Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

1-бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларының материалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар тарихи интерьерлер мен заманауи интерьерлерді салыстырып, қолөнер туындыларының материалдары мен бағытын талқылап, талдайды.

 Бағалау критерийлері

  • Заманауи интерьерлік бұйымдарды біледі
  • Тарихи интерьерлік бұйымдар мен үйлесімдік шешімдерін біледі
  • Тарихи мен заманауи интерьерлерді салыстырады
  • Өзге елдің интерьерлік сәнді бұйым нобайын салады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Стиль/бағыт – стиль- style
  • Интерьер дизайны – Дизайн интерьера – Interior desing
  • Визуалды ерекшеліктері - визуальные характеристики - visual characteristics
  • Бағалау – оценивать - to assess
  • Матасы – текстиль- textiles
  • Бақылау – наблюдение - observation

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылардың интерьерлік сәнді бұйымдардың ойластырып, бейнелеу арқылы образды елестету, түстерді үйлестіре пайдалану, зерттеушілік құндылықтарын дарыту

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, информатика және т.б.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерьер дизайнның фотосуреттерін әлеуметтік желіден қарастыра отырып, оларды зерттеу үшін.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың басында оқушыларға интерьердегі сәнді қолөнер туындылары жинағы туралы бейнебаян көрсетіледі.

Бейнебаяннан не байқадыңыздар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Деген сұрақтар қою арқылы оқушылармен сабақтың тақырыбын ашамын.

Сабақтың тақырыбы: Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар

Сабақтың мақсаты:

мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларының материалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау

Бағалау критерийлері:

  • Заманауи интерьерлік бұйымдарды біледі
  • Тарихи интерьерлік бұйымдар мен үйлесімдік шешімдерін біледі
  • Тарихи мен заманауи интерьерлерді салыстырады
  • Өзге елдің интерьерлік сәнді бұйым нобайын салады.

Сабақтың ортасы

Оқушылар тарихи және мәдени интерьер бұйымдары туралы түсінігін, және оған не жататындығын, қандай аспектілер арқылы анықтауға болатыны туралы талқыланады. Заманауи интерьер бұйымдарын төмендегі сұрақтары арқылы талқылаймыз:

  • Заманауи интерьер бұйымдарына атаңыз және неліктен бұл заттарды заманауи деп атаймыз?
  • Бұл бұйымдар қазіргі қазақ қоғамына қаншалықты тән екенін анықтаңыз;
  • Қандай қазақтың ұлттық бұйымдары қазіргі заманға белгілі және қолданысқа ие?
  • Тарихи және мәдени бұйымдардың дамуына нелер әсер етеді?
  • Бұйымдардың орындалу технологиялары қандай?

Топтарда басқа елдердің мәдени аспектілерін, интерьер стилдерінің ерекшеліктерін талқыланады.

Өнер мен мәдениеттерде жалпы аспектілері немесе интерьер стильдерін салыстырады.

Оқушыларға қазіргі заманауи стильдің 9 түрін атап, ерекшеліктері талқыланады

1 «Өтпелі» стиль 6 Голливудтік стиль

2 Фахверг стилі 7 Хюгге

3 Теңіз стиль 8 Mid-Century стилі

4 Ваби- Саби 9 Бекстейдж стилі

5 Порше стилі

Оқушыларға интерьерлік бұйымдар көрсетіледі

Тапсырма:

Топтарда оқушылар өзге елдердің (мысалы: Қырғыз, Орыс халқы, Өзбек, Түрік) мәдениетіне тән және Қазақтың ұлттық интерьер бұйымдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін суреттейтін постер немесе коллаж дайындайды. Әрбір топ әртүрлі елдерді таңдауы тиіс. Оқушылар бір бірінің жұмыстарын өзара бағалау жүргізеді.

Тапсырманы орындау критерийлерін оқушылар өздері құрастыруын сұраймын.

Топ жұмыстарының нәтижелерін талқылау. Оқушылар бір бірінің жұмыстарын талдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=M4p39gy7aR8

Интерьер және қабырғаларын ерекше безендіру.

Қарапайым және шығармашылық идеялар.

https://www.ivd.ru/dizajn-i-dekor/kvartira/9-modnyx-interernyx-stilej-o-kotoryx-vy-navernyaka-ne-znali-21707

Ең үздік 10 стилдер

https://www.art-designs.ru/stili_interera.html

Интерьер стилдері

Сабақтың соңы

Сабақ соңында әрбір топ өздері таңдаған елдің интерьерлік ерекшеліктері бейнелеген постерлерін тақтаға алып шығып, қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бір-бірін бағалайды.

Интерактивті тақта қолдану.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу