Мәдениеттер диалогі. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.
Еуропалық Одақ және Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығы
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің қатысуымен 1993 ж. құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951 ж. осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 ж. Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым «Ортақ рынок» деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 ж. құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа — Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987 ж.), Маастрихт келісім шартында (1992 ж.) және Амстердам келісімінде (1997 ж.) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісінде әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиетті бекіткен бірегей еуро (1996 ж. дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 ж. бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылды. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. Қазақстаның сыртқы саясатында Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы халыққа арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында сыртқы саясатқа да ерекше маңызды орын беріп, «Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясатты дамыту және әлемдік қатерлерге қарсы күреске қатысу» деп аталған бөлімде — «біз үшін басым болып табылатын Ресей және Қытаймен арадағы тату көршілік өзара қарым-қатынастарымыздан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Еуропа Одағы елдерімен көп тарапты ынтымақтастықты дамытуға мүдделігіміз бен бұл бағыттағы практикалық қадамдарымыз айқын көрінеді» -деп атап көрсеткен .
Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/2399© e-history.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру