Тармақталу операторы. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Тармақталу операторы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақ мақсаты

  • Программалау ортасында тармақталу оператормен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру

Бағалау критерийлері

• программалық кодты жазу үшін блок-схеманы қолдана алады

• программа кодын жазу кезінде шартты операторды пайдалана алады

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Айнымалылар, деректер түрлері, тармақ алгоритмі, егер, else

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Шартты оператордың толық түрі бойынша келесі құрылымы бар ...
  • Қысқартылған шартты оператор келесі конструкцияға ие ...

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

0-2 мин

  • Ұйымдастыру сәті

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады

Презентация

Сабақтың ортасы

3-7 мин

8-15 мин

16-17 мин

18-25 мин

26-27 мин

28-36 мин

  • Сыныппен жұмыс: дискуссия

Күнделікті өмірде кездесетін шартты (тармақталу) алгоритм үлгісіне мысал келтіріңіз

• Басқа пәндермен байланыстары бар шартты алгоритмге мысалдер келтір

  • Жаңа тақырыпты есепті шығару негізінде түсіндіру

«Бүтін сан берілген. Егер бұл сан оң болса, онда оған 1 қосыңыз; әйтпесе, одан 2 алып тастаңыз. Табылған нәтижені экранға шығарыңыз».

• блок-схемасын жасау

• программалық кодты жазу

#include <iostream>

using namespace std;

int main()

{

setlocale(0, "");

int num;

cout << "Введите произвольное число: ";

cin >> num;

if (num <>0) {

int b=num+1;

cout << "b=" << b << endl;

} else {

Int b=num-2;

cout << "b=" << b << endl;

}

return 0;

}

  • Сигналдық карточкалармен жұмыс
  • Оқушылар өздерінің көңіл-күйлеріне сәйкес келетін түсті жетонды көтереді:
  • «Алақай! Мен бәрін түсіндім, тәжірибелк жұмысқа кірісе беруіме болады – көк түс.
  • «Әлі де түсінбеген жерлерім бар, тәжірибелік жұмыс жасағанда бәрін түсінемін» –сары.
  • «Өз біліміме сенімді емеспін, тапсырманы орындай алмайтын сияқтымын» – қызыл түс.
  • Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау)

Алгоритмге блок-схема жасаңыз.

Тапсырма: Пайдаланушы үш сан енгізеді - үшбұрыштың бүйірлерінің ұзындығы. Программа пайдаланушыға келесі хабарламаның бірін шығаруы қажет:

• үшбұрыш тең бүйірлі ме;

• үшбұрыш тең қабырғалы ма;

• үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы әртүрлі ме;

• мұндай үшбұрыш болуы мүмкін бе (егер қандай да бір екі қабырғаның қосынласы үшінші қабырғаның ұзындығынан аз болса, мұндай үшбұрыш болуы мүмкін емес).

  • Өзара бағалау. Студенттер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді
  • Жеке жұмыс

Оқушылар таратпа материалдағы әртүрлі қиындықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Презентация

https://code-live.ru/post/cpp-if-else/

Программалық код С++ тілінде берілген

Түсті стикерлер

Программалау тілдері

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Рефлексия.

Сабақтың соңында студенттер сұрақтарға жауап береді:

- Менің білімім ұлғайды

- Маған сабақ тапсырмасы ұнады

- Сабақ мақсаттарына қол жеткіздім

Презентация

Қосымша ақпарат

ДифференциацияСіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушылар есептерді шешу барысында қабілеті төменірек оқушыларға көмек береді, консультация жасайды.

Сабақ барысында ауызша және жазбаша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды жұпта және сыныппен талқылайды

Жұппен жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу