2-сабақ. Дина күй шертеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 2-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Дина күй шертеді

 

 Сабақтың мақсаты:

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

 

 Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері, стикер.

 

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.
  • Тақырып бойынша әңгіме құрайды.
  • Сұрақ-жауапқа қатысады.

Сабақтың басы.

Үй тапсырмасын тексеру. «Доп лақтыру» әдісі. Мұғалім допты оқушыларға қарай лақтырады. Допты қағып алған оқушы үй тапсырмасын айтады. Дайындап келген жауабын айтып болған соң, ол допты қалаған адамына лақтырады. Бұл сөз беру әрекеті осылай жалғасады (уақытқа қарай үй тапсырмасын 5-6 оқушыдан сұрап шығуға болады).

Ой қозғау. Өткен сабақ тақырыбын еске түсіріп, бүгінгі сабақта оны жалғастыру, балаларды коммуникативтік қатынасқа тарту мақсатымен оқушыларға тиісті сұрақтар қоясыз:

1. Өткен сабақта кіммен таныстық?

2. Күй өнерінің қыр-сырын ол неше жасынан бастап үйренді?

3. Айналасындағы адамдар оны қалай атады?

4. Динаның ұстазы кім болды?

5. Динаның өзі шығарған күйлерін атай аласыздар ма?

Оқушылар 1-3 сұрақтарға жауап беріп, 4-сұрақтың жауабын шамалап, 5-сұраққа жауап бере алмайтындары белгілі. Сол кезде: «Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақтан білетін боламыз», деп, өткен сабақ тақырыбын жалғастырасыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:

Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Берілген тақырып бойынша диалог құру.

Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыру.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғасында» «ірі» сөзінің тура және ауыспалы мағыналарына жақын сөздерді (үлкен, маңызды, көрнекті, танымал) беру арқылы жаңа сөзді меңгертіңіз.

Оқылым. Алдымен оқушыларға мәтінді оқып, мазмұнымен танысуды тапсырыңыз. Содан кейін оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырулары қажет. Сұрақтың жауабын өзі қалаған сыныптасынан сұрайды. Осылай оқушылар кезекпен-кезек сұрақ қойып, жауап берулері керек.

  Дескрипторлар:

- сұрақтарға дұрыс толық жауап береді;

- сөздерді орфоэпиялық нормаға сай қатесіз айтады.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаласын.

 

 Оқылым. Айтылым. «Мені түсін» әдісі бойынша бір оқушы берілген сөз тіркестерін (дарынды қыз, атақты күйші, күй шертеді, күй үйренеді, күй шығарады, танымал ірі күйлері) дауыстап оқиды. Басқа оқушылар оның кім туралы айтып тұрғанын түсініп, қысқаша сөйлемдер құрулары қажет. Мысалы, бір оқушы «күй үйренеді» десе, басқа оқушылар «Дина күй үйренеді», «Кішкентай қыз күй үйренеді», «Дина Құрманғазыдан күй үйренеді» деген сияқты жауаптарын ұсыну қажет.

 

Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз.

Жай сөйлем

1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді.

2. Ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

себебі ...

Құрмалас сөйлем

Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді, себебі ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

 

Оқушыларға үлгі бойынша мына жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құруды тапсырыңыз: 1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаға батасын береді.

 2. Ол Динаның өнерін жоғары бағалайды.

 

Сергіту сәті. Оқушыларға Динаның бір күйін тыңдатыңыз. Ресурстар:

https://massaget.kz/mangilik_el/sikyirlyi_saz/kuy/28312/

https://www.youtube.com/watch?v=c9jlfpQYEmA

 

 Айтылым. Оқушыларға жұптасып, «Құрманғазы мен Дина» тақырыбында диалог құруды тапсырыңыз. Диалогте тақырып бойынша берілген жаңа сөздерді пайдаланулары қажет. 2 жұптың жауаптары тыңдалып, «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз. Дескриптор:

  •  тақырыпқа сай диалог құрайды;
  •  сөздерді дұрыс байланыстырады.

 

Оқылым. Сабақ мазмұнына сәйкес кестеде берілген «Дина – қазақтың атақты күйшісі», «Дина домбыраны тоғыз жасында үйренді», «Дина Құрманғазыны іздеп келді», «Дина Құрманғазыдан күй шертуді үйренеді», «Құрманғазы – Динаның ұстазы» деген сөйлемдерді оқытып, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтатыңыз.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаласын.

Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. «Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Неліктен?» деген сияқты сұрақтар арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.

Сабақты өте жақсы меңгерсе – «Алма» ағашына, жақсы түсінсе – «Бәйтерек» ағашына, ал түсініксіз болса, «Тікенек» ағашына стикер қалдыруды сұраңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу