Үшбұрыштың ауданы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 7 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Аудан

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрыштың ауданы

Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Үшбұрыш аудандары тақырыптарына есептер шығару. Олардың үшбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар үшбұрыштың ауданын табуды

біледі:

  • егер екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышы берілсе;
  • егер шбұрышытң үш қабарғасы белгілі болса;
  • егер екі катеті белгілі болса (тік бұрышты үшбұрышта);
  • егер ол дұрыс болса;
  • егер оған іштей сызылған шеңбердің радиусы белгілі болса;
  • сырттай сызылған шеңбер радиусы белгілі болса (дұрыс үшб.)
  • егер гипотенузаға түсірілген биіктік пен катеттердің бірінің гипотенузадағы проекциясы белгілі болса;
  • тік бұрышты үшбұрыштың кез келген қабырғасы мен бір бұрышы берілгенде.

қолдана алады:

  • формуланы кез-келген үшбұрыш ауданын табуға.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;
  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;
  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • аудан;
  • үшбұрыштың табаны, биіктігі;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды жеке жұмыс жасау арқылы өзінің білімін бағалауға үйрету. Оқу мен білімді үйрену үшін табандылық мінездің маңыздылығын сезіндіру

 Пәнаралықбайланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Үшбұрыштың түрлері, шеңберге сызылған үшбұрыштар, тригонометриялық функциялардың белгілі бұрыштардағы мәндері

Сабақбарысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Ауызша:

  • үшбұрыштың түрлерін сұрау;
  • аудан формулаларын сұрау.
  • сабақ мақсатымен таныстыру: «Үшбұрыш аудандары тақырыбына есептер шығару»

Слайд №1-5

Сабақтың ортасы

33 минут

Жекелеме жұмыс

Тестік тапсырма орындайды. Кілтімен бірден тексеру. Оқушылар өздерін өздері бағалайды. Мұғалім көпшілік оқушыларда шықпаған еспті ғана талдайды.

Қосымша 1

Слайд №6

Жауаптары: №7-10 слайдтар

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия.

Үшбұрыштардың ауданы тақырыбы мен үшін (қажеттісін таңдаңыз)

Үй тапсырмасы. Bilim-Land плаутформасынан тапсырма

Слайд №11

Қосымша 2

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлітпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында параллелограммның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу