Дене мүшелері – идеяларды есте сақтау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Дені саудың – жаны сау

Күні:

Сынып: 1 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дене мүшелері идеяларды есте сақтау (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толықтай түсінеді.

Бағалау критерийлері

Жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Бас, шаш, көз, ауыз, мұрын, құлақ, қас, мойын, дене мүшелері

Арқа, іш, қол, аяқ, тізе, саусақ, алақан, естиді, көреді, жүреді, тамақ ішеді, иіс сезеді, ұстайды

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Дене мүшелерінің атауларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері».

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

5 мин

3 мин

7 мин

(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар көмектес септігімен танысады. Ол үшін ұсынылған сызбаны оқиды, өздері жалғастырады.

Қол + мен ұстайды.

Аяқ + пен жүреді.

Көз + ...... көреді.

Мұрын +........

(МК) «Суреттер сөйлейді»

Суреттер бойынша дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.

Көзбен көреді.

Құлақпен естиді.

Мұрынмен иіс сезеді.

Қолмен ұстайды.

Аяқпен жүреді.

Ауызбен тамақ ішеді.

(Ө) «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Суретке бойынша сөздерді сәйкестендіреді. Сәйкестендіргендері бойынша дұрыс/бұрыстығын анықтап, сөйлейді.

Аяқпен

Қолмен

Көзбен

Құлақпен

Ауызбен

көреді.

естиді.

жүреді.

тамақ ішеді.

иіс сезеді.

Мұрынмен

ұстайды.

Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» әнін айтып, қимылдар жасайды.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

(Ө) Оқылым. Оқи отырып, мәтінді толықтырады. Шеңбер бойымен оқиды.

Адамда бір бас, бір ........, бір ........., екі көз, екі ........, екі ........, екі ......... болады. Адам көзбен ............., мұрынмен ..........., құлақпен .........., қолмен ............., аяқпен ..............., ауызбен ............. .................

Қажетті сөздер: иіс сезеді,мұрын, ауыз, жүреді, естиді,құлақ, қол, аяқ, көреді, ұстайды, тамақ ішеді.

Дескриптор:

  • көп нүктенің орнына тиісті сөзді қояды;
  • сөйлемдерді дұрыс оқиды.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақтың соңы

5 мин

«Пайыздық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу