Болашаққа саяхат. Коллаж. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Болашаққа саяхат. Коллаж тақырыбына арналған сабақта 3.2.2.1 Аса күрделі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперемент жүргізу оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқушылардың көркемдік құралдармен және әртүрлі материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға аса назар аудару қажет (мысалы осы сабақ аясында газет, журнал қималарын пайдаланып коллаж техникасында шығармашылық жұмыс жасау). Алайда сабақ тақырыбына, мұғалімнің сабақты ұйымдастыруына және оқушылардын қалауына байланысты осы мақсат аясында басқа да техникалармен танысып, көптеген материалдармен жұмыс жасау дағдыларын дамыта алады.

 Қажетті материалдар

 Коллаж жасауға қажетті материалдар: қағаз, қатты қағаз, газет пен журнал қиқымдары, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.

 Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Интерьер — кез келген ғимараттың белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.

 Ғимарат интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Тұрғын үй интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.

 Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс.

 Интерьерлік дизайн – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармониямен орналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік, көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды. Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек (технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй, пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе, ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке таныс екен.

 Композициялық ерекшелігіне сәйкес, дизайн түрлі тарихи, дәстүрлі, діни, этика немесе аса себепсіз қарапайым стандартты интерьерлік элементтер кірістіріліп, материалдар табиғи және аз, орташа, мол деңгейдегі химиялық қоспалары бар бұйымдар, сұйық және қатты, эластикалы, сұйық құрылыс материалдары пайдаланылады.

 Интерьер дизайнерлері жұмыс жасау барысында, қарапайым дизайнерлік ережелер мен заңдылықтарды сақтай отырып, элементар дизайннан бастап күрделі жобаларға дейін, минимализмнен, максмализм, арт стильдерге дейін, стандартты дизайндардан бастап, индивидуалды дизайн жобаларына дейін әзірленетін көрінеді. Мұнда жалпыға ортақ бөлме ауданы, ұзындығы, биіктігі, жарық түсу бұрыштары, бөлме түрі, бөлмедегі элементтер мен объектілер және олардың түсі мен тапсырыс беруші қалаған түстерді ескере отырып, тақырыптық дизайн негізінде бөлмеге кірген адамның эмоциясына әсер ететін орналастыру мен түстік комбинаторика заңдылықтарын қолдана отырып, аздаған иллюзиялық көріністерге де жағдай жасайды. Мәсселен, кішкентай бөлмені үлкен етіп, аласа бөлмені биіктеу етіп көрсететін амалдар қолданады.

 Материалмен толығырақ келесі сілтеме арқылы таныса аласыз http://old.el.kz/blogs/entry/Интерьерлік-дизайн

 

 Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – 1) бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші Пикассоның үлесі зор болды.

 

 Материал Уикипедия сайтынан алынды https://kk.wikipedia.org/wiki/Коллаж

 

 Сабақ барысы

 Сабақ басында заманауи интерьер көрсетілген бейнепрезентация көріңіздер (Қазіргі заманғы интерьер https://www.youtube.com/watch?v=nNxi9lryoNo). Оқушылардың назарларын интерьердегі элементтер мен жиhаздарға, бөлмелердің саны мен қандай қызмет атқаратынына аударыңыз. Оқушылардан уақыт өте келе интерьердің қалай өзгергендігін сұраңыз.

 Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

 Тапсырма №1

 Қазіргі заманғы интерьер

 Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топ бір интерьерге арналған материалдарды анықтайды (мысалы; 1 топ – ас үй интерьері, 2 топ – қонақ бөлмесі).

 Жұмысты аяқтаған нан кейін әр топ өз тізімдерімен таныстырады және презентациядағы (немесе дидактикалық материалдарда берілген) интерьер көріністерімен салыстырады, қажет болса өз тізімдеріне түзету жасайды.

 Жасаған тізімдерін сабақта жасайтың тәжірибелік жұмыс кезінде пайдалана алады.

 Тапсырма №2

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушыларға заманауи интерьер дизайнын коллаж техникасында құрастыруды ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар интерьердің элементтері бар газет пен журналдардағы суреттер қималарын қолданады. Жұмыстты А3 форматында орындайды.

 Дифференциация:

 Қажет болса жұмыс барысында кейбір оқушыларға қолдау көрсетіңіз. Дидактикалық материалдарда берілген үлгәлерді пайдалана алады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу