Синустар теоремасын қолдана отырып есептер шығару. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
9.3Bбөлім: Үшбұрыштарды шешу | Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Мерзімі: | Мұғалім аты-жөні: Джилкибаева Рафия Бостановна | |
Сыныбы: 9 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушыларсаны: |
Сабақ тақырыбы | Синустар теоремасын қолдана отырып есептер шығару | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану;
| |
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:формуланың көмегімен есептік тапсырмаларды және дәлелдеуге берілген есептерді орындайды | |
Жетістік критерийлері | 1.Синустар теоремасын дәлелдейді және қолдана алады. 2.Формулаларды қолданбалы есептерде шешуде еркін қолдана алады. | |
Тілдікмақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
биссектриса қабырғаны ... бөледі. | |
Құндылықтарды дарыту
| Сыни және креативті ойлау дағдылары Осы сабақта сыни және креативті ойлауды оқушыларға толық әрекет ету бостандығына ие болу арқылы дамыта алады. Оқушыларға көмек сұрауға таңдау еркіндігі беріледі - мұғалім - сыныптастар, - мәселені өз бетінше шешу. Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеужәнежауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету | |
Пәнаралық байланыстар | Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы қазақтілі пәнімен байланыс орнатамын. Физика мен информатика пәндерінде пайдаланылатын тұстарын атап өтемін. | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтада интернет ресурстарынан алынған материалдарды пайдалану, слайдтар, электронды оқулықтар. | |
Алдыңғы білім | Үшбұрыштар, аудан; тікбұрышты үшбұрышты шешу; векторлар, векторлврға амалдар қолдану, векторлардың скаляр көбейтіндісі; косинустар/синустар теоремалары | |
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңдері | Жоспарланған іс-шаралар | Оқыту ресурстары | |||
Сабақтың басы 7 минут | I. Ұйымдастыру кезеңі (2мин):Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (5 мин) Оқушыларға үй жұмысының жауаптары бар кеспе парақ тартаратып беремін. Мақсаты: Үйге берілген тапсырманы қасында отырған оқушыға тексерту арқылы өз жұмысындағы қателіктерін еске түсіру. Үй тапсырмасында байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау. Өз жұмысын пайыздық жолмен бағалай отырып оқушыларға құндылықтарды дарыту. Ашықтық: оқушымен мұғалімнің әрбірмәселеде өзкөзқарастарын білдіруге ықпалдастыру. Құрмет: сыныптасының әртүрліпікірлерін қабылдай алу, бір-бірінің пікірлерімен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. | Ноутбук Л.С.Атанасян, В.Ф.Бутузов С.Б.Кадомцев Э.Г.Позняк И.И.Юдина (7-9 геометрия ) | |||
Синустар теоремасы 25 мин | Сабақты Блум таксономиясының алты қадамы бойынша жоспарладым. І.Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады. Сұрақ-жауап арқылы мағлұмат пен деректердi, теоремаларды еске түсiредi. СLIL әдісімен терминологияларды қайталау арқылы 2 топқа бөлу. Оқушы санына қарай. 1 топ: (Ағылшын тілі ): Sine, Cosine, Angle, Tangent,Cotangent, Тrangle 2 топ (Орыс тілі) : косинус, угол , тангенс, котангенс, треугольник ІІ. Түсіну. Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді, Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді.. Өткен сабаққа шолу: https://www.youtube.com/watch?v=-9mhFYdDoFA Жұмыс парағының есептері арқылы өткен сабақты еске түсіру. Жауаптары арқылы тексеріп өзін-өзі бағалауды орнықтыру. ІІІ. Қолдану. Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
АВСD төртбұрышты алқаптың ауданын көрсетеді. А-дан С-ға баратын тура жол жатыр. АВ=79м, AD=120м, CD=95м және ∠BCA = 260, ∠CDA =770. 1)AC жолының ұзындығы бір метрге дейін жуықтағанда 135м болатынын көрсетіңіз. [4] 2)ABC доғал бұрышының шамасын табыңыз. [4] 3)B нүктесінен АС жолына дейін ең қысқа тура жол салынбақшы. Оның ұзындығын табыңыз. [3] 4)ACD үшбұрышты алқабында әрқайсысының ауданы кем дегенде 180 м2 болатын үйлер салынбақшы. Осы алқапқа ең көп дегенде қанша үй салынуы мүмкін. [4] (Инженерлік калькуляторды қолдануға рұқсат беріледі.) Марк схемасы арқылы келесі топтың жұмысын тексеруді орнықтырамын. Сонымен бірге ІV. Зерттеу: Тексеруді АКТ бойынша орнықтырамын. Әр топқа нотбуктер беріп шығарған есептер бағдарламаға салып тексереді. http://www.ambrsoft.com/TrigoCalc/Triangle/triangle.htm Берілген тапсырмаларға дискрептор құрып қатемен жұмыс жүргізеді V. Талдау. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлінген тапсырмалар беру. Өзбетінше жұмыс: (15 минут): А деңгейі: №1 h-тың ұзындығын табыңыз. Жауабыңызды 2 мәнді цифрға дейін жуықтаңыз. [2] В деңгейі: №2 АВСD алқабы төртбұрыш пішіндес. А-дан С-ға баратын жол алқапты кесіп өтеді. 1) Синустар теоремасын қолданып, АС ұзындығын есептеңіз және ол 119,9 м-ге дейін жуықталатынын көрсетіңіз. [2] 2)BC ұзындығын есептеңіз. [3] 3)ACD үшбұрышының ауданын есептеңіз. [2] 4) Осы алқаптың әр квадрат метрі $4,50-дан сатылмақшы. Алқаптың бағасын табыңыз. [3] VІ. Бағалау: Берілген 2есептің шығарылу жолымен, жауаптарын көрсетемін. Оқушыларға қай есепке қанша балл және қалай қойылатын критерийлермен таныстырып бағалауға ұсынамын. Оқушылар: өз балдарын есептеп айтады. | https://www.youtube.com/watch?v=-9mhFYdDoFA Қосымша №1 Жұмыс парағы https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_11317/25.pdf?v1533814319969 Қосымша №1 Жұмыс парағының жауаптары https://bilimland.kz/upload/platform_lessons/L_11317/26.pdf?v1533814320137 Қосымша №2 Топтық жұмыс және марк схемасы Қосымша №3 жеке жұмыс | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Қосымша №4 https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp/sinustar-teoremasy есептерін үйде қарастырып келу. Кері байланыс: бүгінгі сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар алған әсерлерімен бөліседі және нені түсінбегендерін, түсінуге не кедергі болғанын стикерлерге жазып тақтаға іледі. Оқушылар сабақтың қорытындысын шығарады. Маған ұнады... Бүгін сабақта білдім... Ұсыныс жасаймын.... Мен сабақта үйрендім... Мен бүгін сабақта қайталадым.... Мен бүгін сабақта бекіттім.. | Қосымша №4 https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/9-synyp/sinustar-teoremasy | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||
Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын. | Оқушыларды жұмыс тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Сабақта оқу мақсаттары дұрыс қойылды. Оқушылар оқу мақсатына жету үшін белсенді жұмыс жасады. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру