Үшбұрыштың ауданы. Геометрия, 8 сынып, презентация, 5 сабақ.


Жекелеме жұмыс

«Үшбұрыш ауданы» тақырыбына есептер шығару (10 минут)

Бөлім: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

Тақырып: ҮШБҰРЫШТАРДЫҢ АУДАНДАРЫ

ОҚУ МАҚСАТЫ

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

САБАҚ МАҚСАТЫ

Үшбұрыштың қабырғалары және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустары белгілі болған жағдайдағы үшбұрыш ауданын табу формулаларын қорытып шығару және оған есептер шығару

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Оқушылар:

біледі:

үшбұрышқа іштей, сырттай сызылған шеңберлардің центрін;

үшбұрышқа іштей, сырттай сызылған шеңбердің радиусы арқылы үшбұрыш ауданын табу формуласын;

дұрыс және тік бұрышты үшбұрыштарға іштей, сырттай сызылған шеңбердің радиустары арқылы аудан табуды.

қолдана алады:

аталған формулаларды есеп шығаруда қолдана алады.

ҚАЙТАЛАУ

үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі (7.3.1.11)

үшбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлер центрлерінің қайда орналасуын біледі(7.3.2.26).

Берілген суреттердің қайсысында шеңбер үшбұрышқа :

іштей сызылған?

сырттай сызылған?

Үшбұрыштың ауданы оның жарты периметрі мен осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусына көбейтіндісіне тең.

ДӘЛЕЛДЕУІ:

Іштей сызылған шеңбедің центрін үшбұрыштың үш төбесімен қосамыз.

Сонда 3 үшбұрыш шығады (АОВ, ВОС және АОС). Сонда үшбұрыштың үш қабырғасын табан деп қарасақ және ол қабырғалардың іштей сызылған шеңбермен жанасытынын ескерсек, онда радиустар - пайда болған АОВ, ВОС және АОС үшбұрыштарының биіктіктері болады.

Сонымен, берілген үшбұрыштың ауданы жаңағы 3 үшбұрыш арқылы шығады:

РАДИУСТЫ ТАБЫҢЫЗ

Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген: 9 см, 10 см, 17 см. Үшбұрыштың ауданы 36 см2. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге тең?

r=2

Топтық жұмыс (20 минут)

Дәлелденуі:

үшбұрыштың екі қабырғасы мен арасындағы бұрыштың синусы арқылы табылатын формуланы қолданамыз:

Рефлексия.

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. 12,13

Ақпарат көздері

https://100formul.ru/55/

https://www.resolventa.ru/spr/planimetry/sqt.htm#sqt3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу