Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.6.4. Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Зергерлік бұйымдарды жасауға арналған құрал-жабдықтар мен материалдарды зерттеу;
  • Көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

 Бағалау критерийлері

  • Зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті материалдар мен құрал-жабдықтармен танысты.
  • Көркемдік материалдарды қолданып, әшекей жасап көрді.

Тілдік мақсаттар

Зергерлік бұйымдарды жасауға тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Пән лексикасы және терминология:

  • Қазіргі таңда әшекейлерді жасау үшін қандай материалдарды қолднау мүмкін?
  • Әшекейлерді жасаудың кезеңдері қандай деп ойлайсың?

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Бұл сабақ аясында бастапқы білім қарастырылмайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін анықтау. Оқушыларды таныстыру.

РР 1-3

Сабақтың ортасы

Топтық тапсырма.

Зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті материалдар мен техникаларды қарастыру.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қолда бар материалдарды қолданып жасалған қандай әшекейлерді білесің?
  • Қазіргі таңда әшекейлерді жасау үшін қандай материалдарды қолдану мүмкін?

Әшекейлерді жасауға арналған материалдар мен құрал-жабдықтарды қарастыр. Презентацияда берілген материалмен таныс.

Бейнематериал тамашала.

Сым және моншақтардан әшекей жасаудың тәсілі.

Эксперимент

Қолда материалдарды қолданып, әшекей жасап көр.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Әшекейді жасау неден басталады?
  • Әшекейді жасау үшін идеяны қайдан алуға болады?
  • Әшекей қолданылған материалдарына байланысты қандай пішінді болуы мүмкін?
  • Әшекейді жасаудың кезеңдері қандай деп ойлайсың?

Тапсырманы орындауға арналған критерийлер:

Тапсырманы орындауға арналған критерийлерді оқушылармен бірге құрастырып көріңіз.

  • Әшекейдің идеялық мағынасы бар

https://mamarabotaet.ru/stati/xend-mejd-kak-biznes/zakupka-materialov-dlia-sozdania-ukrashenij/

РР 4-10

https://www.youtube.com/watch?v=RC-WgKCHxts

(зергерлік бұйымдарды жасауға қажетті құрал-жабдықтар)

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырмасын тапсырманы орындауға арналған бағалау критерийлеріне сай бағалау жүргізу ұсынылады. Бұл бағалау бірін-бірі немесе өзін-өзі бағалау ретінде де өтуі мүмкін.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Зергерлік бұйымдарды жасау үшін ең бастысы неге мән беру қажет?

Ескерту: келесі сабақта оқушылар орындалатын жобаларының нобайларын жасайды. Және сол нобай бойынша практикалық тапсырмаларын орындауға кіріседі. Сол себепті оқушыларға қандай әшекей? Және қандай материалдардан жасайтындықтары жөнінде ойланып келуін сұраңыз. Және қажетті материалдарды үйден алып келуін ескертіңіз. Олар: моншақтар, сымдар және т.б. болуы мүмкін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ барысында оқушылардың үйренгенін бағалау үшін сұрақтарды пайдалануға болады. Мысалы,

  • қандай тақырып өтіп жатырмыз?
  • сабақтың бағалау критерийлері қандай?

Бой сергіту сәті: «Өз сыныптасыңды портреті бойынша анықта».

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу