Жобалау. Блок-схема. Информатика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін ______________________

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.4А бөлім: Оқыту ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатысушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Жобалау. Блок-схема.

Сабақ түрі

Оқу материалын жалпылау және жүйелеу

Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

жаттықтырушы 2D мини қосымшасын құру

 Сабақ мақсаты

- 2D мини қосымшасына блок-схема құру

 Бағалау критерийлері

Білу

1. Блок-схеманың негізгі блоктарын атайды;

Түсіну

2. Схема схемасының мақсатын түсінеді

Қолдану

3. Қосымшаның блок-схемасын құрады

4. 2D мини қосымшасын құрады

Талдау

5. Блок-схеманың жұмысын талдайды

 Тілдік мақсаттар

 

Блок-схеманың мақсатын және орындалуын ауысша түсіндіреді.

Пәнге арналған арнайы лексика және терминология:

Блок-схема, процесс, әрекет, қосымша.

Диалог пен жазылымға арналған пайдалы сөйлемшелер:

Берілген блок-схема ...сипаттайды

 Берілген әрекет... сипаттайды

 Бұл блок-схема бойынша ...

 Блок ... үшін арналған

Қосымшаны жасау үшін ... қолдандым.

 Құндылықтарды бойға сіңіру

 

Академиялық адалдық – тапсырманы орындау барысында және өзара сыйластық – жұпта жұмыс жасау барысында.

 Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысындағы пәнаралық кіріктіру биология пәнімен байланысты (практикалық жұмыс барысында оқушылар биология пәніне қатысты суреттер қолданады).

Осыған дейін меңгерілген білім.

Жобаны жасау қадамдарын біледі және мобильды қосымшаны жасау ортасын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті. (1 мин)

Миға шабуыл (3 мин)

(сұрақтарға жауап беру, содан соң сөздерді бөлу тапсырмасын орындау)

Жаңа тақырыпқа көшу. (1 мин)

Мақсаты: сабақтың тақырыбын және оқытудың мақсаттарын анықтау.

Мұғалімнің әрекеті: оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру бағалау критерийлерін талқылау.

Оқушылардың әрекеті: бағалау критерийлерін анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

Жұптық жұмыс (10 мин)

Мақсаты: оқушылардың үздіксіз білім беру әрекетін түсіну үшін.

Тапсырма 1.

Мұғалімнің әрекеті: оқушыларды жұпқа бөледі және сұрақ пен жауапты сәйкестендіруді ұсынады (топтық жұмысқа арналған тапсырма құжатындағы карточкаларды алдын-ала қиып қою қажет).

Оқушылардың әрекеті: жұпта жұмыс жасайды, алдыңғы білімдерін еске алады.

Бағалау: БК 1, БК 2

Тапсырма 2.

Мұғалімнің әрекеті: блок-схеманы құруға арналған тапсырманы ұсынады.

Оқушылардың әрекеті: тапсырманың сөздік алгоритімін жазады және оның блок-схемасын құрады.

Бағалау: БК 2, БК 3

Дескрипторлар:

  • Енгізу және шығару блоктарын дұрыс анықтайды
  • Іс-әрекет блогын дұрыс анықтайды
  • Бағдарламаның барлық әрекеттерін (процесс) көрсететін блок-схеманы құрастырады (структура блок-схемы)

Практикалық жұмыс (15 мин).

Мақсаты: тақырыпты бекіту.

Мұғалімнің әрекеті:

  • Тапсырманы және дескрипторларды талқылайды
  • Биология пәніне қатысты суреттерді қолдана отырып 2D мини қосымшасын құру ортасында «Ойлан, тап» қосымшасын құруды ұсынады
  • Программалау тақырыбында деңгейлері төмен оқушыларға жұпты бекітеді (деңгейі жоғары оқушы), олар бірігіп жұмыс жасайды.

Оқушылардың әрекеті:

  • Жобаны құрастырады

2) Бірін-бірі бағалайды.

Бағалау: БК 4

Дескрипторлар:

  • Шартты дұрыс қолданған
  • Ұпай санын есептеуге арналған формуланы дұрыс қолданған
  • Қосымшаға үштен кем емес сұрақ қолданған

Әр топтың жұмысын талдау.

Оқушылар жұптардың жұмысына баға беріп, кері байланыс береді.

Активити (5 мин).

«Ойлан, тап» ойыны.

Ойын ережесі: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топтың мүшесі ортаға сыныптың алдына шығады (арқасымен тақтаға). Топқа тақтада көрсетілген сөзді сипаттау үшін 30 секунд уақыт бар, олар сөзді атамай тек сипаттау қажет. Егер оқушы сөзді тапса, топ 1 ұпай жинайды. Егер сөзді таппаса, онда екінші топ 20 сек ішінде сол сөзді өз тобының бір мүшесіне сипаттап таба алады. Екінші топ сөзді таппаса да, келесі кезек оларда болады.

«Ойлан, тап» ойынына арналған сөздер:

  • Алгоритм
  • Символ
  • Байланыс сызығы
  • Шарт блогы
  • Блок – схема
  • Іс-әрекет блогы

Презентация

Жұптық жұмысқа арналған тапсырма

(қосымша 1)

Практикалық жұмыс

(қосымша 2)

Сабақ соңы

Сабақты қорытындылау (5 мин)

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Оқушылардың жұмысына баға беріп, ұсыныстар айтады.

Рефлексия. Әрбір оқушы өзінің сабақтағы әрекетін көрсететін суреттегі бір адамды белгілейді.

.

Үй тапсырмасы.

2D мини қосымшасын құру. Қосымшаны қолдану Пайдалануға арналған қысқаша нұсқаулықты жазу.

Презентация

СаралауСіз қалайша көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақатау

Жұптық жұмыс кезінде және практикалық тапсырманы орындау барысында..

Бағалау сабақтың әрбір кезеңінде жүзеге асады.

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүкіл оқушылар ОМ-ға жетті ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Осы тарауды сабақ туралы ойлану үшін қолданыңыз. Сол жақ бағанда тұрған сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты қалай жақсартуға болар еді (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып жайында немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

Қосымша 1

Жұптық жұмыс (тапсырма № 1)

Нұсқаулық: Сұрақ пен жауапты сәйкестендір. Мұғалім карточкаларды алдын ала қиып қою қажет.

Қосымша 2

“Ойлан, тап қосымшасы

Сипаты: Кескіннің бір бөлігін басқанда, суреттің сол бөлігіне сәйкес келетін хабар көрсетілетін сынақ қолданбасы. Соңында жалпы ұпай саны есептеледі. Сурет биология пәніне қатысты болу қажет.

Суретпен жұмыс істеудің қызықты жолдарының бірі - кескіннің жасырын бөлімі. Суреттер бірнеше бөліктерге http://imagesplitter.net/ сайты арқылы бөлінеді. Толық кескін батырмалардан жасалады, олардың әрқайсысында бөлек элемент. Осы әдістерге сүйене отырып, суреттер мен батырмаларды пайдаланып сынақ тапсырмаларын жасауға болады

Дизайнер режиміндегі көрініс

Мобильді құрылғыдағы көрініс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу