10 сыныптағы геометрия қайталау. Геометрия, 10 сынып, презентация.


10 сыныптағы

геометрия курсын

қайталау

Теорияны білу10 минут « Мен нені білдім ?» Қосымша 1

 

Дұрыс жауапты таңда.

1. Бір ғана жазықтықты жүргізуге болады:

А) кез келген үш нүкте арқылы;

В) бір түзудің бойында жататын кез келген үш нүкте арқылы;

С) бір түзудің бойында жатпайтын кез келген үш нүкте арқылы;

 

2. АВСДА1В1С1Д1 – текше. АСС1 және В1С1С жазықтықтары мына түзу бойыменен қиылысады:

А) АС;

В) ВС;

С) СС1.

 

 

 

 

 

3. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

А) Екі түзуді параллель түзулер деп атаймыз, егер олардың ортақ нүктесі болмаса.

В) Егер екі түзудің әрқайсы үшінші бір түзуге параллель болса, онда бұл екі түзу өзара параллель болады.

С) Үшінші түзуге перпендикуляр болатын екі түзу, өзара параллель түзулер.

Д) Егер бұрыштар өзара тең болса, онда олардың сәйкес қабырғалары бағыттас болады.

4. b түзуіне параллель a түзуі α жазықтықтығын қиып өтеді.

с түзуі b түзуіне параллель болса, онда:

 а) a және с түзулері қиылысады;

в) с түзуі α жазықтығына тиісті;

с) a және с түзулері айқас болады;

г) a және с түзулері параллель болады.

7. a және b түзулері параллель жазықтықтарға тиісті болса, онда бұл түзулер:

а) қиылысады немесе айқас;

в) параллель немесе айқас;

с) тек қана параллель;

г) тек қана айқас түзулер.

8. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

А) Үшінші түзуге перпендикуляр екі түзу өзара перпендикуляр болады.

В) Егер түзу жафзықтықтағы кезкелген бір түзуге перпендикуляр болса, онда осы түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады.

С) Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу өзара перпендикуляр болады.

Д) Егер түзу жазықтықтағы түзулердің кезкелгеніне перпендикуляр болса, онда осы түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады.

Тест тапсырмалары

1-сұрақ 1) Бір жазықтыққа параллель екі түзу перпендикуляр болады ма?

2) Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу параллель болады ма?

2-сұрақ 1) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзумен айқас бола ала ма?

2) Жазықтыққа перпендикуляр түзу осы жазықтықтағы түзуге параллель бола ала ма?

3 – сұрақ 1) Егер түзу жазықтықтағы екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма?

2) Егер түзу жазықтықтағы параллель екі түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа да перпендикуляр болады деп айтуға болады ма?

4- сұрақ 1) Айқас екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма?

2) Қиылысатын екі түзу бір жазықтыққа перпендикуляр бола ала ма?

5- сұрақ 1) Өзара перпендикуляр үш түзудің кез-келгені былайғы екеуінің жазықтығына перпендикуляр болады деп айту дұрыс па?

2) Кеңістіктегі үшінші бір түзуге перпендикуляр екі түзу параллель болады деу дұрыс па?

6- сұрақ 1) Бір түзуге перпендикуляр екі жазықтық қиылысады ма?

2) Екінші бір түзуге перпендикуляр түзу мен жазықтық қиылысады ма?

7- сұрақ 1) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің проекциясының ұзындығынан кем деу дұрыс па?

2) Бір нүктеден жүргізілген перпендикулярдың ұзындығы көлбеудің ұзындығынан кем деу дұрыс па?

ІІІ. Карточкамен жеке жұмыстар

10 сынып геометрия курсының «Үш перпендикуляр туралы» теореманы қолдану ережелерін қайталау.

1. Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану

Блиц сұрақтар:

1.Қандай түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады?

2. Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қандай қасиеттерін білесіздер?

3. Жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп нені айтамыз?

4. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық дегеніміз не?

5. жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтыққа түсірілген көлбеу деп нені айтамыз?

6. Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы деп нені айтамыз?

7. Үш перпендикуляр туралы теореманың тұжырымдамасын тұжырымда.

8. Кубтың параллель жақтарының диагональдары арқылы өтетін қима жазықтық түрін қалай анықтауға болады?

ІV. Есептер шығару.

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі.

Оқушылар параққа қолтаңбаларын салып, оз пікірлерін жазады

Бас бармақ – не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

 

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза қылдым

Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мағн ұнады ма? Неліктен

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу