Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары. Көркем еңбек (ұлдар), 7 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Мозаика өнері. Мозаика орындаудың түрлері мен техникалары» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар Қазақстан және шетел суретші дизайнерлерінің сәулет өнерінің ескерткіштеріндегі мозаика жұмыстарын қарастырады. Бұл мозаика техникасындағы жасалған жұмыстардың фото суреттері, слайд түріндегі бейнематериал көрсетіледі.

Сабақ зерттеу дағдысына негізделген. Сабақты шағын ойынмен бастау ұсынылады. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін

«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып жөнінде өмірлік тәжірибелерінен жинақтаған білімдерін еске түсіреді.

Мозаика – оюлық немесе сюжеттік бейнелерді бір түрдегі немесе түрлі материалдардан (әйнек, тас, керамикалық плитка, ағаш) жасалған бөліктерден құрау. Мозаиканы қоғамдық ғимараттарды, монументалдық құрылыстардың интерьерін безендіру, әрлеуде қолданылады.

Презентация:....

Мысалы:

Қожа Ахмед Яссауи мавзолейіндегі мозаика, базилик Сан мозаикасы, Кеңес дәуірі кезеңіндегі мозаикалар және құрылыс материалдарының қалдығынан жасалған мозаикалар.

Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру мақсатында талқылау сұрақтары арқылы тексеруге болады.

  Сабақ барысы

Сабаққа арналған презентация арқылы оқушыларға мозаиканың шығу тарихы, орындалатын ерекшеліктері мен технологиялары таныстырыңыз.

Тапсырма №1

Оқушылармен бірге (ұжымда) ақылдасып шығармашылық жұмыстарды бағалауға және талдауға арналған критерийлер құрып алыңыз.

Тапсырма №2

Топтық жұмыс:

Тапсырманы орындамас бұрын сыныптағы оқушылар санына қарай топқа (әр топта 4-5 оқушыдан) бөліп алу ұсынылады. Мысалы; алдың ала 4 немесе 5 мозаика жұмыстарының орындалу технлогиясына орай суреттерін А4 қағазына шығарып алып, түрлі пішінде бөліктерге бөліп алыңыз. Бөлген бөліктеріңізді теріс айналдырып, араластырып үстел үстіне қойыңыз. Әр оқушы бір- бір пішін бөліктерін таңдап алады. Таңдап алған сурет бөліктері бойынша оқушылар бірнеше (табиғи тастардан мозаика, әйнек мозаика, керамикалық мозаика, жылтырақ мозаика және т.б.) топқа бөлінеді. Бөлінген топ бойынша зерттеу жұмыстарын орындайтын болады.

Оқушылар бірнеше топтарға бөлініп өздерінің зерттеулерін жүргізеді. Бір топ, орта Азия елдерінің сәулет ескерткіш нысандарындағы мозаиканы зерттеуі мүмкін, ал қалған топтар базилик Сан не Кеңес дәуірі кезеңіндегі мозаиканы зерттеп қарастыруы мүмкін. Оқушылар өз зерттеулері кезінде келесі сұрақтарға жауап беруі керек:

  • Мозаиканы орындау техникасы және қолданған материалдар қандай?
  • Тақырыптардың сюжеттік ерекшеліктері қандай?
  • Композиция құрылымы қалай?

 Оқушылар өз зерттеулерінің нәтижесін постер немесе таныстырылым түрінде көрсетеді және т.б.

Бағалау

Сабақтағы бағалау сұрақ түрінде өтеді.

Рефлексия

«Талқылаудағы әріптестер» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –

  •  кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
  •  кескішпен ойнама;
  •  кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу