Әлемдік саяси жүйесінің қайта құрылуы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.
Тема: Трансформация әлемдік саяси жүйе.
- Тапсырма: Мәтінді оқып, жауаптарын кестеге жаз
Ялта-Потсдам жүйесі дегеніміз – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ялта(4 — 11 ақпан. 1945) мен Потсдам (1945жыл, 17 маусымнан 2 тамызға дейін) қалаларында өткен конференциялар нәтижесінде бекітілген әлемдік тәртіптің жаңа көрінісі. Аталған жиында халықаралық қатынастың жаңа жүйесі ретінде АҚШ пен КСРО төрелік ететін биполярлы әлемнің негіздері қалыптасқан болатын. Оны кейде «Потсдам дәуірі» деп те атайды. Себебі бұған дейін барша әлем екі мемлекеттің ықпал ету аймақтарына жасанды түрде бөлініп көрген емес. Әлемнің қосполярлы тәртібі тарихта «қырғи-қабақ» соғыс деп аталып кеткен, капиталистік және социалистік лагерьлердің арасындағы текетіреске алып келді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті. Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы. Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа «Қырғи-қабақ соғысы» деген атпен енді. «Қырғи-қабақ» соғысының алғашқы насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді. Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды. Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді. Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ «соғыс жандандырушыларына» қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді.
Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті. 1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді. 1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955 жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта жете алатын еді. Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты. Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы азаматтық соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді. Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады. 1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды. «Қырғи-қабақ» соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды. Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды. Кеңес Одағы Корей Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды. Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары болып Англия мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды. Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды. Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді. Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы жаугершілік мемлекеттерге қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. «Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді» деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына келтіруге бағыт алды. 1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің оккупацияланған аймақтарын Бизонияға (екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы оларға Францияның аймағы қосылды-үштік аймақ-Тризония құрылды. Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады. 1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді. Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ, Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды. 1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді. Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты. Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды. «Қырғи-қабақ» соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды. Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды. 50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ пен Англия өз сынауларын тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы күштердің таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді. Қаруды жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б. Стратегиялық тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады. «Қырғи-қабақ» соғысы тек қана саясатта емес, сонымен қатар мәдениет, спорт облыстарында да жүргізілді. Мысалға 1980 жылы Москвадағы Олимпиадалық ойындарға АҚШ және Батыс Еуропаның көптеген елдері байкот жасады. Оған жауап ретінде келесі 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға Шығыс Еуропа байкот жасады. «Қырғи-қабақ» соғысы кинематографияда да көрініс тапты. Екі жақ та насихаттаушы фильмдерді түсірді. АҚШ та ол: «Крассный рассвет», «Америка», «Рембо первая кровь, часть 2», «Железный орел», «Вторжение в США». КСРО да : «Ночь без милосердия», «Нейтральные воды», «Случай в квадрате 3680», «Одиночное плавание» және т.б. «Қырғи-қабақ соғысына» «Ыстық» ошақтардың үнемі пайда болуы тән болды. Әр бір оңаша жанжалды «Қырғи-қабақ» соғысының қарсыластары оны қолдап отырып, әлемдік аренаға шығарып отырды. Бұл жанжалдарды бәрін және жеке, дара қарастырса, кітап жазуға болар еді. Осы жұмыстың авторлары «Ыстық ошақтарға» қысқаша тоқталып өтті. 80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.
Что означает Ялтинско-Потсдамская система международных отношений? | |
Какие основные задачи ставили участники конференции? | |
Какие изменение произошли в итоги конференции? | |
Что означает биполярная структура? | |
Главные задачи ООН? |
2 – Тапсырма: Жұптық жұмыс. / 3 жұп /
«Жеке қолдау» әдісі
әр түрлі елдердің саяси және экономикалық жүйесінің тиімділігін анықтау
Ялта конференциясы - Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, Гитлерге қарсы коалицияның жоғарғы шенеуніктерінің келесі кездесуі өтті. Көптеген қарама-қайшылықтар болашақ конференцияны өткізуге мүмкіндік берді. Бір нұсқасы Ұлыбритания болды, ол Америка Құрама Штаттарының және Кеңес Одағының эквиваленті болды. Нацистік Афины мен Римнен босатылған Каирде жиналу туралы ұсыныстар болды. Бірақ I.V. Сталин одақтас мемлекеттердің басшылары Германияның біздің елімізге қаншалықты зиян келтіргенін өз көзімен көру үшін жиналысты КСРО аумағында өткізуді талап етті.
Ялта конференциясы 1945 жылы 4 - 11 ақпанда өтті. Осы уақытқа дейін соғыстың нәтижесі белгілі болды. Иосиф Сталиннің, Франклин Рузвельт пен Уинстон Черчилльдің басты назарын бірлескен әскери операцияларды талқылауға емес, нацистік Германия басып алған аумақтардағы жаңа шекараларды анықтауға аударды.
Жаңа шекаралар туралы Сталин, Рузвельт және Черчилль келісімге келді. Польшаның шығыс аймақтарының Керцон сызығына (Батыс Беларусь пен Украина, сондай-ақ Вильнюс өлкесінің) КСРО-ға ауысуы мойындалды. Одақтастар Германияны басып алуға шешім қабылдады. Оның аумағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания, Францияның оккупациялық аймақтарына бөлінді. Ялта конференциясына қатысушылар олардың мызғымас мақсаты - неміс милитаризмі мен нацизмді жою және «Германия енді ешқашан бейбітшілікті бұза алмайды», «барлық неміс қарулы күштерін қарусыздандырып, таратып, неміс бас штабын түбегейлі жоюға» кепілдік беру »деп мәлімдеді. Германияның барлық әскери техникасын тартып алу немесе жою, әскери өндіріс үшін пайдалануға болатын барлық неміс өнеркәсібін жою немесе бақылау; барлық соғыс қылмыскерлерін әділ және тез жазаға тарту; нацистік партияны, нацистік заңдарды, ұйымдар мен мекемелерді жою; нацистік және милитаристік әсерді мемлекеттік мекемелерден, неміс халқының мәдени және экономикалық өмірінен алып тастау ». Сонымен бірге нацизм мен милитаризм жойылғаннан кейін неміс халқы ұлттар қауымдастығынан лайықты орын ала алатындығы баса айтылды.
Конференцияда «Мүдделілік туралы келісімге» қол жеткізілді - Оңтүстік-Шығыс Еуропаның әсер ету салаларына: Греция, Югославия, Румыния, Венгрия, Болгария болып бөліну туралы келісімге қол жеткізілді.
Жапонияға қарсы соғыс басталған жағдайда Кеңес Одағы Сахалин аралының оңтүстік бөлігі мен Куриль аралдарын қосуды талап етуге, Порт Артур мен ЦЭР-ді жалға алуға құқықты алды.
Өтеу туралы мәселені талқылау кезінде одақтастар бұл сома туралы келісе алмады, дегенмен барлық төлемдердің 50% -ын КСРО ең көп зардап шеккен тарап ретінде алады деген шешім қабылданды.
Ялтада «Азат етілген Еуропа туралы декларацияға» қол қойылды. Бұл құжат соғыстан кейін халықтардың егемендікке деген құқығы құрметтелетінін және одақтастар олардың саяси таңдауын ескере отырып, оларға бірігіп көмектесетінін алға тартты.Шындығында, олардың ықпал ету аймағында тараптар өздерінің идеологиялық жағынан жақын күштерін қолдайды және Еуропа Шығыс - социалистік лагерь және Батыс - капитализм лагері болып екіге бөлінді.
Конференцияда тағы бір маңызды шешім қабылданды: мемлекеттердің белгіленген шекаралары мен ықпал ету салаларын сақтауды қамтамасыз ететін халықаралық ұйым құру. Осылайша, жаңа дүниежүзілік соғысты бастау мүмкіндігі жойылады. Бұл ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы - Біріккен Ұлттар Ұйымы деп аталады.
АҚШ, КСРО және Ұлыбритания басшыларының Ялта конференциясы үлкен тарихи мәнге ие болды. Бұл ең ірі халықаралық соғыс кездесулерінің бірі, антигитлерлік коалиция күштерінің ортақ жауға қарсы соғысудағы ынтымақтастығындағы маңызды кезең болды. Конференцияда келісілген шешімдердің қабылдануы мемлекеттердің әртүрлі әлеуметтік жүйелермен ынтымақтастығының мүмкіндігін тағы бір көрсетті. Бұл атомға дейінгі дәуірдің соңғы конференцияларының бірі болды.
Ялтада құрылған биполярлық әлем және Еуропаның шығыс пен батысқа бөлінуі 1980 жылдардың соңына дейін 40 жылдан астам уақыт бойы сақталды.
Потсдам конференциясы-Берлиннің маңында өткен Потсдам конференциясы (1945 жылғы 17 шілде - 2 тамыз), соғыс жылдарындағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының соңғы конференциясы болды. Құрама Штаттарды 12 сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына Гарри Труман ұсынды. Уинстон Черчилль конференциясы кезінде Климент Атли жеңіске жетті, 5 шілдеде Ұлыбританияда өткен сайлауда Черчилль партиясы - Консерваторлар жеңіліп, жаңа Еңбек үкіметі құрылды.
Конференцияның шешіміне сәйкес, шығыс жерлеріне байланысты Германия аумағы 1937 жылмен салыстырғанда 25 пайызға қысқарды. Силезия, Батыс Пруссия және Померания мен Шығыс Пруссияның бір бөлігі Польшаға берілді. Шығыс Пруссияның үшінші бөлігі Коенигсберг қаласымен (1946 жылдан бастап - Калининград) КСРО құрамына кірді. Бұрын анықталған оккупация аймақтарында одақтастар деназификация, демилитаризация, демократияландыру және декартелизация саясатын жүргізуге мәжбүр болды (фашистік Германияның әскери өндірісінің негізін құрған монополияларды жою). Өтемнің мөлшері де анықталды. Германияның біртұтас мемлекет болып қалуы көзделді. Потсдамда, 1945 жылғы Қырым (Ялта) конференциясынан айырмашылығы, Германияны бөлу туралы мәселе қаралмады. Потсдам конференциясының шешімдерінде одақтас державалар «неміс халқын құлдыққа түсіріп, құлатуға ниетті емес» делінген. Нацистік партия жетекшілерін халықаралық трибунал тексеруі керек. Шынында да, 1945 жылдың қарашасында Нюрнбергте халықаралық трибунал жұмыс істей бастады, ол 1946 жылы 1 қарашада нацистік партияның жетекшілерін өлім жазасына кесіп, ұзақ мерзімге түрмеге қамады. Оның 10-ы асылды.
Қызу пікірталастар КСРО-ның Оңтүстікте өз ықпалын кеңейту туралы талабын қоздырды. Түркияға қарсы территориялық талаптарды және Босфор мен Дарданеллдегі Кеңес Одағы үшін қолайлы режимнің талаптарын Британия мен Америка тараптары қолдамады.
Потсдамдағы келіссөздер одақтастар арасындағы келіспеушіліктер жиі пайда бола бастағанын көрсетті, соған қарамастан оларды ымыраға келтіру арқылы шешу мүмкіндігі қалды. Мұндай тәсіл соғыстан кейінгі әлемдегі әртүрлі әлеуметтік-саяси жүйелері бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің мүдделеріне сай болғаны сөзсіз. Алайда, Потсдам конференциясында болашақ қауіпсіздік идеясын түбегейлі өзгерткен жаңа фактор пайда болды - американдық атом бомбасын сәтті сынау. 24 шілдеде Сталинмен сөйлескен кезде Труман Құрама Штаттар бұрын-соңды болмаған деструктивті күштің жаңа қаруларына ие болды. (16 шілдеде әлемдегі алғашқы ядролық сынақ Нью-Мексико штатында өтті.) Сталин бұл оқиғаның мәнін түсінбеді деп уәде берді, дегенмен ол американдық ядролық жоба туралы біліп, осындай өзгерістерге қатысқан кеңес ғалымдарын мәжбүр етті. Атом қаруын қолдану екі мақсатты көздеді - бір жағынан, Жапонияға соғыс жалғаса берсе не болатынын көрсету, екінші жағынан Кеңес Одағының алдында американдық күшті көрсету, бұл оны кең халықаралық мәселелер бойынша американдық көзқараспен келісуге итермелеуі мүмкін.
Германияның кейбір бұрынғы одақтастарымен бейбіт келіссөзді талқылау кезінде қатты үйкеліс туындады. Кеңес тарабы КСРО-ның Жапонияға қарсы соғысқа қатысу міндеттемесін растады (КСРО соғысқа 1945 жылы 9 тамызда кірді).
Потсдам конференциясының тағы бір маңызды нәтижесі әлемде деколонизация басталды. Нәсілдік теориялардың барлық түрлері жаңа жағдайларда орынсыз болып саналады. Әлем демократияландыру мен прогресс жолында мүлдем басқа бағытта өзгере бастады. Ішінара әлеуметтік теңдік қағидаттары іске асырыла бастады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру