Дара тұлға № 8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)

6-тарау

Атақты тұлғалар

Сабақтың тақырыбы: Дара тұлға 8

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым, айтылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы тілдерін жаттықтырады. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту, психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар Тоқтар Әубәкіров туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
  • Тақырыпқа көшу мақсатында «Батыр» деген сөзге ассоциация айтады және сұрақтарға жауап береді. Батыр деген кім? Батыр қандай болу керек? Қандай батырларды білесіңдер? сияқты сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасатыңыз.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
  • Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
  • Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Оқылым

Мәтінмен жұмыс жасауға кіріспес бұрын, оқушылар «Сен білесің бе? Бауыржан Момышұлы» туралы бейнефильм көреді. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушылар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Бұл оқушылардың ойларын шоғырландыруға, мәтіннің кім туралы болатынын болжауға жағдай жасайды. Мәтінді мұқият оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Алдымен, мәтінді дауыстап (іштей) оқытады. Оқушының түсінігі қалыптасқан соң жұптасып жұмыс істейді. Алдын-ала дексриптормен танысады.

Содан кейін әр оқушының алдына мәтін таратылады. Оқушы жұмысын жеке орындайды. Берілген мәтіндерді жанрымен сәйкестендіреді, тақырыбын анықтайды.

  • Айтылым

Оқушылар суретті пайдаланып тірек сөздер арқылы батырлар туралы сипаттау мәтінін құрап айтады. Оқушылар суреттердің ішінен бір батыр тұлғаны таңдап, суретті өз жұбына сипаттап айтып береді, өзара талқылайды. Жауаптарын барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 жұптан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында жұптар тақтада көрсетілген критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

  • Жазылым

Бұл тапсырма жеке орындалады. Оқушылар суретте берілген бұлттардағы сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіреді. Сәйкес келген сөз орамдарын оқиды. Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуына және қатесіз жазылуына мән беріңіз. Содан кейін осы бұлттарды пайдалана отырып, Бауыржан Момышұлы туралы мәтінді мазмұндайды.

  • Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибе барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда қажет, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.

  • Сергіту сәті:

Зеңгір аспан көгілдір

Алтын  күн  төрінде

Тамылжытып  төгіп   тұр.

Шаттық  сыйлап   көңілге

  • Рефлексия

Адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі қажет. Мұғалім оқушылардың сабақтың соңында сабақтың түсінген, түсінбегендерін білу мақсатында «Ай» әдісі арқылы (толық ай - сабақты толық түсіндім, жарты ай - мен жартылай түсіндім, әлі де сұрақтарым бар) кері байланыс стикерін таратады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу