Гиперсілтемелер. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.


 «Гиперсілтеме» екінші сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Сабақтың мақсаты:

  • сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, атауы, нұсқамалар);
  • «авторское құқық», «плагиат» терминдерін түсіндіру;
  • ақпаратты авторға сілтемелермен тіркеп жүру.

 Аталған сабақты оқу үшін қажетті білімдер: құжатқа нұсқамаларды қосу әдістері мен тағайындалуы.

 Интербелсенді оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтаумен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Интербелсенді әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен сәйкестігінде сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің тұрақты өзара іс әрекетінде. Интербелсенді әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Басты тапсырма оқушыларға берілген білімнің бағасында емес ол тапсырманы орындаудағы іс – әрекетінде. 

 Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдері.

Гиперсілтеме.

 Word сілтемелерді бір құжаттың ішінде ғана емес, сондай-ақ басқа құжаттарға, веб-бетке, суретке, электрондық почта мекен жайына құруға мүмкіндік береді. Сілтемелердің мұндай түрін Гиперсілтеме деп атайды.

 Гиперсілтемені қосу үшін келесі іс-қимылдарды орындау қажет:

 Гиперсілтеме басталатын мәтінді теріңіз. Гиперсілтемемен жұмыс істеуге арналған құралдар «Вставка» қалауында орналасқан. Гиперсілтеме батырмасын басыңыз, пайда болған терезеде өзіңіз сүйенетін құжат типін таңдаңыз, бума немесе мекен жайды көрсетіңіз, сондай-ақ құжаттың атын.

 

 «Подсказка» батырмасының көмегімен сілтемеге шығатын түсініктемені қалдыруға болады.

 Гиперсілтеме бойынша өту үшін Ctrl батырмасын басып, гиперсілтемені тінтуірдің сол батырмасын басу қажет. Гиперсілтеменің мәтінін сол құжаттың ішінде өзгертуге болады.

 

 Әдістемелік нұсқаулықтар

 

 Қайталау кезеңінде оқушыларға кері байланысты беріңіз. Қосымша сұрақтар қою арқылы көмек көрсетіңіз.

 Оқушылардың жауаптарын түсіндіріңіз, толықтырыңыз және нақтылаңыз.

 

 Топтағы жұмысты ұйымдастырған кезде келесі стратегияны қолданыңыз:

  • Сыныпты әр топта оқушылардың саны бірдей болатындай етіп бөліңіз.
  • Сұрақтар тізімімен таныстырып, материалды қолжетімді етіңіз.
  • Топтың ішіндегі оқушыларға зерттеуге сұрақтарды таңдауды ұсыныңыз.
  • Әр топтың қатысушылар арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырыңыз. Мысалы, оларды жұпқа бөліп, содан соң бірнеше рет жұп құрамын алмастырыңыз. Немесе «Стиральная машина» әдісін қолданыңыз.

 

 Блум кубигі арқылы оқыған материалды қайталауды ұйымдастырған кезде, әр топ екі сұрақтан құраса жеткілікті.

 

 Жоғары дәрежелі дағдыға ие оқушылар үшін қосымша тапсырманы ұсыныңуызға болады: айқасқан сілтемелерді қолдану принципін оқып, оларды мәтіндік құжатқа қосуды оқу.

 Айқасқан сілтемелер.

 Айқасқан сілтемелер құжаттың қажетті элементіне жылдам өтуге арналған. Word-та келесі элементтерге айқасқан сілтемелер құруға болады: тақырыптар, нұсқамалар, қалаулар, атауы, номерленген абзацтар. Айқасқан сілтемелермен жұмыс істеуге арналған құралдар «Вставка» қалауында орналасқан.

 Айқасқан сілтемелер тек бір құжаттың элементтерінің арасында құрылады. Айқасқан сілтеме басталатын мәтінді теріңіз.

  • «Айқасқан сілтеме» батырмасын басыңыз.
  • Ашылған терезедегі "Тип ссылки" тізімінде сүйенетін элемен типін таңдаңыз.
  • "Вставить ссылку на" шығатын тізімінде құжатқа қосатын мәліметтерді көрсету қажет. Сүйенетін элементке өту мүмкіндігі болу үшін "Вставить как гиперссылку" жалаушасы орнатылу қажет.

 Айқасқан сілтемелер құжатқа өріс ретінде қойылады. Өріс кодттары мен мағыналарын көрсету режимдері арасында ауысу үшін Ctrl батырмасын басу және сілтеме бойынша тінтуірдің басу қажет. Сілтеменің мәтінің ауыстыруды құжаттың ішінде болады.

 Әдебиет пен ресурстар:

https://is.gd/yCllAi - бір құжатқа гиперсілтемелерді қосу

https://is.gd/cOedrC - мәтінмен жұмыс

Попов М. Эффективные приемы набора и редактирования текста. Санкт-Петербург. «БХВ-Петербург», 2006

https://www.youtube.com/watch?v=UtqO1Pkl0qo

https://www.zharar.com/kz/olen/8498-tauelsizdik.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу