![]() |
|
![]() |
Шығармашылық жұмысты орындау. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.
1 Дидактикалық материал
Ылғалдап илеу әдісі
1 кезең
Негізгі жүннен 8 сантиметрдей бірдей жүн үзіктерін бөліп аламыз. Дайын жүн үзіктерін көпіршікті жабынға бір бағытта, бір-біріне сәл жанастырып орыналастырамыз. Осы әдіспен, жүн үзіктерін қойып болғаннан кейін, келесі қабатты перпендикуляр орналастырады, осы кезекпен 3-4 қабат қойып шығу керек.
2 кезең
Соңғы қабатта бетіне сурет салу үшін, жүннен жасалған жіпті, жүн қалдықтарын және т.б. қолдануға болады.
3 кезең
Сабын ерітіндісін дайындау. Мұны істеу үшін сабынды жылы сумен ерітіп (қолдың терісіне зиян келтірмейтін, ылғалды илеуге арналған арнайы сабын ерітіндісі болады, басқа да ерітінділерді қолдану, балаларға арналған, сұйық сабын немесе ыдыс жууға арналған жуғыш затты қолдануға болады) — қолда бар сабын ерітіндісін қолданамыз. Жасаған дайындамамызды дымқылдап, бетіне тор немесе көпіршікті жабынмен жабамыз.
4 кезең
Дайындаманы жабынмен бірге бамбук майлыққа салып, тығыздап ораймыз. Артық суды шығару үшін ораманың сыртынан сүлгімен қаптаймыз. Жүз рет әрлі-берлі илейміз. Кейін ашып, 90 градусқа айналдырып, орама жасаймыз.
5 кезең
Дайын өнімді жылы сумен жуып, құрғатамыз. Сықпаңыз, суды шығару үшін тек жеңіл ғана қысыңыз.
- шиді орындау әдісінің кезеңдерің көрсету
_____________________________________________________________________________
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023