Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 10 сабақ.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Пропорционал кесінділер».

Оқу мақсаттары:

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар

біледі:

- пропорционал кесінділерді анықтау және кесіндінің ұзындығын табуды;

- Фалес теоремасынан шығатын қатынастарды анықтауды;

қолдана алады:

- кесінділердің пропоционалдық қатынасын практикалық есептерді шешуде.

Бағалау критерийлері:

    • пропорционал кесінділер ұғымына анықтама бере алады;
    • пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі, дәлелдейді;
    • кесіндіні тең бөліктерге бөле алады;
    • Фалес теоремасына кері теореманы дәлелдей алады;
    • теоремаларды қолданып есептер шығара алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. (Слайд № 1)

Ұжымдық жұмыс

Пропорционал кесінділер туралы ұғымды беру. Дәріс. Теориялық материал. (Слайд № 2)

Теориялық материал:

Пропорционал кесінділер туралы теорема (Фалестің жалпыланған теоремасы)

Жұппен жұмыс.

Практикалық тапсырма №1. Пропорционал кесіндіні салу.

Оқушыларға «Қосымша 1» үлестіріліп беріледі. Салып болғасын, бірін бірі бағалайды. мұғалім қадам-қадаммен тексереді. (Слайд №3)

Қосымша 1

Пропорционал кесіндіні салу

Суретте a, b, c кесінділері берілген. Осы суретте көрсетілген қатынас (сары түстті жазу) орындалатындай жаңа бір x кесіндісін қалай саламыз?

Мынадай екі жағдай болуы мүмкін.

Біз соның біріншісіне тоқталатын боламыз.

Берілген a, b, c кесінділерін бірінші сызбаға салып көреміз. Ол үшін:

1 қадам. бұрышын саламыз.

2 қадам. бұрышының ұшынан бастап, оның бір сәулесіне b, a кесінділерін тізбектей, ал екінші сәулесіне с кесіндісін салайық.

3 қадам. b және с кесінділерінің ұштары арқылы k түзуін жүргізейік.

4 қадам. а кесіндісінің екінші ұшы арқылы k-ға параллель l түзуін жүргізейік.

5 қадам. l түзуі k-ға параллель болғандықтан, біз қатынастан х кесіндісін таба аламыз. Бұл Фалес теоремасынан шығатын қатынас.

Практикалық тапсырма №2. Кесіндіні тең бөліктерге бөлу.

Оқушыларға «Қосымша 2» үлестіріліп беріледі. Салып болғасын, бірін бірі бағалайды. Мұғалім қадам-қадаммен тексереді. (Слайд №3)

Қосымша 2

Кесіндіні тең бөліктерге бөлу

Берілген АВ кесіндісін тең 7 бөлікке бөлу керек.

Ол үшін:

1 қадам. АВ кесіндісін салу.

2 қадам. АВ кесіндісінде жатпайтын АС сәулесін жүргізу.

3 қадам. АС кесіндісінің бойынан өзара тең 7 кесінді салу, бұл кесінділердің А1, А2, А3, А4, А5, А6, А7 деп белгілеу.

4 қадам. А7 нүктесін В нүктесімен қосу.

5 қадам. А1, А2, А3, А4, А5, А6 нүктелерінен А7В түзуіне параллель түзулер жүргізу.

Қорытынды:

Бұл түзулердің АВ-мен қиылысқан жерлері АВ кесіндісінің тең 7 бөлікке бөледі.

Қосымша 3

Жекелеме жұмыс (15-20 минут)

Тақырып бойынша есептер шығару

Кесіндіні салу есебінің видеотүсіндірмесін № 6 слайдтан көретін болады.

Жауабы: 960 см.

Рефлексия

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақ несімен маған ұнады?

Пропорционал кесінділер ұғымы шынайы өмірде қаншалықты жиі кездеседі?

Тақырып мен үшін қаншалықты қызықты болды?

Үй тапсырмасы

Фалестің кері теоремасы. Слайд №7.

«Қосымша 4» үлестірмесіндегі есептер.

Ақпарат көздері:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу