Туған күніңмен! №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


1-сабақ «Туған күніңмен!»

Сөздік:

Құттықта – жылы тілек айту

Өткіз – тойлау, қонақтарды шақыру

1-топ

2-топ

3-топ

Оқылым тапсырмасы:

(Ұ) Мәтінді мұқият оқы. Тірек сөздерді анықта.

Туған күн – әрбір адам үшін ерекше күн. Күні бойы сені достарын құттықтайды. Сыйлық сыйлайды, жылы тілек айтады. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, торттағы балауызды өшіреді. Туған күн – сенің өміріндегі ең басты асыға күтетін мейрам. Сондықтан оны көңілді өткіз!

(Ж) Сұрақтарға жауап бер.

1) Мәтін не туралы?

А) сыйлық туралы

В) торт туралы

С) туған күн туралы

D) қонақтар туралы

2) Бұл қандай мәтін? Белгіле ()

әңгімелеу мәтіні

сипаттау мәтіні

пайымдау мәтіні

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Туған күнге арнап «Бес жолды» өлеңді құрастыр.

Ережесі:

бірінші жолда 1 зат есім;

екінші жолда 2 сын есім;

үшінші жолда 3 етістік;

төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу;

бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Үлгі:

Думан.

Көңілді, қызықты.

Сыйлаймыз, ән айтамыз, би билейміз.

Анама туған күніне сыйлық жасадық.

Мереке.

Дескриптор

«Бес жолды» өлең құрастырады;

Зат есім, сын, есім, етістік сөздерін дұрыс қолданады.

Бағалау:

Әр жұп өлеңдерімен алмасады.

Оқушылар бір-бірлерінің өлеңдерімен танысып, бағалайды.

Авторы: ___________________

1.

2.

3.

4.

5.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу