Төрт мезгіл туралы оқу (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төрт мезгіл туралы оқу (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 1 – 1,5 минуттан артық емес) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/ сюжетті суреттер/ сызбалар таңдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.

Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.

Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға еркін, толық жауап береді және оған сәйкес суретті таңдайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сәйкес келетін суретті анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Жыл мезгілдері, күз, жапырақтар сарғаяды, жемістер піседі, құстар ұшып кетеді, мектепке барады, күн салқын, жиі-жиі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Көктемде, жазда не болатыны жайлы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Сөйлемдер тізбегі»

Оқушылар көктем немесе жаз туралы мұғалімнің бастап айтқан сөйлемін жалғастырып, бір сөйлемнен қосып тізбек жасайды. Тізбекке қосыла алмаған оқушы тізбектегі барлық сөйлемдерді қайталайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

7 мин

(Ж) Сөз сыры. Оқушылар сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады. Сурет пен сөзді байланыстырып оқып көреді, сол арқылы жаңа сөздердің мағынасын таниды.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.

  • күн салқын
  • сарғаяды
  • піседі
  • ұшып кетеді
  • жиі-жиі жауады

(Ө,Т) «Тыңда, айт». Оқушылар күз туралы мәтінді тыңдап, тапсырмаларды орындайы. Жасаған жұмыстарын шағын топтарға бірігіп тексереді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту.

Күзде күн салқын болады. Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Күзде жапырақтар сарғаяды, жемістер мен көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күзде жиі-жиі жаңбыр жауады. Күзде балалар мектепке барады.

1. Мәтін не туралы?

А) Күз

В) Жаз

С) Қыс

Д) Көктем

2. Күз айларын белгіле.

Маусым

Қыркүйек

Наурыз

Қаңтар

Қазан

Қараша

Сәуір

3. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты белгіле.

Күзде күн салқын болады.

Күзде балалар көлде шомылады, демалады.

Күзде құстар ұшып кетеді.

Күзде жапырақтар сарғаяды.

4. Сұраққа жауап жаз.

Күзде балалар не істейді?

________________________________________________

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

  • Мен мәтінді түсіндім.
  • Маған тапсырмалар қиын болған жоқ.

) «Алтын сандық» Оқушылар мәтін негізінде 1 сұрақ құрастырып, сандыққа салады. Сандықтағы сұрақтар араластырылған соң, бір-бірден алып, сұраққа жауап береді.

Дифференциация. Қабыладу деңгейі орташа оқушылар сұрақты мәтінге қарап құрастырады.

Тапсырманың мақсаты – мәтінге сұрақ қою дағдысын дамыту.

Дескриптор:

  • сұрақты дұрыс құрастырды;
  • сұраққа дұрыс жауап берді.

Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия. «Балдық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу