Мамандықтар туралы талқылау (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мамандықтар туралы талқылау (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1 мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Мәтіннің жанрын ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Мамандық, таңдау, болашақта, ер жеткенде, қол жеткізу, арман, бала кез, қызығушылық, қалақ, тырма, кетпен, ине салу, қызу өлшеу

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сөйлеуде қалау райды, тәуелдік, жіктік жалғауды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Қадамдар» ойыны. Оқушылар берілген мамандық атауының атынан сөйлеп, қадамдар жасайды. Бір сөйлем – бір қадам. Көп сөйлем айтқан оқушы жеңімпаз атанады.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Т) Мен білемін! Оқушылар топта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Ол үшін балаларға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алады. Түпнұсқамен салыстыру арқылы өз-өзін тексереді. Мәтін жанрларына қатысты ақпарат алады.

Өлең

Ұйқасқа құрылады, шумақтардан тұрады.

Мақал-мәтел

Көлемі шағын, көбінесе 2-4 жолдан тұрады, адамдарға ақыл үйретеді

Әңгіме

Сюжеті болады, кейіпкерлері болады, ұйқас болмайды

) «Ойлан, айт» Оқушылар жұпта берілген мәтіндердің жанрлық ерекшелігін ажыратады, өз ойларын дәлелдейді.

І

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді

Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең», - деймін.

ІІ

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Еріншектің ертеңі бітпес.

ІІІ

Ербол мен Айдос – достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Бүгін олар сабақта мамандық туралы тақырып өтті. Мұғалім үйге болашақта кім болатындары жайлы жазып келуге тапсырма берді. Ербол ойланып, дәрігер мамандығы туралы жазды. Ал Айдос әскери адам болғысы келетінін жазды.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы орындау қиын болған жоқ.

- тапсырманы орындау аздап қиын болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

(Ө) «Ойлан, тап». Оқушылар мамандық тақырыбына қатысты берілген тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма. Өлеңді оқы, көп нүктенің орнына тиісті мамандық атауларын қойып жаз.

Мен ................ боламын,

Суреттерді саламын.

Марапатқа ие болып,

Бірінші орын аламын.

Мен ................. боламын,

Бәрін емдеп жазамын.

Адамдарды құрметтеп,

Бәріне ие боламын.

Ал мен ........... боламын,

Өлеңдерді жазамын.

Ақындыққа ие болып,

Бәрінен озып шығамын.

2-тапсырма. Мәтіннің жанрын анықта. Ойыңды дәлелдеп жаз.

3-тапсырма. Берілген суреттердегі мамандық атауларын жаз.

Дескриптор:

  • көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды;
  • мәтін жанрын анықтайды;
  • өз ойын дәлелдейді;
  • мамандық атауларын дұрыс жазады.

Сабақтың соңы

3 мин

«Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу