Қолданбалы есептерді шешу. Информатика, 8 сынып, презентация.


Жағдаят

8 сыныптың оқушысы сіздерден көмек беруді өтінеді: «Мен мектепке барамын. Менің есептеуім бойынша, маған 30 дәптер (28 жұқа, 2 жалпы), 8 қаламсап, 3 сызғыш және 2 компас керек. Менің тәтем маған 14000 теңге ақша беріп және қажетті тауарларды сатып алуға арналған фирмалардың атауларын айтты».

Сұрақ: Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете ме?

ҚОЛДАНБАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ

8.2 – Электронды кестелердегі ақпаратты өндеу

Оқу мақсаттары

8.2.2.3 электронды кестелерді қолдана отырып, мәселелерді шешуге арналған кіріктірілген функцияларды пайдалану

8.2.2.1 электронды кестеде мәселелерді шешуге арналған әр түрлі мәліметтер форматтарын қолдану

Бағалау критерийі

Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу

Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу

Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану

Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

1 тапсырма.

(i) Төмендегі мәліметтерге сүйене отырып кесте құрыңыз:

Бағалау критерийі: Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу

(ii) А1:Е1 диапазонды ерекшелеп және мәтіндер кескінің жартылай қарайтылған (Ж) етіп жасаңыз.

Дескрипторлар:

- қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

- мәтіндер кескінің дұрыс қолдана алды;

- кесте үлгіге сәйкес етіп құрылды

Құрылған кестенің нәтижесі:

2 тапсырма.

(i) Төмендегі ұяшықтағы мәліметтер типін анықтаңыз:

А3 - _______________________________

С5 - _______________________________

(ii) Төмендегі ұяшықта қандай мәліметтер типі болуы мүмкін

Е4 - _______________________________

(iii) D2:D6 диапазонға және С9 ұяшыққа мәліметтер форматын – Денежный (Т или KZT) орнатыңыз.

Бағалау критерийі: Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу

Дескрипторлар:

- А3 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- С5 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- Е4 ұяшықтың мәліметтер типін дұрыс анықтады;

- диапазонға және ұяшыққа сәйкес мәліметтер форматын дұрыс қолданды.

Сергіту сәті

https://goo.gl/qKHjPv

3 тапсырма.

(i) Е2, Е3, Е4, Е5, Е6 ұяшықтарға формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) F1 ұяшыққа – «% -тік қатынасы» мәнін қосыңыз. F2:F6 диапазонға мәліметтер форматын – Процентный орнатыңыз. Абсолютты адресацияны қолдана отырып, F2:F6 диапазонға қажетті формула жазыңыз.

Бағалау критерийі: Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану

Дескрипторлар:

- формулаларды дұрыс қолдана алды;

- қажетті ұяшықты дұрыс таңдап және оған сәйкес ақпаратты енгізді;

- мәліметтер форматын дұрыс қолдана алды;

- кестеде абсолютты адресацияны қолдана алды

4 тапсырма.

(i) E7, F7 ұяшықтарда нәтижелерді есептейтін қажетті формулаларды қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

(ii) D9 ұяшыққа логикалық формуланы қолдана отырып, «Қажетті канцелярды тауарларды сатып алуға ақша жете медеген сұраққа жауап беретін формуланы жазыңыз

(iii) С4 ұяшықтағы мәліметтерді өзгертіп көріңіз және нәжені есептейтін формула мен логикалық формалада қандай өзгерістерді байқадыңыз? Оған қандай тауарларды аз көлемде сатып алуға кеңес бере аласыз?

Бағалау критерийі: Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

Дескрипторлар:

- нәтижені есептейтін формуланы дұрыс қолдана алды;

- кестеде логикалық формуланы қолдана алды;

- логикалық формула дұрыс жұмыс жасайды;

- тапсырмада көрсетілген ұяшыққа мәліметтерді енгізіп көрді және өз бақылауын/ұсыныстарын жазды;

- құрылған жұмысты сақтады.

Оқу мақсаттары

8.2.2.3 электронды кестелерді қолдана отырып, мәселелерді шешуге арналған кіріктірілген функцияларды пайдалану

8.2.2.1 электронды кестеде мәселелерді шешуге арналған әр түрлі мәліметтер форматтарын қолдану

Бағалау критерийі

Кестенің негізгі элементтерін (баған, жол, ұяшық, диапазон) білу

Мәліметтер типін мәліметтер форматтан айыра алу

Абсолютты және салыстырмалы сілтемелерді қолдану

Кіріктірілген функцияларды (СУММА, ЕСЛИ) қолдану

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу