Шөл даланың мекендеушілері. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Шөл даланың мекендеушілері» тақырыбына арналған сабақта 3.2.1.1

 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаты оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға, қоршаған ортада (табиғатта) мекен ететің тіршілік иелері туралы білімін толықтыруға бағытталған.

 Қажетті материалдар

 Шығармашылық жұмысты орындауға қажетті материалдар: Қаптайтын бұдырлы полиэтилен, таблетка ұяшықтары және басқа материалдар мен текстураны көрсете алатындай қолда бар құралдар (мысалы, ермексаздан мөртабан жасауға болады), поролон жұмсақ сорғыш, гуашь бояу (қажетті консистенцияға жеткенше суға еріту), әртүрлі қылқаламдар, ақ түсті және/немесе түрлі түсті қалың қағаз, қайшы, қарындаш.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Оңтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысы мен Оңтүстік-батысының айтарлықтай бөлігін Қызылқұм мен Мойынқұм шөлдері және сазды, қуаң Бетпақдала алып жатыр. Шөл дала ландшафты әртүрлі: шексіз кеңістік сусымалы құмнан тұрса, кейде құбылмалы құм төбелерден, кейде батпақты төбешік пен ойпаттардан, тіпті бетон тәрізді қатты тақырдан, бетіне соры шыққан жерден тұрады.

 Су тапшылығына бейімделген бүкіл тіршілік иелері түнде, салқын түскен мезгілде, әрекет етеді. Шөл далада кесіртке, жылан, түрлі кеміргіштерден басқа ірі аңдар да мекен етеді. Олар қояндар мен құм тышқандарының жауы – түлкі мен қарсақтар, жабайы дала мысықтары, жүйрік қарақұйрықтар, сілеусіндер. Қаратаудың солтүстігіне қарай, шөл далада, сілеусіндердің кездескені жайлы ғылыми мәліметтер бар.

 Өсімдіктер секілді жануарлар да шөл далада суды үнемдеуді үйренген. Сол жануарлардың бірі – түйе.Оның ағзасы шөл даланың ыстығында ағзадағы суды үнемдеуге қалыптасқан.Түнде шөл далада ауа-райы суытқанда, оның денесіндегі температура 34 градусқа дейін түседі, ал күндіз 40 градусқа дейін көтерілгенімен түйе мүлдем терлемейді. Артық ылғалды май түрінде арқасындағы өркештерінде сақтап, ағзада су мөлшері төмендеген сәтте өркешіндегі май өзінің құрамындағы суды бөледі.Келесі бір су көзін тапқанша ағзадағы ылғалды үнемдеп, түйе бір ішкенде екі жүз литр су іше алады.

 Сабақ барысы

 Шөлде мекен ететің жорғалаушылардың бейнесін көрсетіңіз, олардың терісінің ерекшелігіне, көзге тартымды көрінетін мәнерлі элементтеріне көңіл аударуын сұраңыз (бейне ролик, презентация және т.б.). Ол үшін итернет желісінен алынған бейнероликтерді көрсетуінізге болады (1. Шөлде мекен ететің жануарлар https://www.youtube.com/watch?v=2-9NUpIVCXQ).

 Шығармашылық жұмыста жануарлар терісінің текстурасын, өзіне тән ерекшелігін бейнелеу үшін, эстетикалық және көркемдік шешімін табу үшін қарастырған жануарлардың (жорғалаушылардың) табиғи ерекшеліктеріне, (мысалы, жорғалаушылар терісінде кездесетің декоративті суреттерге) назар аударуларын өтініңіз. Визуалды ақпаратты жақсы қабылдау үшін үлкен көлемдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады.

 Тапсырма №1

 Оқушыларды топқа бөліңіздер. Арасында жорғалаушылар кескіні кездесетің жануарлардың фотосуреттерің таратып беріңіз. Фотосуреттерді қарап және шөл даланы мекендейтін жануарлардың суреттерін оқушыларға іріктеп алуды ұсыныңыз.

 Алдын ала визуалды материалдарды көптеп дайындаңыз: әр географиялық аймақтарда мекендейтін, жануарлар, құстар, тасбақалар, кесірткелер, кеміргіштер, жәндіктердің фотосуреттері, журналдардан иллюстрациялар. Оқушылар осынша көп визуалды материалдардың ішінен дұрысын таңдай алмауы мүмкін. Сондықтан мұғалім оқушыларды бағыттап жетекші сұрақ қойып отырғаны абзал. Мысалы: Бұл жануарлар, құстар мен жәндіктер шөл далада мекендей алады ма?

 Бірнші тапсырмаға аса көп уақыт бөлменіз, тапсырманы тезірек орындау үшін сұрақтарды топтарға бөліп беріңіз. Жауапқа 1 минуттай ғана уақыт беріңіз.

 Тапсырма №2

 Бұл тапсырма оқушыларды бауырмен жорғалаушылардың кескінің жасаудың сан алуан жолдарымен таныстырады, бұл әрекет шығармашылық жұмыстарына арналған жана идеялар құру үшін көмектеседі. Таныстырылымда берілген түрлі тәсілдермен және қолда бар материалдардан жасалған қанатты жәндіктердің суреттері мен модельдерімен танысады. Оқушылардың назарын негізгі идеяның бірі, бауырмен жорғалаушылардың өздеріне тән ерекшеліктерді бейнелеу, бірақ материал мен орындау тәсілдерінің түрліше болғанына аударыңыз. Суреттерді қарап шыққаннан кейін шығармашылық жұмысқа қатысты қандай идеялары туындағанын нақтылаңыз.

 Тапсырма №3

 Оқушылар түрлі материалдар мен түрлі тәсілдерді қолдана отырып, бауырмен жорғалаушылардың кескінің жасап көреді. Оларға шығармашылық ой еркіндігін беріңіз. Материалдармен тәжірибе жасасын, жұмыс жасау материалдарын өздері тандасын. Жануарлардың сыртқы қабатының текстурасын бейнелеудің көптеген балама варианттары бар екендігі туралы мұғалім оқушыларды ескертуі керек. Сондықтан олар бейнелеудің түрлі тәсілдерін қолдана алады, мысалы, жемістердің матрицасынан қағаз бетіне бастырады, бүршікті целлофанмен, мыжылған қағазбен, поролон сорғышпен. Кедір-бұдыр бетті бейнелеу үшін желімді және қағаз майлықты пайдалануға болады. Оқушылар шығармашылық жұмысты жеке орындағандары абзал.

 Сурет салуға икемі жоқ балаларға дайын үлгілерді (шаблондарды) көмек ретінде беруінізге болады. Олар сол үлгілер арқылы бауырмен жорғалаушылардың контурлы суретін сала алады, бұл жұмыс барысын біраз жеңілдетеді және уақытты үнемдейді. Дайын үлгілер №2 дидактикалық материалда берілген.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу