Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, презентация, 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы?

Ғылыми-техникалық прогресстің тарихи кезеңдері

1 сабақ

Оқу мақсаттары:

11.4.2.1 мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдану;

11. 4. 2. 2 - әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін анықтап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;

Бағалау критерийлері:

"Өнеркәсіптік революция" және "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарының анықтамаларын береді»;

Инфографика негізінде ҒТР-дің негізгі 4 ерекшелігін анықтайды.;

Нұсқаулық кестені толтыру арқылы ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерін сипаттайды;

Мәтін бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Ресейдегі өнеркәсіптік революцияның кемінде 3 ерекшелігін анықтайды.;

Аталған елдердегі өнеркәсіптік революцияның дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындайды, кемінде 2 мысал келтіреді

1 Тапсырма Жұп жұмыcы

"Ғылыми-техникалық прогресс" және "ғылыми-техникалық революция"ұғымдарының қалай ерекшеленетіні туралы ойланыңыз. Сабақтың жұмыс парақтарында ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.

       

Ғылыми-техникалық прогресс - бұл қоғамның эволюциялық дамуы болып табылатын өндіргіш күштердің біртіндеп, үдемелі дамуы.

Ғылыми-техникалық революция - бұл ғылыми-техникалық прогрестің салыстырмалы түрде тыныш, серпінді дамуы аясында өршудің бір түрі.

Ғылыми-техникалық революция - бұл ғылымның қоғамның тікелей өндірістік күшіне айналуына негізделген адамзаттың өнімді Күштеріндегі түбегейлі сапалы төңкеріс.

Өздігінен тексеру.

Ұғымдарды ықтимал тұжырымдау

Фронталды жұмыс.

Берілген инфографика негізінде ҒТР-дің негізгі 4 ерекшелігін анықтаңыз. Оларды түсіндіріңіз, * мысалдарыңызды келтіріңіз

Жан-жақтылығы және барлығын қамту.

Өзгерістерді жеделдету

Еңбекті интеллектуалдандыру

Әскери-техникалық бағыт

2 Тапсырма. Топтық жұмыс (4 топ).

Материалды оқып, мәтінді негізге алып, бұрын алынған тарихи білімді

қолдана отырып, кестені толтырыңыз.

Талқылау.

1. Ғылыми-техникалық революцияның әр кезеңінің ерекшеліктері қандай?

2. Топтар ұсынған ғылыми-техникалық революцияның қандай белгілері бар,

ең қызықты көрінді ме?

3. Барлық тапсырмаларды қай топ жақсы орындады?

3 Тапсырма. Топтық жұмыс (4 топ).

Берілген материалды оқып шығыңыз және әр елдегі өнеркәсіптік революцияның кем дегенде 3 ерекшелігін көрсететін А-3 парағында интеллект картасын жасаңыз.

Оқушылармен карта жасау критерийлері

1. Зерттеу мәселесін барынша ашу;

2. Құрылымның сақталуы: зерттелетін ұғым

орталық шеңберге орналастырылған

(...өнеркәсіптік төңкеріс), одан әр түрлі тармақтар

ерекшеліктер; оларданерекшеліктердің мәнін ашатын

екінші ретті тармақтар, мысалдар;

3. Зерттеу тақырыбы бойынша қорытынды.

4. Түсті және көп өлшемді нысандарды белсенді пайдалану;

5. Қағаз парағының кеңістігін барынша пайдалану;

6. Спикердің топтың интеллект картасын логикалық,

нақты ұсынуы.

Топтардың жұмыстарын

презинтациялау.

Талқылау

Осы елдердегі өнеркәсіптік революцияның дамуындағы қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды атап өтуге болады? Ұқсастықтың кем дегенде 2 мысалын және әртүрлі елдердегі айырмашылықтардың 2 мысалын келтіріңіз

Сіз қандай бағалау критерийлеріне қол жеткізгеніңізді белгілеңіз:

 "Өнеркәсіптік революция" және "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарының анықтамаларын береді»;

Инфографика негізінде ҒТР-дің негізгі 4 ерекшелігін анықтайды;

Нұсқаулық кестені толтыру арқылы ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерін сипаттайды;

Мәтін бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Ресейдегі өнеркәсіптік революцияның кемінде 3 ерекшелігін анықтайды;

Аталған елдердегі өнеркәсіптік революцияның дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындайды, кемінде 2 мысал келтіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу