Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4. Туған өлкем

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп (дауыс ырғағын дұры қойып)/ рөлге бөліп оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шағын мәтінді мұғалімнің көмегімен түсініп, мәнерлеп оқиды.

Көптеген оқушылар: шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды.

Кейбір оқушылар: шағын мәтінді толықтай түсініп, мәнерлеп оқиды.

Бағалау критерийлері

Мәтінді түсініп оқиды.

Тілдік мақсаттар

Жануар, орман, апару, жіберу

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тәуелдік жалғауды қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?» Оқушылар берілген сөз бен суретті байланыстырады.

Биік, асқар тау

Мөлдір өзен

Терең көл

Қалың орман

Байтақ дала

Сұлу табиғат

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

1 мин

7 мин

) «Мен білемін!». Оқушылар берілген сурет бойынша сөз тіркестерін жазады және сөйлемдер құрастырады.

(Ө,Ж,Т,Ұ) «Үстел басындағы әңгіме». Оқушылар әңгіменің бастапқы бөлігін тыңдайды. Содан соң әңгіменің қалай жалғасатыны жайлы алдымен өздері ойланып, содан соң жұпта бөліседі. Содан кейін топта айтады. Соңында шеңберде дұрып барлығы өз ойларымен бөліседі. Кімнің нұсқасы жақсы шыққаны жайла өз ойларын айтады.

 Әлидің үйі орманның қасында. Бір күні ол бөлмесінде кішкентай, қоңыр тиінді көрді. Әли әкесіне барды.

-Әке, менің бөлмемде тиін жүр. Ол қайдан келді?

 - Ол орманнан келді.

 -Әке, ол менде қалады. Менің досым болады, - деді Әли.

 ...................

 -Жоқ, балам, тиін - орман жануары, ол орманда мекендейді. Орманда жаңғақпен қоректенеді. Ол ормансыз өмір сүре алмайды.

 -Түсіндім әке. Мен оны қазір орманға жіберемін.

Әли тиінді орманға апарды. Тиін ағашқа секірді. Ол көңілді.

(Ө) «Оқы, біл». Оқушылар мәтінді оқып, өз нұсқаларымен салыстырады. Таныс емес сөздердің мағынасын ашады.

Сергіту сәті. Тақпақты бірге айтып, қимылдарды жасайды.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бір орында қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық!

(Ө) «Ойлан, жаз!» Оқушылар мәтін негізінде сөйлемдерді толықтырып жазады.

1. Әли бөлмесінде ..................... ..................... көрді.

2. Әли тиінді ............... көрсетті.

3. Тиін .............................

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс толықтырады.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу