Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

8 СЫНЫП, САБАҚ 8.15.2

 VІІ бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері

 Сабақ тақырыбы: Италия және Германияның бірігу жолдары қаншалықты бір-біріне ұқсас болмады?

 Оқу мақсаттары:

 7.3.1.4 - әртүрлі елдердің бір уақыт кезеңіндегі тарихи оқиғаларын салыстыру арқылы ұлттық мемлекеттердің (Италия, Германия) қалыптасу маңызын анықтау;

 7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық

Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар

 

 Германия мен Италияның бірігулерінің ұқсастықтары:

 1. Елдің бытыранқылығы екі елдің одан әрі дамуына кедергі келтірді.

 2. Екі мемлекеттің басқа мемлекеттің ықпалында болуы: Германия - Австрияның, ал Италия - Австрия, Франция, Испанияның.

 3. Ұлттық мемлекет құрудың аяқталуы бір уақытта орнатылды: 1870 жылы - Италияда, Германияда - 1871 жылы.

 4. Бұл елдердің бірігіуі Ағартушылық дәуірі идеясының әсерінің нәтижесінде жүзеге асты: ұлттардың еркіндігі, абсолютизмнің тираниясын жою, ұлттық буржуазияның азаматтық құқықтардың кеңеюі.

 

Германия мен Италияны бірігу үдерісіндегі айырмашылықтар:

  • Германияны «жоғарыдан» бірігуі, соғыс және Пруссия жүргізген реформалар арқылы. Италияны бірігуі «төменнен» (революциялық жолмен) және үкімет тарапынан «жоғарыдан» (реформалық жолмен) қолдауымен ұлттық азаттық күрес арқылы өрнатылды .
  • Германиядағы бірігу процесінің басты қатысушылары буржуазияның, халық бұқарасының, либералды феодалдардың және буржуазияның қолдауымен пруссиялық жер иелері болды.
  • Италияда XIX ғ. басында карбонарийлердің жасырын революциялық қоғамдары құрылды, олардың мақсаты: елді азат ету және біріктіру болды.

Біріктірудің себептері:

Германия

Италия

Экономикалық себептері:

1.Конфедерация- мемлекеттерінде жалпы заңнамалық, атқарушы және сот органдарының, бірыңғай армия мен салық жүйесінің, экономикалық дамуына кедергі келтірген бірыңғай мемлекеттік бюджеттің болмауы.

2.Буржуазия бірыңғай нарықтарға мұқтаж болғандықтан, ол феодалдық жүйе мен қоғамның мүліктік құрылымымен қиындады.

1. Солтүстік және Оңтүстік Италия арасында маңызды айырмашылықтар болды

2.Буржуазия бірыңғай нарыққа мұқтаж болды, оған феодалдық жүйе мен қоғамның сословиелік құрылымы кедергі жасады.

Саяси

себептері

1. Вена конгресінің шешімі бойынша Германия 38 елге бөлінді.

2. Германияның басым бөлігі өзінің мықты көршісі - Австрия империясының ықпалында болды. Осы аймақтар Германияның бірігіп, неміс тілінде сөйлейтін барлық адамдардарды біріктіретін мемлекеттің құрылуына қызығушылық танытпады.

1. Италия 10 мемлекетке бөлінді

2. Итальяндықтардың басым бөлігі Италияның бірігуіне қарсы болған мықты көршісі - Австрия империясының ықпалында болды.

Әлеуметтік себептер

1. Германиядағы адамдардың басым бөлігі ең алдымен неміс ұлтық идеясын емес, олар туған елді мекеннің мүддесін ұстанады.

2. Әрбір мемлекетте өз дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен диалектілері болды.

3. Неміс ұлтшылдары немістерге тиесілі деп санаған жерлерде басқа тілдерде (мысалы, полякша) сөйлейтін азшылықтармен қалай күресуге болатынын білмеді.

1. Әрбір мемлекетте өз дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен диалектілері болды.

2. Итальяндық ортақ тілі жоқ еді.

3. Италиядағы адамдардың көпшілігі, ең алдымен, итальяндықтардың идеясын емес, туған жердің мүддесін ұстанды.

4. Ұлтшылдықтар итальяндықтардың басым көпшілігін құрайтын шаруалар емес, көбінесе студенттер мен аздаған аристократтар, орта және жұмысшы табының өкілдері болды.

5. Рим папасына адал католиктер оның тәуелсіз мемлекеттің билеушісі мәртебесінің жоғалтқанын қаламады.

Сұраққа жауап берініз: Ұқсас себептері қандай?

Жауап: Мемлекеттің бытыранқылығы, күшті көрші мемлекеттің ықпалы, ұлттық бірлік болмауы, біртұтас экономикалық саясаттың болмауы, феодалдық қатынастар және ескірген басқару жүйесі капиталистік дамуға кедергі жасады. Екі елде де ұлтшылдық идеология күшейе түсті, халық бірыңғай ұлт болуға ұмтыла бастады.

Сұраққа жауап берініз: Түрлі елдердегі тарихи оқиғалардың себептерінің ұқсастығы осы себептерден туындаған оқиғалардың ұқсастығына әкелуі мүмкін деп ойлайсыңдар ма?

Жауап: Себептердің ұқсастығы түрлі елдерде ұқсас тарихи оқиғалардың көп болуына әкеледі. Мысалы, барлық еуропалық елдерге ортақ революцияның себептері, буржуаздық революциялардың себептері, отарларды жаулап алу үдерісінің себептері және аграрлық экономика басым болған Шығыс елдерінің әлсіреу себептерін осының дәлел ретінде келтіруге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу