Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.


Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту

Мұғалім:

Кушерова Л.К.

2017жыл

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасының рәміздері. Ту

Сабақтың мақсаты:

Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында нақтылап сұрайды.

Каллиграфиялық нормаларға сәйкес әріптердің өзара байланысын сақтап, бір сызықта көркем жазады.

Қазақстан республикасының мемлекеттік туы

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспандыбейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Күн астында қалықтаған бүркіт бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығын білдіреді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен кескінделген ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Рефлексия «Баспалдақ»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу