Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі. Информатика, 8 сынып, презентация.


Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі

Сабақ мақсаттары:

«Қолданбалы» және «жүйелік» программалық қамтамасыз ету арасындағы айырмашылықты түсіндіру

Утилиттер мен драйверлерді туралы білу

Қолданбалы программалық жасақтаманы классификациялау

Салыстыр:

Жүйелік ПЖ Қолданбалы ПЖ

Венн диаграммасы

Программалық жасақтама дегеніміз не?

Программалық жасақтама қандай да бір белгілі бір есепті компьютерде шешуге мүмкіндік береді

Жүйелік ПЖ

- дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге арналған программалық жасақтама. 

Операциялық жүйе (ОЖ) — құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы. ОЖ программалар жүйесінің компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі бүкіл жұмысын, пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен программалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б.

Драйверлер  компьютерді cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, флеш-карта, пернетақта, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады.

Утилиттер - операциялық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтетін қосалқы программалар: файлдарды басқаратын, құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, жұмыс екпінін бәсеңдететін мәселелерді шешу, компьютердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, архивтеу, дискілерді ықшамдау және т.б. программалар. Олар мысалы, кездейсоқ жойылған файлдарды қалпына келтіру, вирустан сақтану, компьютер туралы мәлімет алу және тб

Қолданбалы ПЖ

- пайдаланушыға нақты тапсырмаларды орындауға көмектесетін программалық жасақтама

Жалпы мақсаттағы программалық қамтамасыз ету: әртүрлі тапсырмалар үшін қолдануға болатын программалық жасақтама

Арнайы программалыққамтамасыз ету: бір нақты тапсырманы шешуге арналған программалық жасақтама

Жеке мақсаттағы программалық қамтамасыз ету: клиенттің нақты қажеттілігі үшін жазылған программа немесе қосымша

Келесі программалық жасақтаманы оның дұрыс санатына орналастырыңыз:

Компьютерлік ойын - Бұл …. программалық жасақтама болып табылады

     Вирус сканері - Бұл программалық жасақтама болып табылады

Келесі программалық жасақтаманы оның дұрыс санатына орналастырыңыз:

Компьютерлік ойын - Бұл пайдаланушыға арналған, сондықтан ол қолданбалы программалық жасақтама болып табылады

     Вирус сканері - Бұл компьютерді жақсарту үшін жасалған, сондықтан ол жүйелік программалық жасақтама болып табылады

ЖАУАБЫ

Рефлексия

«Қолданбалы» мен «жүйелік» ПЖ арасындағы айырмашылық қандай?

Утилит дегеніміз не?

Драйвер деген нені білдіреді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу