күмпілдетіп піскенде, қарашы, күбінің түбін түсіре жаздайды. Орамалы сырғып, желкесіне түсіп кеткен. Көпті көрген бурыл басы бусанып, тер иісі келеді. Қолымдағы допты тарс еткізіп, босағаға тастай бердім де, мен сол екпініммен төр үйге қарай беттедім.

 Жұмысын дереу доғарды да:

  • Әй, мына түріңмен қайда барасың? Онда кісі отыр, - деді әжем.

Өзі қызық кісі, кім отырғанын мен білмейді деп ойлай ма екен.

  • Кісі болса қайтушы едім!

 Даусым қатты шығып кетті. Мейлі, естісе, ести берсін. Есікті жұлқып ашып, кіріп келдім. Қаратай мен мамам терезе алдындағы столда, әдеттегіше, бетпе-бет әңгімелесіп отыр. Екеуі бірдей маған қарады. Қаратайдың жүзінде менің келуімді жаратпаған абыржу бар. Ал мамамның тіксініп шытына қараған қабағынан мына тасыр жүрісімнің оған да ұнамағанын бірден аңғардым.

 Осы бойда бұрыштағы шкафыма қарай өтіп бара жатыр едім, Қаратай күлімсіреген дауыспен:

 -        Әй, Қожатай, сәлем қайда?- деді.

 Жасы үлкен таныс адамға сәлем бермеу - көргенсіздіктің белгісі деп, мамам мені талай баулыған. Солпарызымдыамалсызөтеп:

 -        Саламатсызба,- дейсалдым.

 Үлкендердіңүстінебұйымтайсыз, етқызулықпенкіріпкелгендіктен, ендіамалсызданбірдеңеістеуімкерекболды. Ту сыртымды мамам мен Қаратайғаберіп, шкафтыңеңтөменгісөресіндегі газет-журналдардымақсатсызақтарып, күйбеңдепжатырмын. Ненііздеп, ненітабаалмайжатқанымдыбірқұдайөзібіледі. Ал екіқұлағым мамам мен Қаратайда.

 -        Иә, биылғыкөктемжауындыболды,- депбастадыҚаратайендігіәңгімесін. - Біздің "Коминтерннің" астығы да белуарданкеп, жайқалыптұр. Ендікүзгібұршақ-нөсерденаманболса, жұртрызығыжаман бола қоймас.

 

3-топқа

 Әңгіме желісінен жалт беріп, Қаратайдың не болса соны айтып кеткенін мен бірден түсіндім де, тағы не дер екен деп, еңсемді көтерместен, өзіммен өзім болғансып, күй-беңдей бердім.

 -        Жаман бола қоймас,- деп қоштады мамам Қаратайды бейқам үнмен. Оның даусынан: "Ех, Қаратай, менің баламды өйтіп алдарқата алмайсың. Ол бәрін де сезеді, бәрін де түсінеді" деген мағына аңғарылатын еді.

 Арадабірнеше минут үнсізөтті. Кенетмамамның:

 -        Балам,- дегенқатқылүніестілді,- сеніңсоншакүйбеңдеп, табаалмайжатқаның не зат?

 Бұлсөзмағаналтыөрмеқамшыменжоталататартыпжібергендейәсеретті. Әсіресе, "балам" дегенсөздіңзәрікүшті-ақеді. Өйткеніжайшылықта мамам меніңатымдыатайтын. "Балам" дегенмынауресмиүні "үлкендердіңсөзінетыңшылықістемекболғанбұлсасыққұлығыңдытаста" деп, жекіргенменбірдейеді. Соны тез ұқтым да, қолыматигенбіржурналдыұстап, тайыпотырдым.

 Қаратайбұлкүнібіздікінекей-кейдегідейұзақотырыпалғанжоқ. Меніңсоңымнанкешікпейол да шықты. Басқауақытта, кетерінде, әжемменкөңілдіқоштасып, маған да бірнешежылықалжың, ойынсөздерайтып, жаратпағанымақарамастанарқа-басымнанқағыпаттанатын. Кейде: кел, отыр, ауылдыбірайналдырып, серуендетіпәкелейіндеп, жалбақтап, көңілімдітапқысыкелетін. Бұлжолыолайемес, қарасұржүзіонанәрменкүреңітіп, еңсесітүсіпшықты. Ауызүйдіңтөріндетамақішіпотырғанменіқоюқастысалбырағанауырқабағыныңастынансолғынғанабіршолды да, үндемеді. "Бәйбіше, хошболыңыз",- деп, әжемеарнағансөзін де әйтеуірміндетсанап, иегіненоздырмай, жүрдім-бардымайтып, бөгелместеншығыпкетті. Ендібірсәттемотоциклдіңпырс-пырсетіп, шашала от алғанүні, оныңсоңынанмылтықатылғандайпатырлап, құлақтесерлікжайсызбіріртікдауыстарестілді. Біздіңқорадансуырылашыққан осы үнүсті-үстінежиіліп, көшеніңбасынақарайалыстап бара жатты.

 Мен өзойымнан хабар беремінжәнеқұмдағыізжайлысөзболады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу