Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 18.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7.3.2.3 - отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | Өткен кезеңмен салыстырғанда тарихи оқиғаларды талдап, өзгерістердің мәнін анықтау | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| ұқсастық пен айырмашылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: сипай,үндіс,каста,патрон Бүлік,сикх,тікелей басқару,Тәуелсіздік үшін Бірінші соғыс. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Біз ... жайлы пайымдауды ... атты тақырыпша астында қоюды ұйғардық. Түсіндіретін болсақ, ... Менің ойымша, ... британ билігінің артықшылығы/кемшілігі болып табылады, себебі, ... Жалпы, менің ойымша, дүниежүзілік отаршыл жүйе ... салдары болды.. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Үндіқытай) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушылар 8 сыныпта өткенҮндістан жайлы қысқаша ақпаратты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-5 | БЫМ/ Б ) Оқушыларға әлемдік отарлау жүйесінің картасын көрсетіп, сұрақтарды талқылаңыз: - әлемнің отарлық жүйесі қалыптасуына қандай себептер орын алды? - Мемлекеттердің экономикалық және саяси даму деңгейі оларды отарға айналдырады ма? Оқушылардың пікірлерін тыңдап, оларды жоққа шығармай тыңдаңыз. Оқушыларға әлемдік отаршылдық жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен себептерін зерттейтінін түсіндіріңіз. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 5-15 15-25 25-30 30-35 35-40 | Б Уақыт сызығын пайдаланып, оқушыларға отарлау жүйесінің 1 кезеңі туралы сұрақтарға жауап беруді сұраңыз. 1. Олар қашан басталды? 2. Жаңа дәуірде қандай елдер алғаш рет отарлауды бастады? 2. Олар қайда пайда болды? 3. Отаршылдықтың кеңеюіне не себеп болды? 4. Нәтижелер қандай болды? Ақпараттық мәтінді таратыңыз (Қосымша 1) Дескрипторлар: - кезеңді атайды. - қатысушылар мен кем дегенде үш себеп анықталады. -нәтижесін анықтайды. Б Жалпысыныптық талқылау. Жауаптарды Қосымша 2 берілген кестеге түсіріңіз. Т талқылауға арналған сұрақтар: 1. Отаршылдық жүйесін қалыптастырудың келесі кезеңі қашан басталды? 2. Осы кезеңдерде қандай елдер кірді? 3. Бұл үдеріске қандай аймақтар қатысты? 4. Әр кезеңде отаршылдықтың кеңеюіне не себеп болды? 5. Кезеңдерде қандай нәтижелер болды? Дескриптор: - оқушылар отарлау жүйесінің қалыптасуының кем дегенде 2 кезеңін анықтайды; - оқушылар қатысушыларды, кем дегенде 3 себептер мен нәтижесін анықтайды. Б Жалпысыныптық талқылау. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аудартыңыз. Оқушылардың жауаптарын салыстыру мен толықтыру мақсатында мәтінді таратыңыз (Қосымша 3). Б Оқушылар келесі сұрақтар төңірегінде ойлануды сұраңыз: - неліктен мемлекеттер отарларды иемдене бастады? - отар мемлекеттер үшін тартыс неге әкелуі мүмкін? -метрополиялардың отарларға әсері қандай болды? Тек теріс әсері болуы мүмкін бе? - мемлекеттер «жабық есік» саясатын ұстанып, жеке дара дами алады ма? Б Жалпысыныптық талқылау. | Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Сөйлемдерді жалғастырыңыз: • Бүгін мен ... • ... қиын болды • Мен түсіндім ... • Мен қалаймын ... | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау; 7.3.2.3 - отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау . Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру